Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған 25 жастағы сержант 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.Тамыз айында болған төбелес дәмхана аумағындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Онда полицейлер араққа сылқия тойып алған төрт жігітті патруль көлігіне күшпен отырғызуға тырысып жатыр.
Павлодарда дәмханаға келушілерді соққыға жыққан полицей сотталды
Павлодарда дәмханаға келушілерді соққыға жыққан полицей сотталды
0 315

Павлодарда дәмханаға келушілерді соққыға жыққан полицей сотталды


Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған 25 жастағы сержант 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

Тамыз айында болған төбелес дәмхана аумағындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Онда полицейлер араққа сылқия тойып алған төрт жігітті патруль көлігіне күшпен отырғызуға тырысып жатыр. Ақыры шыдамы тауысылған тәртіп сақшыларының бірі ұсталғандарды ұрып, басынан тепкілеген. Сөйтсе, дәмханада отырған бұл жігіттер басқа клиенттердің мазасын алған екен. Ал полицияны даяшылар шақырыпты. Қияңқы жігіттер келген тәртіп сақшыларына да бой бермей, соңы төбелеске ұласқан. Бірақ ақыры таяқ жеп тынған олар кейін өздерін аяусыз сабаған полицейге қатысты арыздарының жоғын айтқан. Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған сержанттың өзі 1 миллион теңге кепілақы беріп, бостандыққа жіберілген еді. Заңбұзушылықты көре тұра шара қолданбаған өзге төрт тәртіп сақшысының жұмыстан қуылғанын айта кетейік. Ал Темірхан Шарапиденовтің кәмелетке толмаған балаларының барын есепке алған сот оны шартты түрде ғана  бостандығын шектеп, мемлекеттік қызметтен аластату туралы үкім шығарды

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Сіздің атыңыз:

Адрес (оставьте пустым):

Хабар:

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР