Қазақ радиосының жарқын дауысы - Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 90 жыл! Өмірінің 45 жылын радиоға арнаған әйгілі диктор көзі тірісінде-ақ «қазақтың Левитаны» атанған.   Бұдан өзге Қазақ радиосының қорында әйгілі диктордың оқуында 400-ден астам жазба сақталған.
«Қазақтың Левитаны» атанған Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына-90 жыл
«Қазақтың Левитаны» атанған Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына-90 жыл
0 6238

«Қазақтың Левитаны» атанған Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына-90 жыл


Қазақ радиосының жарқын дауысы - Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 90 жыл! Өмірінің 45 жылын радиоға арнаған әйгілі диктор көзі тірісінде-ақ «қазақтың Левитаны» атанған.  

Бұдан өзге Қазақ радиосының қорында әйгілі диктордың оқуында 400-ден астам жазба сақталған. Әнуарбек Нығметжанұлы 1923 жылы Семей қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. 1944 жылдан бастап өмірінің соңы 1989 жылға дейін Қазақ радиосында диктор қызметін атқарды. Кең тынысты, әуезді дауысты жүргізуші саяси, мәдени жаңалықты өзге тіпті балаларға ертегі де оқып эфирге шыққан. Телевизия мен кино саласында да біршама қалдырған еңбегі бар. Әріптестері: «Ол кез-келген мәтінге жан бітіре оқитын ырғақты дауыс иесі еді» деп еске алады. 

Сауық Жақанова, ҚР Еңбек сіңірген артисі, диктор:

- Соғыстың аяқталғанын Мәскеуде Левитан айтқан болса, жаңағы «фашистік Германияны жеңдік» деген сөзді қазақ тілінде бірінші дүниежүзіне жариялаған Әнуарбек Байжанбаев. Ол кісінің дауысы енді ауа толқынымен тербеліп шыға ма, бір ерекшелігі бар еді.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР