Көкшетау тұрғыны Ресей азаматы еместігін  дәлелдей  алмай жүр
0 1479

Көкшетау тұрғыны Ресей азаматы еместігін дәлелдей алмай жүр

Автор: А.Тұрғынбекқызы
29.02.2016
Көкшетау тұрғыны ойда-жоқта Қазақстанның азаматы болмай шықты. Леонид Воронин жаңа көлігінің құжатын реттеуге кіріскенде нотариустан Ресей азаматы екенін естіп, шалқасынан түсе жаздапты. Мән-жайды анықтауға тырысқанда, одан да сорақы жағдайға тап болған. Яғни 13 жылдан бері бірге тұрып жатқан жұбайының Мозамбикте туылғанын біліпті. Содан бері көші-қон басқармасын жағалап, тіпті Астанадағы Ресей елшілігіне 4 рет барып, мәселесін шеше алмай жүр. 

Бұл жағдай Леонид Ворониннің төбесінен жәй түсіргендей болды. Көкшетауда туып өскен 35 жастағы жігіт өмірінде Ресейге бір-ақ рет туысына қонаққа барыпты. Одан басқа шетелге шығып көрмеген. Қазақстан азаматтығынан оны кім, қашан шығарып тастағанын біле алмай жүр. Бәрінен бұрын, қазір оның мүлдем азаматтығы жоқ.

Леонид Воронин, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Содан бері, міне,1 жыл өтті. Көші-қон басқармасы,Сыртқы істер министрлігі, Ресейдің Астанадағы консулдығының араларында жүрмін. Бұл жерде қате кеткен. Мен ешқашан азаматтығымды ауыстыруға талпынған емеспін. Енді алдағы сайлауға да бара алмаймын ғой.

Осылай деп қынжылған Леонид қазір шаруаларын бітіруден қалған. Қайда барса да, алдынан азаматтық мәселесі шығады екен. Ал оның әйелі Юлия Оңтүстік Африкадағы Мозамбик мемлекетінің тумасы екенін естіп, таң-тамаша болған.

Юлия Воронина, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Күйеуім менің Мозамбикте туғаным туралы анықтаманы әкелгенде шошып кеттім. Өйткені мен ол елдің қайда екенін де білмеймін. Жанталасып компьютерден іздеп тауып алдым. Оңтүстік Африка екен. Әдемі жер екен

Көкшетауда тып тыныш өмір сүріп жатқан қарапайым отбасының осылайша бір жылдан бері берекелері кеткен. Ал көші-қон басқармасы компьютерде кеткен қателікті өзгертуге асығар емес. Олар Леонид қайтадан азаматтық алсын деп отыр.

Абай Жақыпов, Ақмола облыстық ІІД көші-қон басқармасының аға инспекторы:

-Шетелдік органдардан Қазақстан азаматтығынан шықты деген хабарлама түскеннен кейін бұл кісінің құжаттарына қатысты Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы белгі қойылды. Ресей федерациясының елшілігінен Ресей федерациясының азаматтығын қабылдамағаны туралы мәлімет әкелсе, бұл белгі алынатын болады

Ал азаматтығынан айрылып қалған көкшетаулық жігіттің жұбайының Мозомбикте туылған деген сөздің қайдан келгенін Көші-қон басқармасындағылардың өздері де білмей аң-таң. Бірақ оны өзгертеміз деп отыр.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Loading...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.