«КТК» телеарнасының web-сайтын қолдану туралы Келісім

«КТК» телеарнасының web-сайтын қолдану туралы Келісім
 

Аталмыш Келісімде «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-ның  меншігі болып табылатын www.ktk.kz сайтының материалдары мен  сервисін басқа тұлғалардың қолдануы үшін рұқсат беретін шарттары көрсетілген. (әрі қарай «Қолданушы»)
 

1.Жалпы шарт


1.1. Сайт материалы мен сервисін қолдану ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес   қарастырылған.
1.2. Бұл келісім көпшілікке арналған оферта. Сайт материалдарына қол жеткізген қолданушы аталмыш Келісімге  қосылды деп есептеледі.  
1.3. Сайт әкімшілігі кез келген уақытта келісім шартын біржақты өзгертуге құқылы. Егер Қолданушы өзгертулерге келіспесе, Сайтты пайдалану мүмкіндігінен бас тартып, Сайт материалдары мен сервисін паайдалануды доғаруы тиіс.

 

  1. Қолданушының міндеттері

 

2.1. Қолданушы халықаралық құқық нормалары мен ҚР заңнамасына қайшы әрекеттерді істеуден аулақ болуға келісімін береді. Сонымен қатар, зияткерлік мүлік, авторлық немесе көршілес құқықты бұзатын, басқа да Сайт қызметі мен жұмысының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кез келген әрекеттерден аулақ болуға келісімін береді.

2.2. Сайтта жарияланған жеке меншік материалдардың (мәтін, сурет, видео) авторлық құқығы «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-на тиесілі. Басқа дереккөзден алынған мәліметтер болса, оларға  міндетті түрде сілтеме көрсетіледі.

Сайт материалдарын басқа да кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа, радиостанция, телеарналар, интернет) пайдалану үшін «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-ның жазбаша рұқсаты қажет емес.  

Баспа басылымдарына, телевизия, радиоларда суреттерді  қолданғанда мәтінде  дереккөз ақпараты ретінде «КТК телеарнасы» деп көрсету шарт.

Интернет желісінде қандай да бір ақпаратты қолдану үшін сол бетте бірінші және соңғы азат жолда дереккөз ретінде «КТК телеарнасының сайты» деп көрсетілген белсенді және іздеу жүйелеріндегі индексациясы ашық гиперсілтеме болу  шарт. Скриншот пен суреттер КТК телеарнасының логотипі сақталған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бейнематериалдарды  кез келген түрде жаңғыртуға, көшіруге және таратуға тыйым салынады.

«Новости», «Жаңалықтар» және «Блог»  тарауындағы бейнематериал барлық көрсетілген гиперсілтемелерді  белгілей отырып,  ktk.kz  сайтындағы ақпараттық мәтінді тек ақпараттық немесе сараптамалық материалға қосымша ретінде қолдануға рұқсат етіледі.

Аталмыш тараулардағы бейнематериалды пайдаланғанда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ  ktk.kz  сайтының жеке плеерінің  ifrem коды   салынылуы тиіс, плеердің кодына қандай да бір өзгеріс енгізуге үзілді-кесілді ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.      

«Новости», «Жаңалықтар» және «Блог»  тарауындағы бейнематериалдар басқа ресурстарда КТК арнасының логотипімен еш өзгеріссіз, сол қалпында іске асырылуы тиіс.

Сайттағы (ktk.kz)   басқа тараулардың  бейнематериалдарын  («Новости», «Жаңалықтар» және «Блогтан »  өзге)   жаңғыртуға, көшіруге, таралымға шығаруға ТЫЙЫМ  салынады. 

2.3. Қолданушының Сайттағы пікірлері мен  одан басқа да жазбалары  ҚР заңнамасына  және жалпыға ортақ қалыптасқан мораль, адамгершілік талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

2.4. Ескерту: Қолданушы сайтта көрсетілген сыртқы ресурстардың сілтемелерін пайдаланғанда  «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-на  жауапкершілік  жүктелмейді.

2.5.Сайттағы жазбалардың кез келген мазмұнына байланысты болуы мүмкін шығындар мен жоғалтулар үшін тікелей немесе жанама міндеттемелері жоқтығымен, тауарлар мен қызмет түрлері, авторлық құқықты тіркеу мен тіркелу туралы, ішкі ресурстар мен сайттар арқылы алынған Қолданушының басқа да байланыс мәліметтері, сайтта орын алған ақпарат немесе сыртқы ресурстарға сілтеме рқылы алынған мәліметтер үшін Сайт Әкімшілігінің тікелей жауап бермейтіндігімен Қолданушы келіседі.

  2.6. Қолданушы Сайттағы барлық материалдар мен қызмет көрсету немесе оның кез келген бөлімі жарнамамен сүйемелденіліп отыратыны туралы ережені қабылдайды. Қолданушы Сайт әкімшілігіне  аталмыш жарнамаға қатысты ешқандай жауапкершілік жүктелмейтіні және жарнамаға қатысты міндеттеме алмайтыны туралы ескертіледі.

3.Шарттың өзгертілуі

 

3.1.Аталмыш Келісім келісім-шарт болып табылмайды. Сайт аталмыш Келісімді өзгертуге және жаңадан  жазуға құқылы. Мұндай өзгертулер Сайтта жариялана салымен өз күшіне енеді. Келісім өзгертілген соң, Қолданушының  сайттағы материалды пайдаланғаны оның жаңа Келісімді қабылдағанын білдіреді.

 

                     4. Басқа да шарттар

 

4.1. Аталмыш Келісімнен немесе соған байланысты туындауы мүмкін даулар  ҚР заңнамасына сай шешіледі.

4.2.Егер Келісімде нақты белгіленбеген жағдайда, Келісімдегі еш нәрсе Қолданушы мен Сайт Әкімшілігі арасындағы агенттік байланысты, сондай-ақ серіктестікті, ортақ іс жүргізу, жеке байланысты жалдауды орнату болып табылмайды.  

4.3. Егер сот Келісімдегі  кейбір шартты растамаса немесе мәжбүрлі түрде орындауға мүмкін болмаса, ол Келісімдегі басқа шарттардың рас емес екендігін білдірмейді.  

4.4. Сайтты қолданушы Келісімдегі шарттарды бұзған жағдайда Сайт Әкімшілігінің әрекетсіздігі Сайт Әкімшілігінің Сайт материалдарын кешіктірілген мерзімде өз мүддесін қорғауға және заңға сәйкес авторлық құқығын қорғау құқынан айырылмайды, яғни кешігіп барып қорғауға құқылы.

4.5. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына қатысты талаптарына сай КТК телеарнасының сайлауалды үгіт-насихат материалдарының онлайн ретрансляциясын үшінші тұлғалардың жүзеге асыруына тыйым салынады деп ескертеміз. Бұл талаптарды бұзған үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес өздігімен жауапкершілікке тартылады.

Сайтты Қолданушы аталмыш Келісімдегі барлық шарттармен танысып, келіскенін және қабылдағанын растайды.

 

  

 

 

 

 

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.