Акционерлер үшін

«Коммерциялық Телевизиялық Арна» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2017 жылдың «28» маусымы күні Қоғамның директорлар кеңесінің  жарияланған Қоғам акцияларын орналастыру және осы Қоғам қаржысын толықтыру үшін және Қоғамның жалпыкорпоративтік мақсаттарын атқару үшін Қоғам бұрын сатып алған бағалы қағаздарды сататыны туралы шешім қабылдағанын хабарлап, өз акционерлеріне төмендегі талаптарға сай, Қоғамның акцияларын сатып алудың артықшылығы бар құқын пайдаланып қалуды ұсынады:  

Орналастырылар (сатылар) бағалы қағаздардың саны және түрлері – Қоғам акциясының 2 660 000 (екі миллион алты жүз алпыс мың) данасы, оның ішінде:

Қоғамның жарияланған акциялары – 2 450 075 (екі миллион төрт жүз елу мың жетпіс бес) дана жай акция;

Қоғамның бұрын сатып алғандары – 209 723 (екі жүз тоғыз мың жеті жүз жиырма үш) дана жай акция және 202 (екі жүз екі) дана артықшылық берілген акция.

Орналастырылған жай акциялар (қоғам сатып алған акцияларды алып тастағанда) мен сатылатын жай акциялар санының ара салмағы – 1, 0789 (бұдан әрі –  коэффициент k1);

Орналастырылған артықшылық берілген акциялар (қоғам сатып алған акцияларды алып тастағанда) мен сатылатын артықшылық берілген акциялар санының ара салмағы – 1, 4752 (бұдан әрі –  коэффициент k2);

Бізде бар акционерлер артығымен сатып алуына болар акциялардың саны реестр тіркелген күні солардың жекеменшігінде болған акциялардың санын  k коэффициентіне бөлу арқылы анықталады. Егер бөлген кезде бөлшек сан шығатын болса, үтірден кейін тұрған сан алынып тасталып, алдындағы бүтін сан қолданылады. Мұндай жағдайда, Қоғамның жай акцияларын иеленген акционердің жай акцияларды немесе Қоғамның жай акцияларына айырбастайтын басқа да бағалы қағаздарды артығымен сатып алуға құқы бар, ал, Қоғамның артықшылық берілген акцияларын иеленген акционердің Қоғамның артықшылық берілген акцияларын артығымен сатып алуға құқы бар. 

Орналастыру (сату) құны – әрбір жай акцияға 500 (бес жүз) теңге және артықшылық берілген әрбір акцияға 500 (бес жүз) теңге;

Сатылар акцияларды артығымен сатып алуға құқы бар акционерлердің тізімі Қоғамның бағалы қағаздарын өзінде ұстаушылардың реестрлер жүйесіндегі мәліметтер негізінде, 2017 жылдың «28» маусымы күні 00 сағат 00 минутта тіркелді (бұдан әрі - «реестр тіркелген күн»).

Акционердің орналастырылған акцияларды артықшылығымен сатып алу үшін өтініш беруіне болатын мерзім – Қоғам акциялары сатылатыны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн.

Акциялар құнын төлеу мерзімі – оларды сатып алуға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 күннің аралығы.

Өтініш берілетін орын – Қоғамның ресми мекенжайы бойынша: 050013, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13;

Артығымен сатып алуға берілер құқыққа сәйкес, акцияларды     сатып алу үшін өтініш беруге болар мерзім өтіп кеткен соң, саудалаудан артылып қалған акциялар сатылым бағасы бойынша, Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіп негізінде, әрқайсысының өтініші қабылданған күн анықталып, кезек ретімен инвесторларға ұсынылады. 

Акционерлердің өтініші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 13 ақпанындағы № 31 Қаулысымен бекітілген «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды артығымен сатып алуын жүзеге асыру ережелерінің» талаптарын ескере отырып жасалуы тиіс.

Өтініш үлгісі осы жерде берілген.

Хабарласу үшін:
Абилова Айша Ержановна, Қоғамның корпоративтік хатшысы

Рягузова Ольга Викторовна, Қоғамның аға заңгері
+7 (727) 258-36-91 


«Коммерциялық Телевизиялық Арна» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2017 жылдың 25 мамыры күні өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес және «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағы негізінде, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, артықшылық берілген акцияларға дивидендтер төленетінін Қоғам акционерлеріне хабарлайды:

  1. Қоғамның атауы – «Коммерциялық Телевизиялық Арна» Акционерлік қоғамы; кенжайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, банк реквизиттері: БИН: 901140000112, есепшоты: KZ9684901KZ002467890 в АФ АО «Нурбанк», БИК: NURSKZKX,
  2. Дивидендтер төленуі тиіс кезең – өткен 2016 жылға;
  3. артықшылық берілген бір акцияға төленер дивиденд көлемі  – 88 тенге 53 тиын;
  4. дивидендтерді төлеу басталар мерзім – 2017 жылдың 15 маусымы, Қоғамның артықшылық берілген акцияларына төленер дивидендтерін алатын акционерлердің тізімі жасалған күн – 2017 жылдың 5 маусымы;
  5. дивидендтерді төлеу тәртібі мен сипаты – ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен төленеді, жеке тұлғаларға  Алматы қаласы, Республика алаңы, 13 мекенжайында орналасқан Қоғам  кассасынан төленеді немесе өздерінің банк есепшоттарына аударылады, ал, заңды тұлғалардың ақшасы есепшоттарына аударылады.

