Отандастарымыз Швейцарияда өтетін қысқы жарысқа ТМД елдері арасында бірінші болып қатысқалы отыр. Бұл спорттық шараның ерекшелігі, мұнда тек іш құрылысын ауыстырған адамдар ғана ойнайды. Біздің елдің азаматтары осы жазда ғана Малагада өткен Жазғы ойындарға қатысқан болатын.
Қазақстандықтар тұңғыш рет 21-ші қысқы трансплант ойындарына аттанып барады
Қазақстандықтар тұңғыш рет 21-ші қысқы трансплант ойындарына аттанып барады

Қазақстандықтар тұңғыш рет 21-ші қысқы трансплант ойындарына аттанып барады

Отандастарымыз Швейцарияда өтетін қысқы жарысқа ТМД елдері арасында бірінші болып қатысқалы отыр. Бұл спорттық шараның ерекшелігі, мұнда тек іш құрылысын ауыстырған адамдар ғана ойнайды.

Біздің елдің азаматтары осы жазда ғана Малагада өткен Жазғы ойындарға қатысқан болатын. Онда жүрегін ауыстырған Гүлмира Смаилова боулинг ойынында ұтып шығып, алтын иеленіп қайтқан еді. Ал бұл жолы Қысқы ойындарға қаржы тапшылығынан елімізден екі-ақ адам кетіп барады. Бірі бүйрегін, екіншісі жүрегін ауыстырған. Олар қарда жүгіру және керлинг бойынша ел намысын қорғамақ. Ойынға қатысушылардың айтуынша, жалпы ішкі ағзасын ота жасатып ауыстырған кез келген адамда енді тіршілікке жарамаймын деген қауіпті ой болады екен. Сол оймен науқастар психологиялық дағдарысқа түседі. Бірақ, одан арылу керек екен. Бүкіләлемдік трансплант ойындарының мақсаты да сол дейді мамандар.Ержан Мұхамадиев, «Сенім» қоғамының басқарма төрағасы:

-Адамдар осының бәрін көріп, гемодилиздегі адамдардың бәрі талпынып жатыр. Спортқа қатысамыз , өміріміз жақсы болады деген оймен жүр.Ол бір жағынан оларға психологиялық көмек.

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Серіктестер жаңалықтары