КТК туралы

Коммерциялық телевизиялық арна эфирге тұңғыш рет 1991 жылдың ақпан айында шықты. Осы уақыт ішінде ұлтттық таратылым мәртебесіне ие болып,  Қазақстандағы  рынокта көшбасшы телеарна атанды.  

КТК тарихы:

Қазақстанда 1990 жылдың 2 қарашасында алғашқы жекеменшік телеарна - – Коммерциялық телевизиялық арна тіркелді. Оның негізін салған  - Изя Эйнехович Фидель.

Посткеңістікте Горбачевтің қайта құруы мен жаппай бейберекетсіздіктен мезі болған кезең еді.  Азық-түлік тапшылығы, ұзын-сонар кезекте тұрған тұрғындар, алғашқы импорт тауарлар, алғашқы жекеменшік фирмалар, жеке кәсіпке бойсұнған жас кәсіпкерлер. Мәскеулік телеарналар жылдам жаңғыртылып,  ал қазақстандық мемлекеттік арналар өзгерістерді қабылдап үлгере алмай жатқан кезең.  Атам заманғы бағдарламалар, Кеңес дәуірінде түсірілген фильмдер, ресми, құрғақ ақпарат.  КСРО-да азық-түлік пен тауар тапшылығы.  Жалақыны жалпиған кең сөмкелерге салып алатын. Ал ақшаң болса, оны қайда жұмсап, не сатып аларыңды білмейсің. Виктор Цойдың 1986 жылы жазған «Мы ждем перемен!»  әні өзектілігімен ерекшеленетін. Саудасы қызған дүңгіршектерде  С.Сталлоне, Жан Клод Ван Дамм, А. Шварценеггер, Чак Норристердің атыс-шабыс фильмдері қаптап кеткен.  Тап сол кезде телевизияның қас маманы Изя Фидель  елімізде тұңғыш жекеменшік телеарнаны тіркеді. Бұл жалпы қазақстандық көрермендер үшін жаңаша өзгеріс, жаңа леп болды. 

 

1991- жылы 22 қаңтарда қолданымда жүрген 1961 жылғы 50 және 100 сомдықтарды алдыртып тастау және ауыстыру туралы МихаилГорбачевтің Бұйрығы  күшіне енді. Ақшаны тәркілеу реформасының бастамашысы КСРО қаржы министрі Валентин Павлов болатын.  Сарапшылардың айтуынша, халық арасында «Павлов реформасы» деп аталған  қаржы  шарасы  КСРО азаматтарының одақ басшылығына деген сенімін жоғалтты. (Уикипедия материалы).Бір айдан соң, 20 ақпанда Алматы қаласында «КТК» телеарнасы  таратылымын бастады. Тура сағат 17:00-де эфирге шыққан жаңа телеарна  кодтық болатын. Бастапқыда бағдарламалар тек шетел фильмдері, диснейлік мультфильмдер мен көңіл  көтеретін шетелдік бағдарламалардан тұратын. Жаңа арна көрермендердің көңілінен шықты! Бас режиссер Александр Колесников (Канада) былай деп есіне алады: Декодерлер әлі есімде. Жұрт жаппай ұзын-сонар кезекке тұрып декодер сатып ала бастады.Сол кездегі алғашқы есепшіміз Вера Николаевна Сергеева жалғыз өзі үлгере алмай, демалыс күндері бүкіл КТК ұжымы оған жабылып көмектесетін. Таңнан кешке дейін декодерді орнату туралы өтініш қабылдаған еді. Жиналған қаржы едәуір соманы құрады, шамамен 1.8 миллион рубль! Қызығы сол, бір жарым аптадан соң ешқандай кодтаусыз-ақ «Таң» телеарнасы таратылымын бастады. Бірақ біздің артықшылығымыз  - метрлік диапазон болды, ал «Таң»  - ДМВ, сол себепті халық бізге легімен келді».

 

 

Сату-сатып алу хабарландырулары туралы  Динара Егеубаеваның  алғашқы «Частное лицо» бағдарламасы жарық көрді. "Коммерческий вестник", Телевизионные Неофициальные Новости  бағдарламаларын  Игорь Денисов, Андрей Зубов, Евгения Сакенова, Сергей Ванкевич, Лариса Коковинец жүргізді. Дмитрий Бациев: “Олар Қазақстандағы бейресми ақпараттың пионерлері еді. Оларды көшеде көрсе, жұрт бірден танитын».  "ТНН", "Частное лицо" және  "Коммерческий вестник" өте танымал болды. Аталмыш бағдарламалардың жүргізушілері Алматы тұрғындарының жұлдызына айналды. Бірақ уақыттан соң эфирге  «ФНК: Факты, Новости, Комментарии» деген атпен күнделікті ақпараттық бағдарламалар жарық көрді.  Бас редакторы - Олег Кациев. Бұл командаға болашақ отандық журналистиканың шеберлері Дмитрий Бациев, Сергей Туник, Денис Царев, Виктор Климов келіп қосылды.  Кеңес Одағының құлдырауына 9 ай қалған болатын. 

 1992 жыл – КТК  кодтық сигналды тоқтатып,  күні бойы көрсететін толық таратылымға ауысты. Шығармашылық ұжым тәжірибесін тоқтатпады. Жаңа бағдарламалар пайда болды: Лика Фидельдің жүргізуімен  «Музыкальный подарок»,  Игорь Пискуновтың жүргізуімен  әзіл-сықақты  «Мальчиш-плохиш».  Көрермендер керемет қарсы алды! Жақын адамын эфирде құттықтау үшін жұрт ұзын-сонар кезекте тұрып, ақша төлеуден тайынбады. 

1993 жыл – ТНН жаңалықтарының орнына  «Вечерние новости» келді. Жүргізушілері Сергей Пономарев, Вадим Вдовин, Андрей Прокопьев. Команданың басты ұраны:  «Біз үшін «қарапайым»  адам жоқ!», репортерлар  «төртінші биліктің»  күшін көрсетуге жанын салды.

Алматылықтар әділеттік үшін күрескерлердің жаңа бейнесін қошаметпен қарсы алды.  Қала тұрғындары өздерінің телеарнаның журналистеріне мұң-мұқтажын айтып, редакцияға хаттар легімен келіп жатты. 

« Черный Ящик» деген атаумен  апта сайынғы ақпараттық-көңіл-көтеретін бағдарлама жарық көрді. Геннадий Власовтың басқаруымен  жүргізушісі Андрей Сухоногин болды. 

КТК эфирінде  ресейлік «ТВ-6» арнасы бағдарламаларының  ретрансляциясымен  «Семейный канал» ашылды. Және де Ирина  Кациева мен Мұхтар Исмаиловтың дайындауымен

меншікті бағдарламалар да жарық көрді.   

 

1994-1996жж – Вадим Вдовин мен Сергей Пономаревтің Қазақстандағы тұңғыш таңғы бағдарламасы  «Здравствуйте!» (1994-1996)  аз уақыт ішінде көрермендердің  көзайымына  айналды. Қызық жәйттер де орын алған кездер болды. Мәселен, 1 сәуір – Күлкі күніне арналған Наиля Шамшутдинованың жылдам өсіп шығатын «макарон сатылымға шықты» деген  әзіл сюжетіне жұрт сеніп қалып, таңнан кешке дейін «макаронның дәнін қайдан сатып алуға болады?»  деген сұрақпен редакция  телефонына маза бермеді.

Рита Жүгінісованың авторлығымен ұлтаралық, конфессияаралық ынтымақтастық туралы «Дорога к храму» бағдарламасы эфирге шықты. «Жер бетіндегі адамдар әр түрлі  болғанымен, алауыздық болмауы керек», - бағдарламаның тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні осыған саяды. Жобаны көрермендер сүйсіне қарады. Ол кезде телевизиялық бағдарламалардың рейтингісін анықтайтын құрал болған жоқ. Рейтинг көрсеткіші  - редакцияға соғылған қоңыраулар мен хаттар. КТК-ға күндіз-түні үздіксіз қоңырау соғылып жатты. Көрермендер өз қуанышымен, қайғысымен бөлісіп, көңілінен шыққан бағдарламаға алғысын жаудырумен болды.   

Ирина Лушинаның «Наш семейный доктор» жобасы  мыңдаған алматылықтардың сүйікті бағдарламасына айналды. Вадим Вдовиннің  «Беседка» бомонд-шоуы көркемдікті бағалай білетін жандарға арналды. Жұлдыздар мен танымал тұлғалармен кездесу шоуын (1995-1998ж) көрермендер қызығып тамашалады.

Аталмыш жылдары қатарынан бірнеше жобалар жарық көрді. Балаларға арналған танымдық  «Зооазбука» бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Журавлева, ал режиссері Андрей Кизилов.

«Мистер Х» - саясаткерлер мен танымал тұлғалардың сұқбаты. Жүргізушісі  Сергей Волков, кейінірек Вадим Вдовин жүргізді. КТК телеарнасына сұқбат беру үлкен құрмет болып саналды, сондықтан журналистерге  кейіпкер табу қиын болмады.   

