Жезқазғанда мас жүргізушіні шапалақпен ұрған полицейдің 5 жылға сотталуы жұрттың наразылығын тудырып жатыр. Тәртіпке бағынбағаны былай тұрсын, Төлеген Игімбековтің бетіне кіші дәретін шашып жіберген адамды жәбір көрушіге айналдыру ақылға сыйымсыз дейді тұрғындар.
Жезқазғанда жұрт полицейдің бетіне  дәретін шашқан жүргізушінің жазалануын талап етті

Жезқазғанда жұрт полицейдің бетіне дәретін шашқан жүргізушінің жазалануын талап етті

Жезқазғанда мас жүргізушіні шапалақпен ұрған полицейдің 5 жылға сотталуы жұрттың наразылығын тудырып жатыр. Тәртіпке бағынбағаны былай тұрсын, Төлеген Игімбековтің бетіне кіші дәретін шашып жіберген адамды жәбір көрушіге айналдыру ақылға сыйымсыз дейді тұрғындар.

Наркодиспасерде полицейдің бірі орындыққа кеп отырған адамға тарпа бас салғаны мына кадрде түсіп қалған. Бірақ таспаны бәсеңдеткенде, есіктен кіре бергенде жаңағы полицейдің тоқ ұрғандай күйге түскені көрінеді. Сөйтсе, мас жүргізуші кіші дәретін шашқан екен.

Сейіт Жақаев, нарколог:

-Қолына ұстап келе жатқан кіші дәретін полицейге шашып жібергенін көрдім. Алкотестер мен қанның сараптамасын мойындамай қойған соң, кіші дәретін алып келе жатқан болатын. Аузына келгенін айтып, білгенін істеп, бізді де, полицейлерді де адам құрлы көрмеді.

Бұрын өзі де ішкі істер саласында істеген Қанат Елубаев ертесінде- ақ «полицейлерден жәбір көрдім» деп арыз түсірген. Қозғалған іс сотқа жетіп, судья Төлеген Игімбековтың әрекетін қызмет бабын асыру деп тапты. Сөйтіп 5 жыл жаза кескен.

Төлеубай Мусин, Т. Игімбековтың адвокаты:

-Төлегеннің түсініктемесін, куәгерлердің барлығы растағаны айтылды. Бірақ, аяғында бәрі керісінше болып кетті. Демек, кіші дәретті үсті-басына шашып кеткен адамға қарсы әрекет жасау қылмыс деп табылған.  

Елубаевтың өзі полицейге кіші дәретін шашпадым деп отыр. Керісінше көлікті тоқтатқаннан бастап, наркологияға келгенше ұрып-соқты, өздерінің қылмысын жасыру үшін сау болсам да, дәрігерлермен ауыз жаласып жала жапты дейді. Ал үкімді естігелі Төлегеннің туыстарынан ес кеткен. Тек, айы күні жақындаған аяғы ауыр жұбайы ғана балалары үшін сабырлық сақтауға тырысады.

Төлеген Игімбековтың апелляциялық арызы  облыстық сотта қаралады. Алаңдаған жұрттың үміті де осында. Ал Қанат Елубаевтан тәртіпке бағынбай, полицейлерге күш қолданғаны, бөтеннің мүлкін қиратқаны үшін қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша жауап алынып жатыр екен. Жүргізуші куәлігінен де айырылып, қазір сотқа дейін кепілмен бостандықта жүр.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар: