Білім министрінен қазақша сөйлеуді талап еткен сенатор Тоқаевтан сөз естіп тынды
1 27227

Білім министрінен қазақша сөйлеуді талап еткен сенатор Тоқаевтан сөз естіп тынды

Автор: Жәудір Оразхан
14.01.2016
Министрден мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткен сенатор  спикерден сөз естіп тынды. Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасын орысша жасаған Білім министрін жақтап, халық қалаулысының өзіне ескерту жасады. Төрағаға қарсы келмегенімен, депутаттардың Мәжілісті тарату жайына келгенде үндері батыл шықты.

Өз еріктерімен таратуды сұраған Мәжіліске қарағанда Сенаттың ұпайы түгел. «Сайлау» деген аты болмаса, олардың негізгі бөлігін президент, қалғанын халықтың атынан жергілікті Мәслихат таңдайды. Жоғары палатаның басшылық құрамындағы ауыс-түйіс те, ың-шыңсыз өтеді.

Бүгін Тоқаев аяқасты орынбасарын өзгертіп, кезінде Қорғаныс вице-министрі болған Сергей Громовтың кандидатурасын әріптестеріне бекіттіріп алды.

-Құттықтаймыз! Енді орныңызға отырыңыз.  

Осыдан соң сенаторлар алаңсыз алдарына келген заң жобаларын қарауға кірісті. Білім министрі елімізде білім алып жатқан бөгде мемлекеттің азаматтарын кемсітуге қарсы құжат әзірлепті. 56 жыл бұрын Парижде қабылданған халықаралық конвенция Қазақстан үшін де ауадай қажет екен.

Аслан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:

-Бұл заң Қазақстанда тұратын шетел азаматтарының балаларын да қорғайды. Яғни, елімізде оқып жатқан кез-келген адамды нәсілі, түрі, жынысы, ұлты мен діни сеніміне қарай бөліп-жармай, кемсітпеуіміз тиіс. Бәрі бірдей білім алуға құқылы.

Бұл бастамаға ешкім қарсы шыққан жоқ. Тек депутаттарға Аслан Сәрінжіповтің мемлекеттік тілде сөйлемегені жақпай қалды.

Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:

-Сіздің  мемлекеттік тілде баяндама жасауыңыз  сиреп барады, жоқ деп айтуға болады. Мұны ескеру керек.

Ал, ақталуға кіріскен Білім министріне спикердің өзі араша түсті.

Тоқаевтың қатқыл даусынан сескенді ме, бас мұғалімге ескерту жасаған сенатордың түрі бұзылып кетті. Тіпті кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:

-Депутат Еңсегенов, заңға байланысты сұрақ қою керек. Сіздің сұрағыңыздың заңға ешқандай байланысы жоқ.

-Мен төртінші сауалмен шатастырып алдым. Кешірім сұраймын.

Ал Сенат Мәжілістің ертерек тарқауын қолдап отыр. Есесіне, Парламенттің жаңа құрамында жас буынның көп боларына үміттері басым.

-Кемінде бір жартысы, әйтпесе 60 пайызы болады деп ойлаймын.

Бірақ, бұндай болжам екіталай сияқты. Оның үстіне төменгі палата депутаттарының  көбі жайлы орынтақтарына қайта оралғысы келетіндерін жасырмайды. Ал Сенатпен іргелес тұрған Мәжіліс тараған жағдайда, Жоғары палата әріптестерін жоқтатпауға сақадай саймыз деп отыр. Жұмыс істеуге құштарлығы артқан халық қалаулылары бүгін сол қарқынмен 4 бірдей заңды қабылдап жіберді.

ПІКІРЛЕР

Beibit Beibit
Beibit Beibit

Журттарга бари бир тилинде ,елинде ,жерин де кызык емес сиякты коринеди кейде. Неге сол мекемелерди мемлекеттен сырт жерге салып алып оз-оздеримен алысып отыра бермейди екен! Арким оз басынын камы артык айтса жанынан коркады.Биреу шенинен,биреу атагынан, биреу тагы сол сиякты нарсесинен коркып ашып айта алмайды. Бирак бул жасалып жатканнын бари дурыс емес кой, не жерин не тилин коргауга шамамыз келмей коркауга айналдык. Бас кеспек болсада тил кеспек жок!

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.