Марк Ждановтың «Тревожная зона» қылмыс хроникасы жобасының басшысы Валерий Тараканов: «Әлі есімде, бірде қылмыскердің түр-сипатына болжау ұсындық. Сол-ақ екен, эфир аяқталмай жатып редакцияға бір адам телефон соғып: «Жылдам жетіңіздер, біздің ауламызда сіздер суреттеген адамға ұқсас біреулер жүр» деп айтты. Дереу жедел топқа хабарлай қойдық. Олар да үлгерді. Расында да ол адам біз суреттеген күдіктінің  «клиенті» боп шықты, тіпті көлігінің жүк салғышынан өлген адамның денесі табылды. Мінеки, осылай жұмыс істедік. Көрермендер бізге үлкен сеніммен қарады».

Эфирге Вадим Вдовиннің апта сайынғы  «Жизнь страны» сараптама бағдарламасы шықты. Ол кейіннен шыққан «Портрета недели» бағдарламасының алғышарты болатын.  «ФНК: Факты, Новости, Комментарии» отандық ең үздік ақпараттық бағдарлама атына ие болып,   «DALA» продюсерлік орталығының Дипломымен марапатталды. 

1996 жылы КТК таратылымы арнасын кеңейтті. Телеарна жаңа айналымға шықты.  Енді КТК-ны астанадан бөлек республиканың басқа қалалаларында да тамашалай бастады. КТК және Караван газеті холдинг болып біріктірілді:

« 23- қыркүйекте "Караван" АҚ-ның президенті Борис ГИЛЛЕР мен КТК телернасының президенті Изя Фидель  "Караванның" кеңсесінде «Караван» акционерлік қоғамының КТК телеарнасы акцияларының бақылау пакетін сатып алғанына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.  Гиллер мырза  «КТК» аты солай қалатынын,  тек толығынан: «Коммерческий телеканал "Каравана» болып сәл өзгеріс енгізілетінін қадап айтты.  КТК-ға байланысты Гиллер мырзаның болашақ жоспарында ресейлік телеарналармен етене жақын қызмет ететінін,  сондай-ақ қожайынын ауыстырған телеарнаның мекен-жайы да ауысатынын жеткізді. Борис Гиллер  "КТК" арнасының техникалық құрал-жабдықтары да жаңартылатынын айтып өтті. («Панорама» газетінен, 1996 жылдың қыркүйек айы)

 

 «КТК» арнасында меншікті бағдарламалар өндірісінің жаңа дәуірі басталды:  «Другие берега», «Свободный микрофон». Вадим Вдовиннің естелігінен: «бағдарламаны Маша Кислицина (Ресей) жүргізді,  ал ойлап тапқан, қателеспесем, Игорь Мельцер. Машаның өзімен алып жүретін ішінде микрофоны мен камера орнатлған кабинасы болды. Өз арамызда оны «сортир» деп атайтынбыз. Сол кабинаны Арбатқа (Жібек жолы) орнатып қойдық. Ішіне кез келген адам кіріп, ойындағысын айтатын. Сосын жазылған материалдар эфиге жіберілетін.»;  жаңалықтар бағдарламасы кеңейтіліп,  «Городские новости» деген күн сайынғы жоба ашылды. Бас редакторы Андрей Прокопьев.

Караван және КТК-ның алғашқы бесжылдық мерейтойында қызметкерлер газеттің эмблемасы – алтын және күміс бота төсбелгісімен марапатталды. Эфирге В.Вдовиннің  «Комментарий дня» (1995-1997), сонымен қатар  әлеуметтік-саяси «Прямой разговор»,  Дмитрий Бациевтің жетекшілігімен  Своя неделя» бағдарламалары тікелей эфирге шықты.  Дмитрий: «Бізді  «финиктер» деп атап кетті». 

1997 год –  «Кодекс» - қылмыс хроникасы бағдарламасы, жетекшісі Валерий Тараканов, «Доктор Секс», реж. А.Кизилов, Ирина Кациеваның күн пікірі «Между строк», Галина Ефимованың лирикалық кезеңі - «Такая жизнь»,  Анна Матағанованың (Канада)  «Автокараван» бағдарламалары жарыққа шықты. Анна Матағанова:  Автокараванды 1997 жылы біздің продюсеріміз -  милиция подполковнигі   Ольга Ивановна Пташкина мен Григории Брейгин  жасады. Жүргізушісі қыз бала болғаны жөн деп шешіп, мені шақырды. Бастапқыда Сережа Тонкихпен қатар жүргіздім, кейін Леон Костевич келді, онымен 2000 жылдың аяғына дейін жұмыс істедік, сосын мен Канадаға кеттіп қалдым.  Айтпақшы, бір жылдан соң үйіме оралғанда  қаладағы таксистер мені тегін тасыды. Барлығы мені ұмытпапты, қайда жоғалып кеткенімді сұрайтын. Бір кездері бағдарламаны мәтіндерін Вадим Борейко редакциялады. Ол сюжеттегі мәтіннің кіріспесін ерекше жерлердегі түсірілімнен басталғанын ұнатататын. Сөйтіп біз өткен ғасырдағы ретро көлік туралы сюжетімізде ( шынымды айтсам, қазір сол көліктің  атын ұмытып қалыппын), бірақ  жұрт арасында оны «козел за резвость» деп атайтын. Борейко  ешкімен түскенімізді талап етті. Пташкина  қаланың шетіндегі базарда қожайынымен келісіп бір ешкі тапты. Сосын мен  ешкінің қасында тұрып   түсірілімді бастап кеттік. Тап сол  сәтте әлгі ешкіміз  секіріп қап, қаша жөнелгені. Қожайыны тұра жүгірді. Жиналған жұрт бізге қарап тұр. Текесі  үшін  бізді өлтіріп тастамаса  жарар еді деп  үрейім ұшты. Не істерімізді білмей бір-бірімізге мелшиіп қалдық. Түсірілім тобымыз, мал сатып жүрген адамдар – бәрі меңірейіп қарап тұр. 

Сол сәтте  Ольга Ивановна  Пташкина бізге бұрылып:  ал енді, қарап тұрмай басқа ешкі іздейік, - деп жымиды. Сонда есімізді жидық. Ал қашып кеткен ешкінің не болғанын сол күйі білмеймін.

Жамбыл Жабаев атындағы мұражайдың қасындағы түсірілімде де қойымыз қашып кеткен болатын.  Онда біз бір ақынның ескі көлігі жайлы сюжет түсірдік. Әлгі қой мені  теуіп қап құлатты да, қаша жөнелді. Шынымды айтсам, қойдың сондай қатты жылдамдықпен жүгіретінін білмеппін. 

Эфирге тұңғыш рет аптаның қорытынды бағдарламасы  «Портрет недели» шықты.  Идея авторы және жүргізушісі – Михаил Устюгов. Бастапқы жүргізуші – Феликс Габитов.   Жоба бірінші шығарылыман-ақ танымал болды.  Кейін жүргізушілері ауысып отырды: Татьяна Серова, Андрей Прокопьев, Михаил Дорофеев, Андрей Антоненко, Сергей Волков. Бағдарламаның ерекшелігі  шығарылымның соңында  көрсетілетін клип болатын. 

Телеарнаға болашақ жұлдыз Оксана Василенко келді. Ол бірден көрермендердің көзайымына айналды. «Ол кезде мен  «Караванда  жұмыс істеп жүрген едім. Жаңажылдық мерекелерден соң редакцияға келсем, әріптестерім: «Мында не істеп жүрсің? Сені КТК-ға ауыстырып жіберген»  деді. Телеарнаның редакциясы ол кезде Тимирязев көшесінде орналасқан. Сол жаққа бардым. Тілші болып жұмыс істей бастады».  Сол жылы Оксана  жаңалықтар жүргізушісі болды. 10 жылдан астам жаңалықтарды жүргізді.  

1998 жыл –  КТК  өзінің «Бәрі халық үшін» деген ішкі саясатына берік болды. Осы толқында жаңа әлеуметтік  «Неотложка» бағдарламасы дүниеге келді. Оның тұрақты жүргізушісі Флора Алиева: «Жоба әлеуметтің ең өзекті тақырыптарын қамтыды. Мыңдаған мұқтаж адамдардың әлеуметтік жағдайын көрсеттік. Эфирде мыңдаған мұқтаж жандардың нашар  тұрмысы көрсетіліп, қоғам мүшелерінің тарапынан көмек көрсетілді. Осы бағдарламаның арқасында қаншама балаға қымбат ота жасалды, тастанды балалар, жалғызбасты қариялар, көп балалы аналардың алғысына ие болдық. Бағдарламада көрсетілген әр кейіпкер жәрдемсіз қалған жоқ. Шиеттей екі немересімен қалған 90 жастағы кейуанаға телекөрермендер жабылып ақша жинап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жиналған азық-түлікті орналастыру үшін қарияға, тіпті, бөлмесін жиһаздардан босатуға тура келді. Бір жылға жетті ол тағамдар. Ал Қапшағайда тұратын екі жастағы Максим туралы сюжеттен соң, жұрт  қаражат жинап 20 мың АҚШ доллар)  Мәскеуде ота жасалды.  «Неотложка» эфирге  сегіз жыл бойы шығып тұрды. (1998-2006).  Әрине, кез келген телевизиялық жобаның шығуы мен аяқталуы – заңды құбылыс. Бұл бағдарлама жабылса да, редакцияға көптеген адамдар көмек сұрап, қол ұшын бергісі келетіндер де хабарласып тұрды. Ал Максимнің анасы күні-бүгінге дейін КТК тілшілерін мереке сайын телефон шалып  құттықтап тұрады. Ия, сондай бағдарлама болған. Әлі де болады. Болғаны жақсы!».

 2005 жылы бағдарламаға Оксана Василенко келді.

Күнделікті ақпарат таратушы қазақ тілде жаңалықтар  «Күндерек» эфирге шықты. “Кинопроектор»  (1998-2009)- Ольга Артамонованың апта сайын шығатын авторлық бағдарламасы. 

Бағдарлама қауым жұртқа арналған.

Автор көрермендерді кинематографияның әр түрлі бағыты, стилі, жанрымен таныстырып,  ретроспекцияны, киноның теориясы мен тарихына шолу жасады. Сондай-ақ, кино мэтрлерінің өмірбаянымен таныстырып, әлемнің үздік туындылары, шетелдік, Кеңестік, посткеңестік классикалық фильмдердің түсірілу, дүниеге келу тарихын баяндады. Ал соңғы шығарылымдарда автор көрермендер көзайымына айналған кинотуындылар мен оның режиссерлері туралы толық мағлұмат беріп отырды.

Ольга Артамонова – білікті кинотанушы. 1994 жылы әйгілі ВГИК-тің сценарлық-кинотану факультетін тәмамдаған. Қазақстандық телевизияда 17 жыл қызмет істеп келеді. Оның шығармашылық мұрағатында  «Вектор-7» (КТК, 1998 ж.), және «Навигатор» (КТК, 1999-2000) туындылары бар. «Кинопроектор» бағдарламасы  КТК эфиріне 2000 жылдан бастап шықты. 

Детектив-клуб – көңіл-көтеруге арналған жоба. Бағдарламаның идеясын сценаришілер Рашид Гарипов, Владимир Кадырбаев пен режиссер Андрея Кизилов ұсынды. Олар, сондай-ақ, әсерлі де, қызықты детектив-шоу «Пестрая лентаның» сценариін дайындады.

Наиля Шамшутдинова: «Бұл жоба эфирде ұзақ «өмір сүрді». Біраз үзілістен соң негізін қалаған авторлары  маған тапсырды. Әрине, мен өз тарапымнан өзгерістер енгіздім. Көрермендердің есінде шығар, жоба «Детектив-клуб» деп аталды. Мәнісі: оқыс оқиға орын алып, оны бірінші кезекте  - көрермен, сосын жергілікті Шерлок  Холмс және доктор  Ватсон қылмысты ашуы тиіс. Михаил Токарев пен Олег  Бирючев рөлдерін керемет сомдады. Бас детектив пен оның аңғал көмекшісі  бір серияның ішінде қылмысты ашып үлгеруі тиіс. Ал қылмыскер үлкен бір қателік жіберіп отырады. Көрерменге қойылатын талап: қылмыскер жіберген қателікті  жіті қадағалап, пейджерге жылдам хабар беру. Байқаған боларсыз, сайтта осы жолдарды оқып отырған адам аталмыш бағдарламаның қаншалықты «көне дәуірде» болғанын түсінген болар. Сонымен, алғаш қоңырау шалған үш адамды студияға шақырып, оларға тағы да бір серия көрсетіледі. Бірінші жауап беретін адамды жеребе арқылы анықтады. Дұрыс жауапты бірінші боп тапқан адамға сыйлық берілді

1999 жылы телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды. 

  «Лаборатория парадоксов», авторы мен жүргізушісі Павел Грудницкий.

2000 жылы – «Вечерние новости» «КТК»  жаңалықты әділ және риясыз таратқаны үшін  «Алтын Жұлдыз» сыйлығымен марапатталды. 

   

Ал «Портрет Недели» бағдарламасына жаңа жүргізуші - Артур Платонов келді. 

Қадыржан Забих және Срайыл Смайылдың жетекшілігімен мемлекеттік тілде ақпараттық-сараптамалық «Шарайна» бағдарламасы жарық көрді.

Мадина Абдрашитованың жетекшілігімен шетелдік жұлдыздар өмірінен  «Шоу-Бум!»  жобасы және  Ақмарал Аймұрзинаның  "Алақай" бағдарламасы  эфирге шықты

2001 жылы – КТК арнасының бренді жаңартылды.  КТК-ның арт-директоры Тимур Абдусадыков телеарнаның жаңа логотипін дүниеге әкелді.   

Эфирде Инна Рудакованың  «Время покажет» авторлық жобасы  (2001-2004) ,  Наиля Шамшутдинова мен режиссер Андрей Кизиловтің әзіл-сықақ  «Толобайки», авторы және жүргізушісі  Павел Грудницкий, реж. Вадим Шклярдің  «Nota Bene» бағдарламалары жарық көрді. Осы жылы КТК  "Кто возьмет миллион?" шоуын ұсынды.  Әйгілі  ағылшындық  "Celador " компаниясының лицензиясымен шығарылған бұл жоба қазақстандық ТВ-да жарық көрген тұңғыш әлемдік деңгейдегі көңіл-көтеретін  теле-шоу болды. 

Жыл сайын өткізіліп тұратын республикалық «Жыл таңдауы» байқауында «КТК» - отандық ең үздік телеарна атағына ие болып, алтын төсбелгімен марапатталды. 

2002 жыл – «КТК» отандық ең үздік телеарна марапатына екінші рет ие болып, «Жыл таңдауы» байқауында жеңімпаз атанды. 


Эфирге қазақ тілінде  “Ел-Жұрт”,  бағдарламасы шықты. Авторы Гүл Баяндина мен жүргізушісі Ербол Байқоңыров. 2002 жылы тамыз айында жарық көрген апталық-сараптамалық «Ел-жұрт» бағдарламасының ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Бір жылдан кейін «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

“Қылмыс-Ақпарат”  күн сайын шығарылып тұратын ақпараттық-құқықтық бағдарлама.    

2003 жыл – «Жыл таңдауы» байқауында КТК арнасы тағы да үздік атанды. 

Эфирге реалити-шоу: «Лаборатория»,  Ольга Пастухованың  «Для Вашего здоровья» бағдарламасы, балаларға арналған музыкалық-шоу «Әнші балапан» және «Алақай» шықты. 

 

Евгения Сакенованың  тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы туралы «Экспертиза КТК» бағдарламасы эфирге шықты.

Спорттық: «Наш спорт», «Клуб 11» және «Спорт-экстрим», анимациялық-әзіл-сықақтық шоу  «Куклы.KZ», авторы Наиля Шамшутдинова мен режиссері  Андрей Кизиловтің көңіл көтеретін жобасы   «Толобайки» эфирге шықты.  

2004 жыл – КТК телеарнасы өз телехикаяларын шығаруды қолға алды. «Господа офицеры» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Бұл – қазақстандықтар, ресейліктер  және америкалықтардың бірлескен жобасы. Халықаралық ТЭФИ кинофестивалі мен  VII Еуразиялық телефорумда "Господа офицеры"  Гран при жеңіп алды. КТК   «Intra Communications» және  «Central Partnership» бірлесе отырып  жаңа фильмдер мен телехикаяларды өндіруге бел буды. 

«Жыл таңдауы» байқауында «КТК» кезекті рет жеңіске жетті. 

 

2005 жыл жаңа сериалдың тұсаукесері. КТК   «Intra Communications» және «Central Partnership» бірлесіп   - «Человек войны» өнімін ұсынды. 

 Лирикалық, жаңажылдық комедия «Самые счастливые» және «Парадиз» фильмі тұсауын кесті. Коммерциялық емес  «Двойная фамилия» фильмінің түсірілімі басталды.   .   

 

«Найди меня» бағдарламасы КТК эфирінде 2005 жылдың 14 наурызынан бастап шыға бастады. Бағдарламаның авторы, жүргізушісі Ольга Яковлева: ««Кодекс» және «Тревожная зона» құқықтық бағдарламаларының редакциясында жұмыс істеп жүргенде жоғалған адамдарды іздеу туралы идея келген еді. Редакцияға күн сайын адамдар телефон соғып, жоғалып еткен туыстарын тауып беруге көмек сұрайтын. Үйінен шығып із-түссіз жоғалған адамдар туралы «Тревожная зона» бағдарламасының эфирінде хабарландыру ретінде жарияланып отырылатын. Бірақ көптеген мағлұматтар кадрдан тыс қалып қойылды. Бағдарламаның форматы белгілі бір себептермен туысынан айырылып қалғандар туралы толық мағлұмат беруге жарамады, сондықтан «Найди меня»жобасын эфирге шығардық. Жоғалтқан жақынын табуға өтініштер ТМД елдерінен ғана емес, сонымен қатар шетелден де келе бастады.  Бес жыл ішінде біздің команда (әрине, команда деп айтқан артығырақ болар, мен және Аня Модогорова) «Найди меня»  1000-ға жуық жоғалған адамды табуға септізіміз тиді.  Ал соңғы эфир  2010 жылдың 26 маусымында жабылды».

Күн сайынғы  «Шоу-Бум» бағдарламасы, Мадина Абдрашитованың жетекшілігімен;

 «Қызық радиосы»;  әлеуметтік жоба «Общественная приемная»; реалити-шоу «Скорая помощь: Будни «03»; публицистикалық «Ел Жұрт» бағдарламасы.  


  «Жыл таңдауы» байқауындағы КТК арнасының кезекті жеңісі.     

2006 жыл.  “Теңге” бағдарламасы  (экономика-қаржы), авторы және жүргізушісі  Анар Қуанышбекова. Кейінірек аталмыш бағдарламаның орыс тілді нұсқасы жарық көрді (жүргізушісі Нина Ким). Осы жылы көңіл көтеретін әзіл-сықақ жобалары эфирге шықты - Жайдарман_club”и  “Анда-санда”, «Zерікпе» тележурналы;

 

Күн сайынғы  «Экстренная служба» бағдарламасы,  әлеуметтік көмек беруші  «Алақан»,  ақпараттықпублицистикалық «Точка», (продюсері Инна Рудакова) жобалары шықты. 

Кезекті жеңіс -  «Жыл таңдауы»  КТК арнасын Қазақстандағы ең үздік телеарна деп таныды. 

2007 жыл – КТК  өзінің меншікті бағдарламаларын толассыз дүниеге әкеле бастады. Әр түрлі жанрдағы 9 бағдарлама бірінен соң бірі жарық көрді: Нина Кимнің жүргізуімен қаржылық тележурнал  «Теңге» енді орыс тілінде де шықты;

Апталық сатиралық «Анализ «Ы» бағдарламасы көрермен көзайымына айналды. Аталмыш бағдарламаны кезінде "Неделька" жобасымен танымал болған Альбек Тастайбек жүргізді. 

а о спорте «Стадион»;

Әлеуметтік өткір тақырыптарды көтеретін «Өз сөзім» ток-шоуы. Сондай-ақ, "Займемся здоровьем с Натальей Крыловой".

"Жыл таңдауы" салтанатты марапатында КТК тағы да жеңімпаз атанды. 


 

2008 жыл – КТК логотипін өзгертті.  Ал 2008 жылдың ең айтулы оқиғасы - телеарнада тұңғыш рет отандық комедия  "Откройте дверь, я счастье" телехикаясы жарық көрді.  Бұл жылдың ең батыл қадамы болды. "Откройте дверь - я счастье" – телеарнаның өз күшімен түсірген тұңғыш ірі жобасы. 

Меншікті бағдарламалар өндірісі  жалғасын таба берді:  күнделікті шығатын қылмыс туралы  «Черный квадрат» - авторы және жүргізушісі Валерий ТаракановЖәне де  арнайы жоба -  «Репортер».

Жетім балаларды асырап алуға арналған әлеуметтік жоба  «Дорога домой», авторы Марианна Гурина, жүргізушісі Оксана Василенко: бағдарлама ашылғаннан бері  300-ге жуық  жетім бала өз отбасын тапты. 

«Ержүректікке  өмірде әрқашан орын бар!»  деген ұранмен жасалған «Народный Герой» жобасы   қазақстандықтарға  қайсар тағдырлы азаматтарды анықтап бередіі:  идеясы - Шолпан Байболова, продюсері Станислав Лось,  жүргізушісі Андрей Бородихин.

Жыл жаңалығы - көңіл көтеретін «Зажги на миллион!» жобасы. Продюсері  Екатерина Кочева.

Бейресми жаңалықтар туралы  «Еще не вечер»,  сатирикалық скетч-шоу  «Наша КZаша» (продюсері Екатерина Кочева).  Бейресми  ақпараттар туралы  «Еще не вечер» бағдарламасы  КТК-ның ең үздік ТОП-10-на енді. 

«Жыл таңдауы» бұл жылы да бірінші орынды КТК арнасына берді. 

2009 жылы -  КТК арнасының продакшн-орталығымен бірлесіп түсірген  «Кайрат-Чемпион! Девственник № 1» картинасы ең көп кассалық табыс жинады.  

Сондай-ақ, телеарна меншікті жобалар шығаруын тоқтатқан жоқ.  2009 жылы эфирде публицистикалық   “Кейіпкер” бағдарламасы  және елімізде бірнеше мәрте үздік тв бағдарламасы  атағына ие болған  “Журекжарды бағдарламасы жарық көрді. «Жүрекжарды» - бағдарлама авторларының көкейінде жүрген жобалардың бірі.  Бұл жоба қазақ журналисткасында қалыптасқан ереже шеңберінен шығып, еркіндікке ұмтылады. Авторлар танымал тұлғалардың тағдырын әр қырынан көрсетпек. Бағдарламада басты кейіпкердің ең жақын деген туыстары мен жолдастары да сөз алады.

«Жүрекжарды» бағдарламасында кейіпкерлер алмасып отырады. Басты кейіпкерді ашық әңгімеге шақыру, оның жүрекжарды сырын айтқызу оңай дүние емес.

Жадыра Сейдеш, “Жүрекжарды” бағдарламасының жүргізушісі:

- Көрерменге жол тартқалы отырған жаңа жобамыз “Жүрекжарды” хабарында көптің назарындағы, ел таныған тұлғалардың шаттығы мен мұңы, олардың айналасындағы өрбіп жүретін алып-қашпа әңгімелердің қаншалықты шыңдыққа жанасатыны сол кейіпкерлердің өз аузымен айтылады.

Ербол Байқоңыров, “Жүрекжарды” бағдарламасының режиссері:

- Біздің қонақтарға, кейіпкерлерге көзқарасымыз тіпті басқаша. Ол кісілерді сұхбатқа алып келу үшін біздің өзіміздің тәсілдеріміз бар. Сол бағдарлама кейіпкерлерінен қызықты, маңызды, өзімізге керек мағлұматты ала білсек, онда біздің де ісіміздің оңды болғаны.

Адам болған соң, оның да асқақ армандары болады. Ел аузында жүрген әншінің де, саясаткер мен суретшінің, тіпті спортшының да жүрек түкпірінде айтылмаған бір сыры бар. 

 Жаңа маусымда салиқалы бағдарламалармен қатар қыз-жігіттердің көңілін көтеретін “Қыз қылығы" атты жоба шығады. Онда ішек-сілеңді қатыратын, шымшыма әзілдер жетерлік.

Наталья Крылова, КТК телеарнасы бағдарламалар дирекциясының директоры:

- КТК телеарнасы жаңа маусымда көңіл ашар жобаларды да молынан дайындады. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін жоба - “Сенбілік кештер” деп аталады. Көрермендеріміз әрбір сенбі сайын біздің арнамызда сүйікті әртістерімен қауыша алады. Сондай-ақ осы маусымда да “Мәссаған!” жобасы сіздерді жаңа әзіл-қалжыңдарымен қуантады.

Сазды ойын-сауықтық  «Мәссаған» және “Таң тамаша” бағдарламалары да өз көрермендерін тапты. 

 

2010 жыл. “Астарлы ақиқат” - “Новости. Другая правда”,  –  жаңа бейресми жаңалықтар қорытындысы,  біз – даму үстіндеміз!  2010 жылы КТК өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтті.  

Айтулы мерекені жаңа дүниемен қарсы алдық! 2010 жылдың күзінде КТК криминалды комедияның екі бөлімін түсірді  -  "Два пистолета".

«Жыл таңдауы» байқауында КТК кезекті жүлдеге ие болды. 
 

2011 жылдың мамырында КТК бойдақтар мен тұрмыс құрмаған жандардың проблемасын шешуге бел буып, «Давай поженимся!» бағдарламасын шығарды. Жоба сенсация әкелді.  Көрермендердің ықыласына бөленіп, жоғары рейтингке ие болды. 


Жаңа маусымда  “Япырай!” атты таңғы бағдарлама жарық көрді. Бұл “Япырай!” дегізіп, елді елең еткізіп, езуін тарттырған жәйттер мен жұлдыздар өміріндегі өзгерістер жайында.   

Гүлмира Әбіқай,  “Япырай!” таңғы бағдарламасының продюсері:

-  Күрделі репортаж алуға барсаң, ел отыны бар ма, көмір-суы бар ма, дастарқанда наны бар ма, оны сұрамайды. «Ана жұлдыз осылай болғаны рас па, анау көлік апатына түскен рас па?» -  соны сұрайды. Кез келген көрерменді жұлдыздың басынан башпайына дейін қызықтырады. Япыр-ай! Көзді аштырып, ауызды жұмдыратын жаңалықтар, сенсация, папарацци,  қазақ шоу бизнесі, медиасына байланысты тың дүниелер.   

 

КТК  телевизия эфиріне ұлттық қазақ күресін шығарды. Тұңғыш рет тек КТК эфирінде  турнир көрсетіліп, ал «Қазақстан Барысы» финалы 20 тамызда тікелей эыирден көрсетілді.

 

Қазақ күресінен “Қазақстан барысы” атағы үшін тұңғыш турнир ұйымдастырып,  сегіз сағат бойы тікелей эфирде көрсетілді.

Срайыл Смайыл,  “КТК” телеарнасы мемлекеттік тілдегі бағдарламар бөлімінің шеф-редакторы:

- Бірде-бір телеарнаның тарихында болмаған нәрсе. Қазақ күресі өткеннен кейін көптеген көре алмай қалған көрермендер осы күресті қайталап көрсетуін сұраумен болды.  


2011 жылдан бастап  КТК  телеарнасы  «Алматы – іңкәрім менің» музыкалды ретро-фестивалінің ұйымдастырушы болды.  XII музыкалды фестиваль  алғаш рет Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде  өткізіліп, 5000  көрерменін жинады.

 

2011 жылы жаңа маусымда «КТК»телеарнасының эфирі қазақ тіліндегі жаңа хабарлармен толықтырылды. “Астарлы ақиқат”, “Мәссаған” хабарларына жаңа леп беріліп, халықпен қайта қауышады. Өздеріңізден сүйінші сұрауға лайық жаңа жобалар жыл барысында тағы ашыла бермек.


"Слуги народа" – қазақстандық журналист Артур Платоновтың авторлық бағдарламасы шықты. Жоғары шенді шенеуніктер, депутаттар, өңір басшылары әңгіме барысында әдеттегіден бөлек, БАҚ-да айтылмаған  өзекті сұрақтарға жауап береді. 

2012 жылы меншікті бағдарламаларды түсіру жалғасын тапты. «Наша правда» ток-шоуы  өмірдің мәні неде деген сұрақтарға жауап іздеп бас қатырмайды және ауқымды мәселені де көтермейді. Бұл жаңадан ашылған ток-шоу әрқилы тақырыптарды қозғайды. Студияға жиналған сарапшы, журналистер, блогерлер мен қарапайым көрермендердің де  пікірі әр түрлі. 


 

«Mamma Mia!» - бұл  бойжеткен қызы мен анасы қосылып бірге ән шырқайтын еліміздегі бұрын-соңды болмаған ерекше жоба.  Әр қатысушы өзін жұлдыз сезінеді. Себебі олармен жоғары білікті вокалистер, хореографтар мен стилистер жұмыс істейді.  

   


Ұлтттық тағамымызды дәріптеу мақсатында «Бешбармақ-шоу» жобасының тұсауы кесілді. Бұл бағдарламада еліміздің түкпір-түкпірінен келген ет асудың шеберлері жарысқа түседі. Әділқазылар алқасында танымал, әр өңірдің  асының дәмін татып жүрген жұлдыздар баға береді.  Жарыстың жеңімпазы «Еліміздің үздік аспазшысы» атағына ие болып, сыйлыққа судай жаңа автомобиль алады.

Ұлттық асты ұлықтайтын «Бешбармақ-шоу» отандастарымызды ас дайындаудағы шеберлігін көрсетіп, аспаздық сырымен бөлісті.

Күміс көмей әнші Жанар Айжанова жобаның үшінші маусымын  жүргізді. Қазақтың дәстүрін насихаттап, ұлттық асты ұлықтайтын жобаның алдыңғы екі маусымында жеңімпаздар көлік мінді. Ал үшінші маусымда  дәмі тіл үйіретін ет тартып, оқ бойы озық шыққан аспаз бағалы сыйлыққа ие болды.

Жанар Айжанова, «Бешбармақ-шоу» жобасының жүргізушісі:

– Біздің ұлттық брендіміз – бешбармақты насихаттауға қаншама жұлдыздар бағасын берді. Түрлі пікірлер айтылып, тіпті әр өңірде ет асуда өзіндік ерекшелік бар екеніне көзіміз жетті.  

 


Тағы бір музыкалдық жоба -  «Мега-караоке». Өзімен өзі ән салып жүрген қарапайым  жандарға  жақсы мүмкіндік туды. Олар енді телеэфирден өзінің талантын көрсетіп, атын шығара алады. Арнамыздың музыкалық бағдарламасы өз жеңімпаздарын тапты. Сайысқа түсу шарты да оңай: тек көтеріңкі көңіл мен жақсы дауыс иесі түсірілім алаңына келіп, қысылмай ән шырқап берсе болғаны.  «Мега-караокеге» қатысушылар шаттық қана емес, қаржылай сыйлық та алып қайтты. Жеңімпаздар  әр апта сайын анықталып,  «Аптаның  үздік әншісі» атағына ие болды.  


 

Жаңа маусымда  КТК  УЕФА-ның үздік чемпионаттарына трансляция жасады. Бұл 70  тікелей эфир: топтық кезеңдер, плей-офф кездесулер, сондай-ақ туринлердің ақтық ойындары. 


2012 жылы КТК 2 сериал түсірді: «Цена свободы», «Қасым».

2012 жылы КТК тағы да топ жарды.  Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-да кеңінен насихаттауда  ұйымдастырылған   республикалық байқауда телеарналар номинациясы бойынша "Жүрекжарды" жобасының автор-жүргізушісі Жадыра Сейдеш  жылдың "Үздік журналисі"  атанып,  I  орынды жеңіп алды. Ал «Астарлы ақиқат» жүргізушісі Дина Төлепбергенова «Жылдың ең үздік тележүргізушісі» атанды.

 «Космополитон Қазақстан» журналы алдын ала ғаламтор арқылы 6 айдай сауалнама жүргізіп, жыл бойы өзін жақсы деңгейде көрсете білген 4 әйелді таңдап, дауысқа салған. «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепбергенова үздік атанды.

 

 

2013 жылы «Сұлу бойжеткен» лирикалық мюзиклі жарық көрді.  

Мюзиклде ауылдан келген қарапайым жігіттің алпауыт байдың қызына ғашық болғаны  негізгі алынған.  

Қалжың аралас туындыда әнші Қайрат Нұртас бас кейіпкерді сомдайды. Мюзикл ауыл баласының алып шахарға келіп, күтпеген жайттарға тап болуы жайында өрбиді. Туында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің 45 жылдығына орайластырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басты рөлдерде: Қайрат Нұртас, Айдана Меденова, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жанар Айжанова, Айдар Кәрімбаев, Арсен Дәулетов, Айгүл Иманбаева, Тұрсынбек Қабатов  и Ақылбек Жеменей, Гүлжан Қалыбаева

Ренат Қосай және «Кешью», «Ринго», «Аюми» топтары,  Аша Матай, Әнел Арынова, Ерке Есмахан, «Іңкәр», Сара Амангелді, Нұржан Керменбаев, «Дэнар», «Арай», «Wake up».


 

Отдел особого назначения

Оқиға желісі Алматы және оның маңындағы ауылдарда өрбиді.  Жалпақ жұрттың арасында небір қылмыскерлер тайраңдап жүр. Кейбірі өзінің жасаған қиянатының күнәсін артамын, жазасын алам деп мүлдем  ойламайды. Әдетте бұлар нағыз қанішер, жауыздар. Бұларға қозғалған істер кейде сол күйі шешімін таппай, сөреде шаң басып қалатын кездер болады.  Дегенмен  аталмыш істерді  Арнайы тағайындалған бөлімнің полицейлері алып шығады.  Бұл бөлім енді ғана құрылған. Алда әлі талай алынбаған белестер мен қияметтер тұр. Соған қарамастан бұл полицейліктер ең қиын да, күрделі істің шешімін табуға бел буады. 


2013  жылы  «Диагноз» жобасы көрерменге жол тартты. Бұл қазақстандық телевизиядағы тың формат -  медициналық тексеру.  Басты тақырыбы – белгілі бір диагноз.  Басты кейіпкер – белгілі бір дмагноз қойылған науқас, соның сергелдеңі. Отандық дәрігерлерден күдерін үзіп ем таба алмай күйінген жан. Жалғыз жол – шетелде емделу, диагнозын қоя алмай басы қатқан дәрігерлер.  КТК  осындай қиын жағдайға тап болған жандардың басына түскен мәселесін шешуге ат салысады. Егжей-тегжейлі тексеріп, дағдарыстан шығудың жолын қарастырады. Сондай-ақ,  әр шығарылымда көрермендерге пайдалы кеңестер беріледі.


 

Реалити-шоу!  «Оsобое Zadanie»  жобасының 3-ші маусымы.  Бұл  экстримге толы динамикалық  шоу.  Құлшыныс пен жұлқыныс, самғап ұшу мен төменге құлдырау. Бақыт пен күйзеліс. Жеңіліп қалған қатысушының ашу-назы.  Бір-біріне ғашық болғандар.  Бұл  адамның төзімділігін сынауға арналған бағдарлама. Қатысушылар өз мүмкіндіктерін көрсетіп, шыдамдылық қасиетін сарапқа салады. Экраннан біз ойдан шығарылған кейіпкер емес, қарапайым азаматтарды тамашалаймыз. 


 

2013 жылы   КТК телеарнасында  «X Factor» жобасының төртінші маусымы көрсетілді.  Әлемге әйгілі вокал шоуы  «X Factor» бірнеше жыл қатарынан көрермендердің қызығушылығын тудырып, назарын өзіне аударып алған. Аталмыш жобаның рейтингі өте мықты. Көрермендер вокалды шоуды тамашалап, халық ішінен шыққан әншінің жанкүйері болады. Өте жарқын жоба. Бұны көрген адам бейжай қалмайды.  Көрермен небір көріністің куәсі болады. Кейбір таланттар жеңіске жету үшін жанын салып жанталасқаны соншалық,  тіпті драмаға ұласып жатады.  Қазір  «X Factor» әлемнің жүздеген елінде көрсетілуде. Бұлардың қатарына КТК арнасы да қосылды. 

Қазақстандағы  «X Factor»  жеңімпаздары  Дария Габдулл, Андрей Тихонов, Евгения Барышева и Кайрат Капанов  ақшалай сыйлық алып, Sony Music-пен келісім-шартқа отырды.   


 

2013 жылы  КТК арнасында ел аузында жүрген кілең атақты асабалар мен атақты жұлдыздар қатысатын «Той BestStar»  жобасы жарық көрді. Той  - қазақ үшін жәй ғана мереке емес, мәдениетіміздің бір бөлшегі. Көрермендер нағыз тойдың шынайы оқиғаларына куә болады. Түсірілім алаңы  қазақтың нағыз тойы өтетін мейрамханалары.  Жоба - той десе ішкен асын жерге қоятын жандардың текетіреске толы тартысы.

Асабалар байқауы. Талай тойларда таңдай қақтырған тума таланттар «Тойбестардың» көркін қыздырып, көрерменді әбден күлкіге қарық қылды. 

Орынымен болса, күлгенге не жетсін! 2014 жылдың наурызынан бастап өзі әнші, өзі биші, өзі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатовтың   «КТК-да Қабатов» телешоуы әр демалыста  эфирге шыға бастады. Жүргізушілер кілең КВН ойыншыларынан іріктеліп алынған. Тапқырлар күлдіріп қана қоймай, арнайы қойылымдар да жасады. Әзіл-қалжыңның бәрі Тұрсынбектікі. 

Тұрсынбек Қабатов: «Сценарий, жазылып отырған әзіл, тек әншілердің әндері ғана өздерінікі болса, қалған сұхбат, диалогтар, сахнада қойылып отырған көріністердің барлығын қолдан келгенше өзіміз жаздық.  Бұрын да  шоуларға қатысып жүрдік,  ал енді бұл жоба  тек өзіміз басқаратын жаңа, тың жоба болды».

Қазақтың жоғары рейтингісіне  ие болған  «КТК-да Қабатов» бағдарламасы көрермендерін қызыққа кенелтті. Шақырған жаңа қонақтар, әзірлеген жаңа әндері мен жаңа қалжындары көп шоу демалыс күндерінің кешінде теледидар алдына  қазақ көрермендерін жақсы жинады.   


 

Наурыз  мерекелеріне арнап  КТК  ең күлдіргі, әрі қазақи «Құдалар»  телехикаясын  ұсынды. Комедия жанрында түсірілген туындыда   құдалардың бастан кешірген шытырман оқиғалары көрсетілді. Бір шаңырақ астында басы түйіскен құда-құдағилардың өзара текетіресі оқиғасы. 

Қызы мен күйеу балалары жоқта төрт бірдей құда-құдағи  таласып, немере тәрбиесіне араласа бастайды. Баланы бір-бірінен қызғанып, тартыс соңы  қып-қызыл ұрысқа айналады. Қызу талас  күндіз де, түнде де жалғасады. Тынымсыз құдаларды кілең танымал әртістер сомдаған. Ерболат Оспанқұлов, Гүлнар Аманжанова, Бақытжан Әлпейісов, Ирина Ажмұхамедова. Сериалдың шынайлылығы соншалық, құдалар, тіпті, 10 жыл бұрын китке келген киім-кешекті де түгін қалдырмай талқылайды. Актерлер   екі тілде сайрап тұрғандықтан  телехикаяны қазақ және орыс тілді көрермен де емін-еркін тамашалалады.  Ал тың әзіл-қалжындарын елге белгілі сықақшылар өмірден алып жазыпты.

Дәуіт Шайхисламов, продюсер: «Актерлардың ойыны өте қызықты,   күлкілі болды. Түсіру барысы да  қызықты өтті. Бұл кәдімгі шынайы, өз өмірімізден алынған оқиғалар. Әр көрермен бұдан өзінің туысын, тойларын көргендей болды.»

 


 

Сәуір айында КТК арнасында  «Жұлдыз болғым келеді» музыкалды реалити-шоуы  көрерменге жол тартты.  Миллиондаған көрермендердің көз  алдында  бойжеткендерден құралған жаңа топ құрылды.  Музыка шыңына жету  мүмкіндігі  қарапайым қыздарға  ұсынылса,  ал құрылған музыкалды топтың мүшесіне лайықты әншіні  көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. 


 

 

2014 жылы  күзде  «Хеллоу, Қазақстан!» деп аталатын реалити-шоу эфирге шықты.

Қазақ  телевизиясында бұрын-соңды болмаған тың жобаның бірі – «Хеллоу, Қазақстан» бағдарламасында қазақ болмысымен танысуға ниетті 12 шетелдік азамат қатысты.  

«Hello Қазақстан» – бұл нағыз жиһангездерге арналған бірегей әрі теңдесіз жоба. Елімізге алғаш келген қонақтар бұрын соңды көрмеген мемлекетпен танысып, тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен табиғаттың сан түрлі құпиясымен бетпе-бет келді.

Шет елдіктерді шалғай елдімекендердегі қонақжай халық, қазақтың кең дастарханы, қызыққа толы шытырман оқиғалар күтіп тұрды. Саяхатшылар тек қазақ жерін қызықтап қана қоймай, түрлі сынақтар, тосын тапсырмалар, ұлттық ойындарға қатысты.

Жобаға қатысуға ниет білдіргендердердің санында  есеп жоқ. Интернет арқылы жүргізілген сауалнама барысында әлемнің әр елінен 50 саяхатшы таңдалып, нәтижесінде солардың ішінен ең таңдаулы, кез келген сынға дайын деген 12 адам іріктелді. Беймәлім Қазақстанның өткені мен бүгінін өз көздерімен көруді қалаған қонақтар мыңдаған шақырымды еңсеріп, қуана елімізге жетті. Солардың ішінде біреуі ғана үздік турист атанды.


КТК 2014 жылдың күзінде  балаларға да базарлық жасады.  Әр сенбіде арнамыздың ең кішкентай көрермендері үшін «Теллуриядан келгендер» атты мультсериал   көрсетілді. Айта кетерлігі, бұл КТК-нің анимация жанрындағы төл туындысы. 


2014 жылдың күзінде  заманымыздың  өзекті мәселелеріне арналған телевизиялық репортаждар  жиынтығы - «Орталық редакция» эфиге шықты.   

Жаңалықтар ағымынан ең маңыздысын жылдам ажыратып, дер кезінде дөп басып айту кәсіби тележурналистердің, оның ішінде ақпарат таратушы тілшілердің  шеберлігіне байланысты болса керек. Алайда уақыт тапшылығынан жаңалықтардың санаулы минутында  белгілі оқиғаны жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Көрерменге қысқа да нұсқа ұсынылған ақпарға тереңірек сараптама жасап, ақпаратты   кеңірек, нақты салыстырмалы түрде, оқиға төңірегін жан-жақты қамтып ұсыну -  дәл осы Орталық редакция құзырында. 


 

«Жанайқай» жобасының авторы - Лонг Айленд университетін бітірген халықаралық репортер, социолог маман Азамат Досжан. Қазақстандық журналист қазір Нью-Йоркте жұмыс істейді.

Бағдарлама жанры – қарапайым адамдардың тағдыры арқылы өткір әлеуметтік мәселелерді көтеретін арнайы репортаж. Ортақ бір жүйеге  құрылған бағдарламада үш кейіпкердің шынайы бет-бейнесі, өмір жолы, көрген қиындықтары  мен одан шығу жолдары бейнеленеді. Оқиғалар  шынайы өмірден алынған. Тақырыптары тек жеке бастың емес, қазіргі қоғамда белең  алып  отырған  қасіреттер, трагедияға айналған  өткір мәселелер. Кейіпкерлер өмірде бар адамдар, олардың тағдырлары да әр түрлі. Әрқайсысының өмірлік драмасы да өзіндік сипатта,қиындықтарымен күресу жолдары да әрқилы.

Бағдарламаның мақсаты – көрерменді кейіпкердің тағдырына тарту, әлеуметтік қорғау саласына селқостық танытпай, қоғам болып көмектесу.


Ойын-сауықтық  жобалардың көрермен тарапынан төмен сұранысқа ие болуының басты себебі неде?  2014 жылы ұсынылған  жоба осы олқылықтың орнын толтыруға арналды. Әр түрлі жанрдағы, түрлі бағыттағы әзілкештер өзараға сынға түсіп, "Базар жоқ алаңын" қыздыра түсуі бәсекелестікті жандандырып,  өнімнің сапасын өсірді.

Жобаның басты жүргізушісі - "Әзіл әлемі" театрының танымал әртісі Қанат Әлжаппаров

Сахна сыртындағы қосымша жүргізуші -  "Әзіл әлемі" театрының әртісі Жақан Отарғалиев

Алматы мен Астанада кастинг  өткізілді. Іріктеліп алынған үміткерлер  1 000 000 теңге жүлдеге ие болу үшін барын салды. Ал ерекше көзген түскен әзілкештер "Әзіл әлемі" театрына қабылдану үшін ынталандыру сайыс көркін жандыра түсті. Қатысушылардың шеберлігін  қазылар алқасы бағалап,  әр кезеңнің үздіктерін анықтап отырды.

Әділқазылар алқасы:

1. Тұрсынбек Қабатов, жобаның жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы.

2. Нүркен Өтеуілов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, "Жыл актері" жеңімпазы.  

3. Танымал тұлғалар, отандық эстрада өкілі.

Финалында қорытынды шығарылып,  гала концерт және марапаттау рәсімі өткізілді.   


22 желтоқсанда    «Оңай олжа. Қолыңнан келгенше олжаға кенел!» мега жобасы  көрерменге жол тартты. Бұл ақшаны ақылмен жұмсай алатындарға арналған бағдарлама.  Бағдарламаға ниет білдірген кез келген қазақстандық  отбасы қатысты.  Қатысушылардың қолына 250 мың теңге ұстатылады, бұл сомамен олар Mega Park сауда орталығын аралап, қалаған тауарын сатып алып, сұрақтарға жауап береді.  Қанжығаны майлар сәт туды!

«MEGA» ойын – сауық орталығының желісі мен  КТК арнасының біріккен  жобасы.


26- желтоқсанда  эфирде  «Жұлдызды ақиқат» бағдарламасы жарық көрді. Елге танымал тұлғаның өмірі өзгеріске бейім, әрі ол көрерменді қызықтырмай қоймайды. Өнер жұлдыздары арасындағы дау-дамай, өкпе-реніш, ұрыс-керіс, ерегіс пен жанжал, шатақ пен шу, махаббат пен ажырасу – бәрі-бәрі көрерменнің сүйікті тақырыбы. Бағдарламаның журналистері еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, өнер адамдары туралы ел арасында тараған  алып-қашпа әңгімелердің, өсек-аяңның себебін анықтап, елдің көзайымына айналған танымал адамдардың кемшілігін, өнерден бөлек, өмірдегі өкінішті тұстарын, көпшілік біле бермейтін жеке құпияларын ашып көрсетіп, журналистік зерттеу жүргізді.

   Жобаның мақсаты - өнер жұлдыздарының көпшілікке айтқысы келмейтін, тек өзара айтылатын құпияларын көрерменге жеткізу.  Шығармашылық топ   миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған мегажұлдыздардың жеке өміріндегі айқай-шуға толы сәттерді толық қамтуға тырысты. 


2014 жылы КТК үздіктердің қатарында.  “Астарлы ақиқат” пен «Другая правда»  бағдарламасы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. Дина Төлепберген және Алексей Шахматовтың   авторлық жобасы арнайы комиссияның ұйғарымымен жылдың үздік бағдарламасы деп танылды.

Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы: «Бұл бағдарламалар  біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Бірақ  аталмыш жобалар шындықты айтады және  көрермендері көп.Телевизиялық жұмысқа бірнеше материал түсті. Комиссияда қарағанда, бір дауыстан Дина Төлепбергенова мен Алексей Шахматовтың осы жылғы журналисттер одағының сыйлығын береміз деп шештік». 

2015 жылдың ақпан айынан бастап КТК арнасы «Жеңіс» әлеуметтік-қайырылымдылық жобасы аясында және Ұлттық әлеуеттік  «Самұрық-қазына» қорының қолдауымен “Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы жеңісіне үлесін қосқан қазақстандықтар  тарихын жинақтады. Мақсаты – қаһарман жауынгерлердің ерлігін ұрпаққа естелік қып қалдыру.

«Халық халаулысы» Республикалық қоғамдық сыйлық алтыншы рет өткізілді. Бұл жолы аталмыш марапат Ұлы Отан соғысының 70жылдығына арналды. Майданда қасық қаны қалғанша шайқасқан қазақстандықтар аз емес. Тылда жанын шүберекке тиіп еңбек еткен жерлестеріміз қаншама?! Соғыстан кейін елін қалпына келтіру үшін тер төккен азаматтардың да санында есеп жоқ. Дегенмен, ешқандай орден, медаль алмай, өзінің ерен еңбегімен, қайсарлығымен ел есінде қалғандар да бар. Міне, осы  «Батырлар шежіресі»  – қаһармандар ұрпағының таңдай қақтырар ерлігін паш етті. 


23 – 26 ақпан аралығында КТК арнасында отандық «Несломленный»  сериалының тұсауы кесілді.  Шым-шытырақ мелодраманың сюжетіне Александра Дюманың  «Граф Монте-Кристо» романы негізге алынған. Көпсериялы  жобаны түсіруге  Франциядан  режиссер  Виржиния Восгимурукиан шақырылды. Ал картинаға қазақстандық актерлер түсті: Дмитрий Скирта, Ғани  Құлжанов, Санжар Мәдиев,  Гүлнәр  Досматова,  Әсел Садуақасова, Айнур Ниязова және  ресейлік актер Азиз Бейшеналиев. 


Көктемде  қорытынды бағдарламаға өзгеріс енгізілді. «Портрет недели» бағдарламасының тізгінін Ярослав Красиенко алды.

 Жас, өжет, жігерлі жүргізуші  жобаның рейтингісін көтеріп, форматын өзгертті. Көрермендер бағдарламаның жаңа екпіні мен пішімін жылы қабылдады. 


2015 жылдың 21 наурызында  «Бюджетный ремонт» бағдарламасы жарық көрді.  Үйін   жөндеуді армандап  жүрген  қарапайым қазақстандық отбасылары бағдарламаның кейіпкеріне айналды.  

Мамандар   үй жөндеудің қалай жүзеге асырылатынын айтып қана қоймай, сонымен бірге іс жүзінде егжей-тегжейлі көрсетіп отырады.

Олар үйді қайта жөндеу үшін небір дизайн ұсынып, қажетті құрылыс материалдарын әкеліп, пәтердің  сапалы, арзан әрі әдемі болып жөнделуін  жүзеге асырды.  


29 наурызда   «Өнерлі отбасы» музыкалық жоба ашылды.  Қазақстандық  танымал әртістердің жанұясы өнер көрсетуден бәйгеге қатысып, арасынан ең өнерлі отбасын   әділқазылар алқасы анықтайды.  Ал жобаны  Тұрсынбек Қабатов пен оның зайыбы жүргізді. Сахнада әр шығарылым сайын көрермендер Тұрсынбек Қабатовтың отбасын және басқа да танымал жұлдыздардың өнерін тамашалады.  Сөйтіп еліміздің ең өнерлі деген отбасы анықталып, оларға бағалы сыйлық табыс етілді. 


КТК  мобильді қосымшасын қосты!

Біздің арнаның ең өзекті жаңалықтары мен қызықты бағдарламаларын тамашалау   қолайлы болу үшін мобильді қосымша шығардық.

2015 жылдың 25 мамырында  мобильді қосымша Play Market, ал маусым айында -  App Store-те пайда болды.   Енді соңғы жаңалықтар мен арнамыздың  барлық бағдарламасын, фильмдерін  кез келген уақытта қарауға мүмкіндік туды!  

Миллиондаған қазақстандықтар КТК мобильді қосымшасын телефондарына жүктеп алды. Енді гаджеттерде КТК телеарнасының тікелей эфирін тамашалауға мүмкіндік бар! 


«Кесір»

  Аты  көрсетіп тұрғандай, бұл тың жобада әрбір аурудың кесірі анықталып, басты себептері айтылады. Әрі кесірленіп, өз тағдырын өзі ойыншық еткендердің жөнсіз қылықтары да тілге тиек етілмек. Бағдарламада көрермендер тарапынан түскен мәселелер, әсіресе денсаулыққа қатысты тақырыптар  толық қамтылады. Жүргізушісі: Ерланби Дәулетияр.  Ол өз көрерменін таба білген бірегей жүргізушілеріміздің бірі."Кесірде" әр тақырып тереңнен тергеліп, көрермен түйсігіндегі сауалдарға жауап ізделмек. Жарты сағаттық жаңа жобада кәсіби мамандардың да жауабы ескеріледі.


