«Ірі көлемде пара алды» деп ұсталған Қуандық Бишімбаев 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрінің қанша ақша алғаны әзірге құпия ұсталып отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде, оны майшелпекке айналдырған деп күдіктенеді.
Қуандық Бишімбаев кемі 15 жылға сотталуы мүмкін
Қуандық Бишімбаев кемі 15 жылға сотталуы мүмкін
0 2843

Қуандық Бишімбаев кемі 15 жылға сотталуы мүмкін


«Ірі көлемде пара алды» деп ұсталған Қуандық Бишімбаев 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрінің қанша ақша алғаны әзірге құпия ұсталып отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде, оны майшелпекке айналдырған деп күдіктенеді. Танымал шенеуніктің сыбайластары делінген «Бәйтеректің» бірқатар лауазымды топ-менеджерлерінің екі айдан бері   қамауда отырғанын да айта кетейік. Жастайынан жеткен жетістігі жайлы кітап жазуға болатын Қуандық Бишімбаевтың қызметін тілшіміз зерделеп көрді.

-Қуандық Бишімбаевтың көз ілеспес жылдамдықпен өскен саяси карьерасына қызығып та, қызғанып та қарауға болатын еді. 19-ында университет бітіріп, Америкада «Болашақпен» оқып, 3 жоғарғы оқу орнын үздік бітірген вундеркиндттің мемлекеттік қызметтегі бас айналдырарлық еңбек жолы  да 21 жасында-ақ басталып кеткен.

25-інде министрдің кеңесшісі, кейін «Самұрық-Қазынада» төрағаның орынбасары болды. «Бәйтерек» ұлттық холдингін де 3 жыл басқарған. Қараша айында дәл осы холдингтің еншілес компаниясы "Бәйтерек DEVELOPMENT" төрағасының орынбасары, Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы мен бірнеше атқарушы директор 288 миллион теңге парамен ұсталған еді. Арада көп уақыт өтпей тергеушілер бұл іске  Қуандық Бишімбаевтың да қатысы барын анықтаған сияқты. Сөйтіп, экс-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалып, өзі изоляторға жабылды.

-Қуандық Уәлиханұлы сізге сөз беріледі.

Жер дауынан кейін Ұлттық экономика министрлігін бар-жоғы 8 айдай басқарған Үкіметтегі ең жас шенеуніктің жоспары көп болатын. 36 жастағы Қуандық Уәлиханұлы ипотеканың пайызын төмендетіп, арзан баспана тұрғызып, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы халыққа 10 сотық жер таратуға уәде еткен.

Қуандық Бишімбаев:

-Азаматтарды жер учаскелерімен инфраструктурасы бар учаскелермен қамтамасыз ету. Бұл  адамдарға жеке үйлерін салуға беріледі.

Алайда, осы тұрғын үй салуға бюджеттен бөлінген қыруар қаржыны тендерден ұтып беру үшін «Бәйтерек» холдингінің менеджерлері  кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған. Мол ауызбастырықтың бір бөлігі -  Бишімбаевтың да қалтасын қампайтқан сыңайлы. Өйткені, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро мақтаулы министр сыбайластарымен ауыз жаласып, ірі көлемде пара алған деп отыр. Миллиондарды атқамінер жеке басының қажетіне жаратыпты. Енді изоляторда тергеушілердің ақша туралы сұрақтарына жауап беріп жатқаны анық.

Қуандық Бишімбаев:

-Қандай ақша жайлы айтып тұрғаныңызды білмеймін. Барлық ақша игеріліп жатыр.

Қазақстандағы ең табысты шенеунік, ақша санаудан ғана емес, саксафонда ойнаудан алдына жан салмайтын.

Енді әнмен күйдің орнына ол, изоляторда тергеу материалдарын оқып, сот процесіне әзірленетіні белгілі. Егер Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Немесе алған парасының көлеміне қарай ірі айыппұлмен құтылуы да ғажап емес. Бір анығы шатылған экс-министрдің саяси карьерасы толық аяқталды деуге болады.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар:

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР