Әлемге танымал тауарлардың көшірмелерін жасап сатқан кәсіпкер қолға түсті
0 1446

Әлемге танымал тауарлардың көшірмелерін жасап сатқан кәсіпкер қолға түсті

Автор: Бек Әбиев
11.10.2013
Әлемге танымал тауарлардың жасанды көшірмелерін жасап сатқан Шымкенттік кәсіпкер қолға түсті. Оңай жолмен ақша тапқысы келіп, өз үйін өндіріске айналдырған тұрғынның қоймасынан Әділет департаментінің өкілдері 28 мың қорап кір жуатын ұнтақтар тапты.

Ерболат Нарбаев, ОҚО Әділет департаментінің бөлім бастығы:

- Жасырын қойма анықталып, тексеру барысында «ПроктерЭндГэмб» компаниясының «Эпл Сити» ТОО-сының арызына қатысты, продукциясына қатысты «Миф», «Тайд», «Фейри» өнімдері тауар таңбалары пайдаланғаны, өнім шығарып жатқандары анықталды.

Дайын дүниелермен бірге кір жуу ұнтағының ондаған қапқа салынған шикі түрлері де табылды. Оларды кәдімгі қаптан алып, қораптарға салып отырған. Бұл шағын үйдегі ауқымды цехта тек ұнтақ қана емес, шемішке, шәй, ашытқы сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдерді де танымал маркалардың  белгісімен шығарып келген. Тұтынушыларды сан соқтырған саудагердің қанша шығын келтіргені және жасанды өндірістің қанша уақыт жұмыс істегені де белгісіз. Тексеруге келгенде цехта жұмысшылар болмапты. Ал қойма қожайыны басқа қалада жүр екен. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.