Дивидендтерді төлеу Қоғам акцияларын сақтаушылардың реестрлер жүйесінде акционердің өзекті деректемелері жайлы мәлімет болса ғана жүзеге асырылады. Ал, акционердің өзекті деректемелері жайлы мәлімет болмаған жағдайда, артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу акционер өзі туралы тиісті мәліметтер Қоғам акцияларын сақтаушылардың реестрлер жүйесіне енгізілгенін растайтын құжатты Қоғамға апарып өткізген соң жүзеге асырылады.

Қоғам акцияларын сақтаушылардың реестрлер жүйесін тіркеуді «Бағалы қағаздарды жалғыз тіркеуші» (Жалғыз тіркеуші) АҚ жүзеге асырады. Қоғам акцияларын сақтаушылардың реестрлер жүйесіндегі деректемелерді өзекті ету үшін, акционерлер тек қана «Бағалы қағаздарды жалғыз тіркеуші» АҚ-на баруы тиіс.  Оның мекенжайы: 050040, Алматы, Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 30А/3 үй, эл. пошта info@tisr.kz , тел./факс 8 (727) 272-47-60.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 25 мамыры күні өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұйғаруымен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қоғамның жай акцияларына дивидендтер төленбей, аударылған дивидендтердің ақшасын Қоғамды дамытуға жіберу туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз. 

Байланысу үшін:

Айша Абилова

Корпоративтік хатшы

+7 (727) 258 36 91,

a.abilova@ktk-tv.kz


«Коммерциялық Телевизиялық Канал» Акционерлік қоғамы 2017 жылдың 25 мамырында өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша, акционерлер қабылдаған мынадай шешімдерді хабарлайды:

  1. 2016 жыл бойынша жылдық қаржылық есеп бекітілді;
  2. таза кірісті бөлу тәртібі және Қоғамның бір акциясына есептеп бөлгендегі дивиденд мөлшері бекітілді;
  3. 2017 жылдың «15» маусымынан бастап, Қоғамның артықшылық берілген 298 акциясына ақша аудару және дивидендтер төлей бастау туралы шешім қабылданды;
  4. жай акциялар бойынша дивидендтер аударып, бірақ олардың ақшасын төлемей, осы жай акцияларға аударылған дивидендтердің ақшасын Қоғамды дамытуға жіберу туралы шешім қабылданды; 
  5. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің қалай қарағаны және олардың талқылануының нәтижесі туралы мәселе қаралды;
  6. Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Қоғамның атқарушы органына және басқарушы қызметкерлеріне 2016 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша берілер сыйақы мөлшері бекітілді;
  7. "G-Global Listing" ЖШС Қоғамның аудиторлық ұйымы ретінде келесі үш (3) жылға бекітіліп, ол атқарар қызметтерге төленер ақы мөлшері айқындалды;  
  8. Қоғамның 2 450 075 дана жай акцияларын басып шығару арқылы, осы Қоғамның жарияланған акцияларының санын 5 530 075 данаға дейін арттыру туралы шешім қабылданды;
  9. Жарғыға енгізілер (оны өзекті құжат етіп, Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында)  өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.  

***

«Коммерциялық Телевизиялық Арна» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылы 25 мамырда сағат 11.00-де өтетінін Қоғамның барлық акцонерлеріне хабарлайды. Қоғам атқарушы орган ретінде, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13 мекенжайында орналасқан.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін орын: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13.     

Қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – 2017 жылдың 25 мамыры, сағат 9:30.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінде қаралар мәселелер:

«Коммерциялық Телевизиялық Арна» акционерлік қоғамының 2016 жылғы қаржылық есебін бекіту;
«Коммерциялық Телевизиялық Арна» Акционерлік қоғамының өткен 2016-шы қаржылық жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның жай акциясына тиісті дивидендті есептегендегі мөлшерін белгілеу, жай және айрықша құқықты акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау;
Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің қалай қарағаны және олардың талқылануының нәтижесі туралы;   
Қоғамның аудиторлық ұйымын жаңа мерзімге белгілеу;
Қоғамның жарияланған акцияларының санын көбейту туралы.
Қоғам акцияларын шығару Аңдатпасына өзгертулер тіркеу туралы.
Қоғамның Жарғысына өзгертулер енгізу туралы.

Бірінші жиналыс өтпей қалған жағдайда, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылы 30 мамырда сағат 11.00-де сол мекенжайда дәл осы күн тәртібімен қайтадан өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлер тізімін жасау мерзімі – 2017 жылдың 25 сәуірі.

Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінде қаралар мәселелерге мыналар енгізіледі:

Қоғамның бір жылдық қаржылық есебі;
Бір жылдың қаржылық есебіне ұсынылар аудиторлық есеп;
Өткен қаржылық жылдағы таза кірісті бөлу тәртібі туралы және Қоғамның жай акциясына тиісті бір жылдың дивидендін есептегендегі төленер мөлшерін белгілеу бойынша Директорлар кеңесінің ұсыныстары; 
Қоғам Жарғысына енгізілер өзгерістер жобасы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына байланысты мәселелер бойынша материалдармен акционерлер 2017 жылдың 15 мамырынан бастап Қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады.

Жалпы жиналыстың өткізілу тәртібі Қоғамның Жарғысымен және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңымен белгіленген.

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.

{ktklive_translation}