Ғаламторда «жұлдыз» атанғысы келген шымкенттік  жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр
0 2527

Ғаламторда «жұлдыз» атанғысы келген шымкенттік жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр

Автор: Бек Әбиев
10.03.2016
Шымкентте 6 дос бірдей «Лада Приора» алып, бәрі 031 нөмірін тағып, онысын ғаламторға жариялаған. Ал мұны көрген жергілікті полицейлер оларды тұраққа жеткізіп, әрқайсына қомақты айыппұл салды.

Сериясы өзге болса да нөмірі бірдей көліктердің қалада тізбектеліп жүргені полицейлерге ұнамаса керек. Құжаттарынан ешқандай кінә таппаған соң олардың техникалық жағдайын тексерген. Енді серіппесін қырқып, көліктің астын төмендеткені үшін әрқайсы 30 мыңнан айыппұл төлеуі тиіс. Бұған дейін тюнинг жасалған машиналарға мән бермеген полицейлер енді бар жұмысын ысырып қойып, бүкіл Шымкенттен асты төмендетілген көліктерді ұстап қамаймыз деп белсеніп отыр. Бірақ жүргізушілердің өзі қандай заң бұзғанын түсіне алар емес. 

Нұрмұхаммед Тәліпбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Бізді бір үлкен қылмыс жасағандай осы жерге әкеп жауып қойды. Не үшін тұрғанымызды, бұл жерде не болып жатқанын бізге түсіндіріп жатқан жоқ. Не заң бұзды? Біз осындай бірдей көлік, бірдей нөмірмен жиналып жүреміз қалада бос уақытымызда.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.