Бүгін Тұңғыш Президент қорында Қазақстанның беймәлім тұстары жария етілді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрікті жерлерді фотоаппараттың аядай ғана көзінен көре білген шығармашыл топтың көрмесі ашылды. Қазақстандық «Фото Сафари» тобы «Беймәлім Қазақстан»...
«Беймәлім Қазақстан»
«Беймәлім Қазақстан»

«Беймәлім Қазақстан»

Бүгін Тұңғыш Президент қорында Қазақстанның беймәлім тұстары жария етілді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрікті жерлерді фотоаппараттың аядай ғана көзінен көре білген шығармашыл топтың көрмесі ашылды.

Қазақстандық «Фото Сафари» тобы «Беймәлім Қазақстан» жобасын осы қордың қолдауымен жүзеге асырған. Шараның басты мақсаты – еліміздің сырға толы сұлу өңірлерін көпшіліктің назарына ұсыну. Фототілшілер Тянь-Шаньнан бастап Алтай өңірі, қарт Каспийге дейінгі аралықты екі жыл ішінде аралап, қайталанбас туындылар жасаған. Әсіресе кең байтақ еліміздің заңғар таулары мен үстірті, ну ормандары мен ондағы жан-жануарлары ерекше көз тартады. Болашақта туған өлкенің әсемдігін жан-жақты айғақтайтын шара жалғасын таппақ.  

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар:

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Серіктестер жаңалықтары

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.