 Деректі драма пішімінде түсірілген  «Әйел қырық шырақты».  Нәзік жандардың  мықтылығы мен қадір-қасиетіне қатысты айтылған атауы әйелдің қырық жандылығын ашуға тырысады. Жобада өмірде орын алған шынайы оқиғалар жете зерттеліп, қайта құрылып, егжей-тегжейлі көрсетілмек. Адам өмірінде басынан кешкен қайталанбас оқиғаны тіпті қаламы ұшқыр жазушы да ойлап таба алмас.   Шынайы сюжетті өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Жаңа жоба әйел затының түйткілдеріне арналған. Авторлар ең басты   «Бармақтай бақ әр әйелдің басына неге бұйырмайды?» деген сұраққа жауап іздейді. Әйел бақытына апаратын жолды қалай табу керек? Бақытқа лайықты әйелдің бағы неге жанбады?

Алғашқы сериялардың тақырыбы: қалыңдық алып қашу, бедеулік, бәйбіше-тоқал, үй болып бөлек шығу, ата-ене қолында тұру.

Айта кету керек, телехикая дерексіз мылжыңды емес, шынайы дүниені бейнелейді. Ең бастысы – әр әйелдің маңдайына жазылған өз бағы бар, соны ұмытпайық. 


«Айтылмаған ақиқат»

 Қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық қатар жүреді.  Өкініштісі,  қайғы мен қасіретті қолдан жасайтын адамның өзі. Психологиялық дағдарысқа ұшыраған жан тығырықтан шығу үшін түрлі амал-әрекетке барады. Тылсым дүние – адам санасына бағынбайтын беймәлім әлем.  Ақиқаты қайсы? Біздің әлемнен тыс қандай күш бар? Дініміз бұл мәселе төңірегінде не дейді? «Жын шығару» деген не? Ол қалай жүзеге асады? Қоғамдағы қанқұйлы қылмыстар мен  қатыгездікке тылсым дүниенің қатысы бар ма?

Тілші оқиғаның ортасында  болған жайттың сырын ашуға ниеттенеді. Әр бағдарламада шынайы кейіпкер тағдыры. 

Журналистік зерттеу. Қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік өткір мәселелер. Тылсым дүниенің құпиясын ашу. Дәстүрлі емес халықтық медицинаның кемшілігі мен жетістігі. Халқымыздың өмір салты. Ділі мен діні. Кереғар құбылыстың себебі мен салдары...


ТОЙ BESTSTAR – өзгертілген форматта, ойын-сауықтық, әзіл-шоу; ситком

       Той  - қазақ үшін жәй ғана мереке емес, мәдениетіміздің бір бөлшегі. Бұған биыл көз жеткіземіз.  Түсірілім алаңы  қазақтың нағыз тойы өтетін мейрамханаларға барды.  Тойдың бас кейіпкерлері мейрамхананың қызметкерлері мен той иелері.

      «Той BestStar»  комедиялық қызықты оқиғалар мен шоу. Бас кейіпкері – халықтың ықыласына бөленіп үлгерген «Өнер қырандары» театрының актерлері. «Өнер қырандары» еліміздегі  әзіл-сықақ театрларының ішіндегі заманауи ерекшеліктерімен есте қалған театр.  Әр актердің өз образы көреремендерге күлкілі кейіпкерлерді таныстырады. Әсем әндер мен жаңа айдарлар көрермендерді таң қалдырмай қоймайды.  Жаңа маусымда әлемге танымал өнер жұлдыздарына пародия жасалып, «Асаба қонақта»«Той таланты»«Асхана»«Бенефис» сияқты айдарлар қосылды. 


 

Көңілді отбасы - отбасылық- көңіл көтерлік шоу жанрдағы бағдарлама.

Демалыс күндері қазақстандық әншілер мен актерлердің үйіне қонаққа барып,  жұлдызды отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысып қана қоймай, ел көзінен тыс  қызықты жәйттерді білуге мүмкіндік туды. Жұлдыздың шаңырағына бас сұғып, дастарханынан дәм татып, отбасының тығулы жатқан  фотосуреттерін көруге мүмкіндік бар. Бұндағы «фишка» - жүргізуші. Танымал әртіс Ерболат Төлегенов  ауыл аралап жүрген  Шімән апа  бейнесінде бағдарлама тізгінін қолына алды. Әуесқой әжей жұлдыздың шаңырағын «тінтіп», отағасына жөнсіз сұрақтар қойып, берекелі үйдің «шаңын қағып» тысқа шығарады.  


Адам баласы кейде қызықты жағдайларға тап болып жатады. Өмір осымен қызық. Дегенмен кездейсоқ жағымсыз жайттарға  да душар боламыз. Әр жағдайда адамның әрекеті әр түрлі. Ол адамның өзіне байланысты болса керек. Сондай кезде оқиғаның дамуы екі бағытта өрбиді: дау-жанжалға ұласады, болмаса өзара түсіністікпен аяқталады. Ал сіз өзіңізге мүлдем қатысы жоқ дау-жанжал тудыратын оқиғаға қатысуға дайынсыз ба? Егер қатыса қалсаңыз, оқиға куәгерін жақтайсыз ба, әлде қарсы пікіріңізді білдіресіз бе? Мінеки, «Эксперимент» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген  тап осы әрекетке тәжірибе жүргізеді. Бір айта кетерлік жайт: қатысушы өзінің сыртынан  бейнекамераға түсірілетінін білмейді. Шын мәнісінде ол адамды жасырын камераға түсіріп тұрады. «Эксперимент»  адамдардың шынайы эмоциясы мен жасансыз әрекеттерін көрсетеді.  


 «Орталық редакция»  - заманымыздың  өзекті мәселелеріне арналған телевизиялық репортаждар  жиынтығы. 

Жаңалықтар ағымынан ең маңыздысын жылдам ажыратып, дер кезінде дөп басып айту кәсіби тележурналистердің, оның ішінде ақпарат таратушы тілшілердің  шеберлігіне байланысты болса керек. Алайда уақыт тапшылығынан жаңалықтардың санаулы минутында  белгілі оқиғаны жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Көрерменге қысқа да нұсқа ұсынылған ақпарға тереңірек сараптама жасап, ақпаратты   кеңірек, нақты салыстырмалы түрде, оқиға төңірегін жан-жақты қамтып ұсыну -  дәл осы Орталық редакция құзырында. 


Біздің концерт - сіз бен біздің, жылы да, жайдарлы мерекелік концерт.  

Жай концерт емес, тосын сыймен жасалған мерекелік концерт. КТК төл мерекелерімізбен қатар, болашақ  бағытымызға сай «Спорт күні»,   «Отбасы күні», «Салт-дәстүр күні», «Кино күні» сынды т.б. мерекелерді  атап өтеді.  «Біздің концерт» БАҚ тарда жиі шығып жүрген жұлдыздармен қатар, қылтиып бой көтере бастаған, эфирге шығуға мүмкіндігі жетіңкіремеген жас өнерпаздарға эфир сахнасында  бағын сынауға мүмкіндік береді.  Жалпақ жұртқа әлі кеңінен таныла қоймаған әнші үшін  КТК арнасы алғаш шымылдығын  ашқан сахнасы болды.  «Біздің концерттің»  шарықтау шегі -  «Ат-шапан» айдарымен берілетін тосын сый. Бұл  отандық телеарналарда бұрын-соңды болмаған ерекше  құбылыс: еліміздегі танымал әнші ауыл-аймақта болып жатқан тойларға күтпеген жерден кіріп келіп,  той иесін қуаныштарымен құттықтап, тегін ән шырқап береді. 

2015 жылдың желтоқсан айында Артур Платонов  ақпараттық-сараптамалық  «Портрет недели» бағдарламасына қайта оралды. Ол аталмыш жобаны 2000-2011 жылдары жүргізген болатын.  Платонов  «Портрет недели»  бағдарламасынан 2011 жылы кетіп, «Слуги народа» жобасын ашқан еді.  2011 жылы «Портрет недели»  журналист Сергей Пономаревтің тізгініне ауысқан. Ал Пономаревті 2015 жылдың наурыз айында Ярослав Красиенко ауыстырған. 

                                      


2015 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы Республика сарайында  талантты әнші Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өткізілді. Батырхан өзінің жеке концертін жоспарлаған еді. Өкініштісі, ол арманын тірі кезінде жүзеге асыра алмады. Бірақ оның  қазақстандық және шетелдік достары  жабылып жүріп  керемет  концерт ұйымдастырды. Концертте  Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Дильназ Ахмадиева, Макпал Исабекова, А-Студио, Юлия Началова, Владимир Пресняков, Нұрлан  Абдуллин Батырханның әндерін шырқады. Ал жиналған тыңдармандар   «Джулия» және «Нелюбимая» әндерін бірге шырқап,  «Стоп, ночь», «Солдата любви»  жұмыла биледі.  Бұл  Батырханға арналған және Батырхан туралы концерт болды.  Жаңа жыл түнінде көрермендер КТК арнасынан  «Стоп, ночь…Батыр lives» ТВ жобасын тамашалады. 

 

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.