Жалғызбасты әкенің тұрмыс тауқыметін шешуге министрдің өзі араласты
Астанада шиеттей бала-шағасымен жалғыз қалып, тұрмыс тауқыетін тартқан Қалмұрат Сейдақпаровтың мәселесін шешуге министрдің өзі араласты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова жалғызбасты әке туралы бейнематериалды кешегі жаңалықтарымыздан көргенін және тиісті орындарға нақты тапсырма бергенін мәлімдеді. Ал ойдажоқта жұбайы тастап кетіп, бес баласын 35 мың теңге жалақысына жалғыз асырап отырған батыр әкеге көмектесемін деп еліміздің барлық аймағынан, тіпті, шетелдегі қандастарымызға дейін хабарласып жатыр.
Мұндай тартуды күтпеген балғындардың жүзіне күлкі үйірілген. Бала көңіл ғой, жомарт жандар әкеп берген сыйлықтар мен тәттілерді өзара үлестіріп алып жатыр. Ал әкелерінің ұялы телефонына дамыл жоқ. «Қолұшын берейік» деп қоңырау шалғандарға жауап беріп үлгермей жатыр.
Дастарқан да бұл жолы жұтаң емес, жайнап тұр. Отбасының тартқан тауқыметіне бейжай қарай алмаған қайырымды жандар азық-түлік, киім-кешекпен қатар ақшалай да көмек беруде. Тіпті ғаламтор арқылы біздің арнадағы сюжетті көрген шетелдегі қандастарымыз да хабарласып, қаржылай қолдау көрсетуге әзір екендіктерін айтқан.
Қалмұрат Сейдақпаров, көпбалалы, жалғызбасты әке:
- Рахмет, сондай жігіттерге! Америкадан хабарласып жатыр, өздері бөтен мемлекетте жүріп. Азаматтарға рахмет!
Әйелі Өзбекстандағы бұрынғы куйеуіне кетіп қалып, бес баласымен жалғыз қалған 33 жастағы апталдай азаматтың тағдыры шенеуіктерді де селт еткізгендей. Шаңыраққа арнайы бас сұғып, балаларды бақшаға, оларға жәрдемақы алуға қажетті құжаттарын, сондай ақ баспана мәселесін қолдан келгенше шешіп беруге уәде етті.
- Осы құжатты әкелесіз. Куәлікті әкеліңіз. Ертең келесіз, сосын көмек көрсетеміз.
Қалмұраттың тартқан тауқыметін біздің жаңалықтардан көрген министр Гүлшара Әбдіхалықова да бейжай қалмаған.
Осылайша көңілі жомарт, пейілі кең азаматтар жалғызбасты әкені жалғыз қалдырып жатқан жоқ.
Хадиша 20:12 28.01.2012
«Батыр акеге
Калмурат туралы азирленген материал шынайы шыккан, журналситке колын созган адамдарга Алланын нуры жаусын. Астанага жолым туссе республикага танымал болган Жангелдин 110 А мекен жайын арнайы тауып алып адейилеп согамын. Жай бармай бир кыска жететин согымын менин мойнымда Халмурат. Шынайы маселени корсетип осындай батыр акени корсеткен КТк арнасына алгысымды билдиремин. Гулшара накты комектес показуха болып кетпесин осы маселени аягына дейн бакыла журналист мырзалар»
Айнұр Шарафаддинқызы 10:47 28.01.2012
«!!!
Ең алдымен қомағдық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын азаматтарға Алланың нұры жаусын! КТК арнасының журналистеріне барша қазақтың рахметі шексіз шығар, дәл қазір...Қатты жақсы көріп, сыйлайтын арнамның журналистері, еңбектеріңіз жана берсін! Ал, көп балалы ағаға айтарым - балаларыңздың қызығын көріңіз, тек жақсылық болсын! »
Нұржан 22:27 27.01.2012
«Абдраимов
Нағыз азамат екенсің Қалмұрат! Қайырымды адамдар аяққа тұрып кетуіңе қолұшын береді деген сенімдемін. Алайда, қосағыңызды аларда қатты қателесіпсіз. Өкінішті әрине. КТК арнасы, бірақ Қалмұраттың мекен-жайын ашық айтқаны ұнамады, қазір түрлі адам бар, ұрлық-қарлық көбейді. Сондай қателікті алда-жалда қайталамасаңдар екен.»