Ақтөбеде атылып өлді делінген арнайы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Байбек Қарымсақовты туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды. Кіші лейтенанттың денесі осыдан үш күн бұрын өзі кезекшілік атқарған қалалық әкімдік ғимаратының ауласынын табылған еді.
Ақтөбеде өзіне қол салған  офицердің әйелі сұмдық деректердің бетін ашты
Ақтөбеде өзіне қол салған  офицердің әйелі сұмдық деректердің бетін ашты

Ақтөбеде өзіне қол салған офицердің әйелі сұмдық деректердің бетін ашты

Ақтөбеде атылып өлді делінген арнайы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Байбек Қарымсақовты туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.

Кіші лейтенанттың денесі осыдан үш күн бұрын өзі кезекшілік атқарған қалалық әкімдік ғимаратының ауласынын табылған еді. Күзет басшылығы бұл жағдайды бірден суицид   деп мәлімдеген болатын. Алайда бұған марқұмның жары күмәнмен қарап отыр. Келіншектің  айтуынша, Байбек Қарымсақовты біреулер атып тастаған, не болмаса, өзіне өзі қол жұмсауға итермелеген.   

34 жастағы Байбек Қарымсақовтың денесі  отбасы соңғы жылдары паналап отырған  саяжай аумағындағы үйлердің бірінен шығарылды. Оның туған-туыстарына  марқұмның әріптестері де көңіл айтып келген екен.

Ауыр қайғы арқаласа да, арқасы қайыспаған марқұмның жары тілшілермен кездесіп, болған оқиғаға қатысты өз жорамалын айтып берді. Естеріңізге салсақ, күзетшінің денесі дүйсенбі күні кешкі сағат алтылар шамасында өзі кезекшілікте болған қалалық әкімдік ғимаратының ауласынан табылған еді. Басынан оқ жарақатын алған ол сол жерде тіл тартпай кеткен екен. Күзет басшылығы бірден «кіші лейтенант өзіне өзі қол салды» деп мәлімдеді. Алайда  марқұмның жары бұған сенбей отыр. Бағдагүл Жұбанованың айтуынша, оның күйеуін біреулер мұндай сұмдыққа баруға итермелеген, не болмаса атып өлтірген. 

Бағдагүл Жұбанова, марқұмның жұбайы:

-Мен өзіне қол салды дегенге сенбеймін.  Өйткені сол күні әкімдіктің қасында полициялар жүгіріп жүр екен. 3-те тексеру болған оларда. Содан кейін 4-те дау дамай болған. 4-те ол інісімен сөйлескенде ырсылдап тұрған. Оны біреулер қуып  атты, немесе атуға мәжбүрледі.

Келіншектің айтуынша, соңғы кездері оның  жары  жұмыстан шыққысы келіп жүрген екен. Сол жолы да кезекшілікке түсуге  аса құлшыныс танытпапты. Осыдан бес ай бұрын офицер шенін алған Байбекке қызғанышпен қараған біреулер күн бермеген көрінеді.

Бағдагүл Жұбанова, марқұмның жұбайы:

-Көре алмаушылык. Соңына түскен. Өйткені ол жақта  шенді сатып алады. 700 000 теңгеден бір миллионға дейін.  Бұл жағдай сағат 4-те болған. Бірақ маған кешкі 9 жарымда естіртті.   9-ға  дейін жасарын жасап, бәрін жинастырып, жуып қойған.

Келіншек тіпті олардың кім екенін де жасырмай аттарын атап,  түстерін түстеп берді.  Енді  бұл істің ақ-қарасын  арнайы комиссия анықтайтын болады. Алайда марқұмның жесірі бұл тексерудің әділдігіне де күмәнмен қарайтынын айтады. Енді 3 баласын жалғыз асырайтын келіншек күзет басшылығынан осындай жағдайда отбасына берілуі тиіс барлық жәрдемақыларды талап етпекші.  Сонымен қатар «күйеуім өзін өзі өлтірді дегенге мүлде сенбеймін» деп мәлімдеген ол  жарының абыройын сот арқылы ақтап алатынын да жеткізді. 

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Серіктестер жаңалықтары

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.