Ақылды технология бизнесті дамытудың қайнар көзі. Бүгін Алматыда жас ғалымдар бас қосып, еліміздегі өзекті мәселелерді жаңа технологияны пайдалу арқылы шешу жолдарын талқылады.Шараға жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ профессорлар қатысты.
Алматыда жас ғалымдар өзекті мәселелерді технологияның көмегімен шешудің жолдарын талқылады
Алматыда жас ғалымдар өзекті мәселелерді технологияның көмегімен шешудің жолдарын талқылады

Алматыда жас ғалымдар өзекті мәселелерді технологияның көмегімен шешудің жолдарын талқылады

Ақылды технология бизнесті дамытудың қайнар көзі. Бүгін Алматыда жас ғалымдар бас қосып, еліміздегі өзекті мәселелерді жаңа технологияны пайдалу арқылы шешу жолдарын талқылады.

Шараға жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ профессорлар қатысты. Олар Елбасы жолдауындағы 10 міндет, Қазақстанға  жаңа әлемнің көшбасшысы қатарына кіру үшін жастар тарапынан қандай істер жасалу керектігіне кеңінен тоқталды. Ақылды технологияны агроөнеркәсіпте және мемлекеттік басқаруда тиімді пайдалу жолдарын да айтты. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған шара Алматы Энергетика және байланыс университетінің қабырғасында өтті.

Махмұт Томанов, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

- Елбасы осы жолғы жолдауында жастарға көп көңіл бөлген. Ол қозғаушы күш. Ал Тұңғыш Президент қоры жастардың кез-келген бастамыз қолдайды. Ғылыми жобаларына гранттар бөледі. Тәжірибе алмасу үшін шетелге жібереді. Жас ғалымдардың жан-жақты өсуіне барынша жағдай жасаймыз. 

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Серіктестер жаңалықтары