Олимпиада чемпионы бапкеріне сыйлаған пәтерін ақыры қайтарып алды
0 1755

Олимпиада чемпионы бапкеріне сыйлаған пәтерін ақыры қайтарып алды

Автор: Ербол Сейілхан
23.07.2014
Олимпиада чемпионы нағашысын нокдаунға жіберді. Атақты боксшы Бақыт Сәрсекбаев жеке бапкері болған туысынан ақыры пәтерін тартып алды. Бір қызығы олимпиада чемпионы бұған дейін соттан ұтылған болатын. Осылайша, іс жаттықтырушының пайдасына шешілген. Алайда, кассациялық сот ешкім ойламаған жерден алдыңғы шешімді өзгертіп, кезінде чемпионға демеушілер сыйға тартқан пәтерді Сәрсекбаевқа қайтарып берді. Бұған жаттықтырушыны айтпағанда, Бақыттың анасы да жағасын ұстап отыр.

2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаевтың жұлдызын жандырған бапкердің қазір күйі кеткен. Бала–шағасымен, бір топ шәкірттерімен Алматыда пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі атақты жиені нағашы ағасының ғана емес, кезінде өзі сыйлаған туған інісінің де пәтерін тартып алып тентіретіп жіберіпті.

Кәрім Махмұдов, Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері:

-Пәтерде  10 адам тұрамыз. Қасымда оқушыларым бар. Бақыттың бауыры  әйел бала-шағасымен бізбен бірге тұрады. Інісі Бауыржаннан пәтерін алып алды. Енді Бақыт маған берген  пәтерін  алып қойып отыр.

Кассациялық сот алқасының күтпеген жерден бұған дейін шығарылған шешімді өзгертуі Кәрім Махмұдовты есінен тандыра жаздады. Себебі жиенінің шағымды қарша боратқанына қарамастан бапкер  барлық сотты  тіпті апелляциядан да жеңген болатын. Оңайлықпен берілмеймін деген жаттықтырушы енді  Жоғарғы сотқа шағымданбақ. Ал ет жақын туысына берген пәтерін ақыры тартып алған ұлының әрекетін анасы да түсінбей дал.

Валентина Рахманова, Бақыт Сәрсекбаевтың анасы:

Күллі елге масқара болды. Қазақстанға ғана емес, Өзбекстанға да масқара болды. Бақытың ісіне барлығы күліп жүр. Ақылынан алжасқан сияқты.

300 мың доллар тұратын 3 бөлмелі элиталық пәтердің дауы Астанада жарты жыл бұрын басталған. Бейжің Олимпиадасынан соң Сәрсекбаев жеке бапкеріне пәтер кілтін көптің көзінше өз қолымен табыстапты. Сол сәт жазылған таспада бар.

-Кәрім Рахманұлының 55 жасқа толған туған күніне жұбайымыз екеуміздің атынан пәтер сыйлаймыз. Кәрім Рахманұлы құттықтаймыз.

Алайда арада 6 жыл өткенде чемпион айнып шыға келген. Кәрім Махмұдов Бейжіңнен кейін Лондонға апармады деген желеумен . Бала кезінен Бақытты өзі баптаған нағашы болса жиенінің сөзін өтірік деп отыр.

-Ал соттасып жүріп  қымбат сыйын кері қайтарған Бақыт Сәрсекбаевтың өзімен байланысудың сәті түспеді. Шетелге шығып кеткен. Бірақ боксшының аты тағы дауға қалып жатыр. Себебі жақында  ол араққа сылқия тойып алып  Шымкентегі қонақүйдің күзетшілерін соққыға жыққан. Енді шетелден оралған бойда, атышулы Сәрсекбаевты тағы бір сот күтіп тұрған секілді. 

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.