Теңгемен депозит ашқандардың сыйақысы төмендеп қалды! Бұған дейін ақшаны ұлттық валютада ұстауға үгіттегендер біртіндеп теңгелік депозиттердің пайызын қысқартып жатыр. Кезінде 14-ке дейін көтермелеген банктер, енді оны 2-ден 2,9 пайызға дейін кеміткен.
Банктер теңгемен депозит ашқандардың сыйақысын кемітіп тастады
Банктер теңгемен депозит ашқандардың сыйақысын кемітіп тастады
0 16430

Банктер теңгемен депозит ашқандардың сыйақысын кемітіп тастады


Теңгемен депозит ашқандардың сыйақысы төмендеп қалды! Бұған дейін ақшаны ұлттық валютада ұстауға үгіттегендер біртіндеп теңгелік депозиттердің пайызын қысқартып жатыр. Кезінде 14-ке дейін көтермелеген банктер, енді оны 2-ден 2,9 пайызға дейін кеміткен. Бірақ бұл теңгеге деген сенімнің азайғанынан емес деп түсіндірді Ұлттық банктегілер. Әрі жұрттың жинақтарына да айтарлықтай әсер етпейді екен. Бүгін бас банктегілер несиені таныстарына оңды-солды таратқан Казинвестбанкіндегі былықты да айтты.

Бақандай 24 жыл қызмет етіп, бір-ақ күнде барынан айырылған «Қазинвестбанктің» жұрт білмейтін қыры жетіп артылады екен. Қаржылай аударымдарды кешіктіргені былай тұрсын, ақшаның көзін бес саусақтай біліп алған қызметкерлері несиені таныстарға таратып, банкті тақырға отырғызыпты.

Александр Терентьев, Ұлттық банктің басқарма басшысы:

- «Қазинвестбанктің» ерекше клиенттері болған. Яғни, қарызы бола тұра қайтара несие беріліп отырған. Ал ақша сол күйі қайтпаған. Банк қызметкерлерінің ол қаржыда өз үлесі болған болуы мүмкін. Ол жағы қазір тексеріліп жатыр.Тексеру бітпей, олардың аты-жөнін жариялай алмаймыз.

Банк берген несиелердің тең жартысы осылай жалған болып шыққан. Қулығын асырмақ боп лиценциядан қағылған «Қазинвестбанктің» директорлары қазір түгелдей тексеріліп жатыр. Ал 8 мың салымшы ақшасын қалай да алады деп сендірді Депозиттерге кепілдік беру қоры басшылығы. Бірінші кезекте 10 млн-ға дейінгілері қайтарылмақ. Одан да көп жинағы бар 52 клиент бар екен. Олардың мәселесі кейінірек қаралмақшы. Сондай-ақ, Ұлттық банк бүгін теңгемен сақталған депозиттердің сыйақы пайызы түскенін де хабарлады.  

Бақыт Қоғылов, Депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы:

-Теңгелік депозиттердің сыйақы мөлшерінің төмендеуі екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестікке ыңғайлы жағдай туғызады. Оларға да адал жағдай жасауымыз қажет. Осы себепті, директорлар кеңесі осындай шешімге келді.

Кезінде пайыздық мөлшерлемені 14-15-ке дейін көтермелеген банктер, енді оны 2-ден 2,9 пайызға дейін кемітіп жатыр. Бірақ бұл теңгеге деген сенімнің азайғанынан емес дейді мамандар. Қайта жинағын ұлттық валютада сақтайтындар саны соңғы уақытта біршама артыпты. Әрі сыйақы 2 пайызға төмендегінімен клиенттердің депозиттеріне айтарлықтай әсер етпейді деп сендірді Ұлттық банктегілер.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.