Тим Кук гей! Әйгілі «Apple» компаниясының басшысы  өзі жайлы осындай тосын сырын ақтарып, ағынан жарылды. Кук мырзаның көңілі көптен бері тек жігіттерде екен. Әрі мұнысын ұят санап отырған жоқ. Тим Кук: -Мен гей екенімді енді жасырғым келмейді.
Әйгілі «Apple» компаниясының басшысы гей екенін мойындады

Тим Кук:

-Мен гей екенімді енді жасырғым келмейді. Десе де ұзақ жыл бойы бұны құпия сақтап келгенім рас. Шындықты тек ет жақындарым, достарым және «Apple»-дағы әріптестерім ғана білді. Мен бұл әрекетімді ар санамаймын.

Осылай деп Тим Кук америкалық «Bloomberg Businessweek» журналына сұхбат беріпті. Әңгіменің ашық болғаны сонша, «Apple» басшысы: «Гей болуды мақтаныш санау керек» дегенді де айтып салыпты. Бірақ Кук мырзаның мұнысын қатты сынға алып жатқандар көп. Әсіресе, компанияның өнімін тұрақты тұтынып келгендер қатты қапалы. Араларында енді «Айфонға» «Гейфон» деп келемеждеп, смартфоннан бас тартып жатқандары да бар. Оның үсіне, осыдан бір ай бұрын ғана тұсауы кесілген «Айфон-6» да сәтсіздікке ұшырап отыр. Стив Джобстың шәкірттері шығарған соңғы гаджет тым сапасыз көрінеді. Ғаламторға оған дәлел болар бейнетаспалар қаптап жүр.