Бас прокуратура лицензиясы тоқтатылған оқу орындарының тізімін жариялады
0 3747

Бас прокуратура лицензиясы тоқтатылған оқу орындарының тізімін жариялады

Автор: Гүлнұр Имандосова
17.03.2015
Елімізде лицензиясы тоқтатылған университет, институт, академиялардың аты ақыры белгілі болды. Бас прокуратура ресми түрде жариялаған «қара тізімге» 18 оқу орны іліккен.

Лицензиясы 2 айдан 6-айға дейін тоқтатылғандардың арасында Алматы қаласының 6, Оңтүстік Қазақстан облысының 4,  Астана 2, Алматы облысы 1, Батыс Қазақстан 1 және Атырау, Қарағанды, Қызылордадағы оқу орындары бар. Қара тізімге Елордадағы «Астана» мен «Тұран» университеттері, Батыс Қазақстан инженер гуманитарлық институты, «Қызылорда облысындағы Қазақ-қытай институты мен Қарағандыдағы «Болашақ» университеті ілігіп отыр. Бұл жоғарғы оқу орындары білім беруден гөрі диплом үлестіруді жолға қойған. Ал әзірлеген мамандары шаласауатты. Ұстаздарының біліктілігі күмән тудырады, материалдық техникалық базасы да сын көтермейді.Білім министрлігі Бас прокуратурмен бірге лицензиясынан айырған оқу орындары кемшіліктерін жарты жыл ішінде түземесе, кадр дайындаудан мүлдем аластатылмақ. Осы аралықта студенттер білімін әзірше жалғастыра береді.

Лицензиясы тоқтатылған оқу орындарының тізімі:

1.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы 
2. Экономика және құқық академиясы
3. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
4. Қазақ инженер қаржы банк академиясы
5. «Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті» көпсалалы оқу-ғылыми-өндірістік кешені  
6. Экономика және статистика академиясы   
7. «Астана» университеті
8. «Тұран Астана» университеті 
9. Алматы облысындағы Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
10.  Батыс Қазақстан инженер гуманитарлық университеті  
 11. Қарағандыдағы Болашақ университеті 
12. Атырау инженер гуманитарлық институты
13. «Мирас» университеті
14.Қазақстан инженер-педагогикалық халықтар достығы университеті 
15.Шымкент аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті

16.Шымкент университеті
17.«Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институты, 
18. Қызылорда облысындағы Қазақ-қытай институты 

 

 

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.