2014 жылдың ең даулы заң жобалары 1 қаңтардан күшіне енеді
0 3507

2014 жылдың ең даулы заң жобалары 1 қаңтардан күшіне енеді

Автор: Ербол Тұрымбет
30.12.2014
Қалтаны қағатын заңдар. Айтарлықтай күшейтіліп, айыппұлдары артқан заңдар арғы күннен бастап күшіне енеді. Үкімет ұсынған құжат елдің наразылығын тудырғанымен, олардың біреуі де Парламенттен кері қайтпағанын айта кетейік. Депутаттар бірауыздан мақұлдаған сол ережелер енді 1-ші қаңтардан бастап өз күшінде.

Мәжілістің жалпы отырысы өтетін мына залда талай дау тудырған заң жобалары талқыға түсті. Халық қалаулылары басында қарсылық танытқанымен, жеме-жемге келгенде Үкіметтің шулы бастамаларын қабылдап жіберді. Дәл осы депутаттар бекіткен әкімшілік кодекске сай, енді көшеде адамдардың мазасын алатын қайыршыларға 10 мың теңге айыппұл салынбақ.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

Бұл ақымақтық. Қаңғыбасқа қалай айппұл салуға болады? Сұмдық қой бұл.

Косаревтың айғайы ештеңені шешпейді. 1-ші қаңтардан тұрғындар қай қалада жүрсе де, міндетті түрде тіркеуге тұруы міндет. Баспанасы болмаса, жұмыс істейтін жерінде тіркеуге тұруы тиіс. Заңда белгіленген мерзімде тұрақты мекен тауып үлгермегендер, 9.260 теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ, атышулы «Жол жүру ережесі» туралы заң да күшіне енді. Онда кішігірім ереже бұзғаны үшін де, айыппұл көлемі екі есе өсіп отыр. Мәселен ендігіде көлікте бала отыратын арнайы орындықтың болуы және көлік шамының күнді-түні қосулы тұруы міндетті.

Жаңадан қолданысқа енетін қылмыстық кодекс полиция қызметкерлеріне де қиындық тауып берді. Ендігі жылдан бастап тәртіп сақшылары полиграф аппаратымен тексеріліп тұрмақ. "Пара аласың ба?", "қылмысты жасырмайсың ба?" деген сұрақтарға тәртіп сақшыларының өздері жауап беретін болады. Сондай-ақ, жаңа қылмыстық кодекс бойынша әскерге барудан бас тартқандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ.

-Біз тізбелеп шыққан жаңа заңдарды орындаудан басқа жол жоқ секілді.  Әйтпесе, қалтаңыз қағылып қып-қызыл шығынға батасыз. Әрине, бұл шенеуніктер үшін тиімді шығар, бюджеттің кірісі молаяды. Алайда, сарапшылар заң қатайтылып айыппұл көлемі өскенімен, ол мәселені түбегейлі шешеді дегенге сенімсіздікпен қарайды. Айтпақшы, екі күннен кейін Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды. Келер жылдың басты жаңалығы да осы болғалы тұр.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.