Алматыда дәрігерлер отадан өткен науқастармен кездесті
0 1163

Алматыда дәрігерлер отадан өткен науқастармен кездесті


Тұрғындар денсаулығы – дәрігерлердің қатаң бақылауында! Алматыда медицина мамандары күрделі отадан өткен науқастармен кездесіп, ем-домдарының нәтижесін талқылады.

Мына жүзге жуық емделушінің басым бөлігі жүрекке ашық ота жасатқандар. Барлығы мемлекеттік бағдарламамен тегін емделген. Кездесу барысында жоғары білікті дәрігерлер науқастардың арыз-шағымын тыңдап, емнен кейінгі оңалту кезеңі туралы сөз қозғады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келгендерге сапалы қызмет көрсететін қазақ-түрік клиникасында 5 жыл ішінде мыңнан астам күрделі ота жасалған. Бәрі де әлемдік деңгейдегі ең соңғы озық құрал-жабдықтардың көмегімен іске асырылыпты. Ал пышаққа түскендерді мамандар жылдар бойы бақылауда ұстамақ.

Эркан Женгиз, «СЕМА» клиникасының бас директоры:

-Біз оларды операциядан кейін әрқашанда қадағалаймыз, қараймыз. Осы күнге дейін мыңнан астам  клапан ауыстыру сынды операцияларды клиникамызда жасап жатырмыз. Күрделі операцияларды. 

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Loading...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.