Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрін қатаң сынға алды. Премьерге Үкімет жиынында есеп берген министрдің баяндамасы ұнамай қалды. Өйткені, тапсырылған іс аяқсыз қалып жатыр. Әсіресе, соңғы 2-3 жылдан бері күнде айтылып жатқан жекешелендіру шарасын жауапты шенділер қожыратып жіберген.
Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрін қатаң сынға алды

Бақытжан Сағынтаев бүгін тым ашулы. Министрлер кабинетін тегіс жинап, жиын өткізген ол қол астындағыларды бір сыбап алды. Елімізде жекешеліндірудің қалай өтіп жатқаны премьерге ұнаған жоқ. Өйткені, бұл істі шенділер тым созбалаңға салып жіберген.

Яғни, мемлекеттің меншігіндегі компания, зауыт, компанияларды жеке қолға өткізу ісі кестеден қалып қойған. Әрі жекешелендіру өткізудің ереже, талаптары өрескел бұзылыпты. Яғни, аукциондар уақытынан кеш өткізіледі немесе нысандарды бағалау ісінде шикіліктер көп. Оның үстіне еліміз зауыт, квазимемлекеттік компаниялар мен түрлі мекемелерді сатып, санын азайта алмай отырғанда, Ұлттық экономика министрлігі тізімге тағы жаңа нысандарды қосып қойыпты. Бұл премьерді тіптен ашуландырып жіберді.

-А я спрашиваю: новые появились или нет?

- Да Бахытжан Абдирович добавили новые 168 обектов.

 –Я спрашиваю новые созданные обекты есть? Мы инвентаризацию завершили, перечень объявили. Почему новые появляются? Мы же будем бесконечно так работать.  

-Бакытжан Абдировия можно предоставить подробную справку позже..

-Вы пришли сегодня с докладом. В голове надо держать, а не у своих подчиненных спрашивать, требовать справку. Поэтому и получаются у вас новые предприятия: потому что нет никакого контроля. Абсолютно.

Ал, былтыр елімізде 200-ге жуық нысан жеке қолға өтіпті. Сөйтіп, бюджетке 108 миллиард теңге түскен. Енді биыл да елімізде жекешелендіру науқаны қызу жүрмек. Оған премьер шетелдің қалталы инвесторларын да тартуға тапсырма берді. Әрі алпауыт Ұлттық компаниялардың үлесі қашан халықтық IPO арқылы сатылатыны белгілі болды. 

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары