Әскердегі әлімжеттікке шағымданып, өзі тергеуге алынды. Ұлттық гвардияның қатардағы жауынгері Мәскеудегі әскери жоғары оқуына түсіп, ол жерде оңбай таяқ жегенін айтады. Кезекті демалыстан соң денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалған. Сондықтан оқудан шығарылып, енді ауыстырылған әскери бөлімге...
Алматыда әскердегі әлімжеттікке шағымданған жігіттің өзі шатылып жатыр

Алматыда әскердегі әлімжеттікке шағымданған жігіттің өзі шатылып жатыр

Әскердегі әлімжеттікке шағымданып, өзі тергеуге алынды. Ұлттық гвардияның қатардағы жауынгері Мәскеудегі әскери жоғары оқуына түсіп, ол жерде оңбай таяқ жегенін айтады. Кезекті демалыстан соң денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалған. Сондықтан оқудан шығарылып, енді ауыстырылған әскери бөлімге...

Мына суреттердегі Әлинұр Амангелдинов жастайынан генерал болуды армандап, арнайы оқу орындарын аяқтаған. Кейін Мәскеудегі әскери училищеге түсіпті. Бірақ жоғарғы курстағылардан әлімжеттік көріп, оңбай таяқ жейтіндігін қысқы демалыста келгенінде айтқан.

Айдана Амангелдинова:

-Қал-жағдайы жаман болды, көзінің асты ісіп кеткен, өзі әбіржіп кеткен. Басы ауырады, қозғала алмайды. Мен білген жоқпын қатты ұратынын.

Денсаулығына байланысты қаңтарда оқуын жалғастыра алмай қалған жігіт Алматыдағы госпитальда 8 күн емделіпті. Кейін белгісіз себептерге байланысты оқу орнына емес, өз үйіне кеткен. Содан бері дәрігерлерге қаралса да, оңды нәтиже жоқ.

Әлинұр Амангелдинов, қатардағы жауынгер:

-Пока никаких изменений нету в здоровье, голова все еще болит.

-Ты сам хочешь служить?

-Я хотел служить. Это было моей мечтой, понимаете! У меня была мечта стать генералом.

Таяқ астына алғандарға қарсы арыз жазылған. Бірақ іс сағызша созылып келеді, салдарынан өзі оқудан шығарылып, жергілікті әскери бөлімге ауыстырылған екен. Бұл жайлы бірнеше рет ескертілген де.

-Расторгнут контракт с ним, он отчислен с этого военного университета и направлен для дальнейшей службы в воинскую часть 5571.  

5 айдың ішінде қатардағы жауынгерге екі мәрте ескерту жасалып, кеше жедел-жәрдем көлігімен мәжбүрлі түрде бөлімге жеткізілді. Себебі ол әлі әскери қызметкер болып табылады.

Нұрлан Мұхамедов, №5571 әскери білімінің бастығы:

-ІІМ госпиталіне ем қабылдау үшін жіберілген. Кешегі күнге дейін ол үйынде емделіп келген. Сондықтан біз оны мәжбүрлі түрде әскери бөлімге жеткіздік. Оны осы жерде емдеп, сырқат болған жағдайда комиссиядан өтеді.

Қазіргі таңда Әлинұр Амангелдиновтың арызы Астанадағы бас әскери полицияның өндірісіне алынған. Ал оған қатысты іс бөлек қаралуда.

Осылайша Мәскеуге кеткен қатардағы жауынгер Амангелдинов Алматыдағы Ұлттық гвардияның санитарлық бөлімінен бір-ақ шықты. Оған әскери қызметтен жалтарды деген айып тағылып, қазір қылмыстық іс қозғалған. Енді арнайы медициналық сараптамадан соң оның жазаға тартылуы немесе әскери қызметтен босалтылуы белгілі болмақ.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар: