Ақтауда 400-ден аса отбасы ипотекалық үйіне былтырдан бері кіре алмай жүр. Ал банк алдындағы қарызын осы айдан бастап төлеуі керек. Бар кінә жұмысын созбалаққа салған «Бәйтерек-Девелопмент» құрылыс компаниясында екен. Пысықай құрылысшылар пәтер кілтір қолдарына ұстатып та қойыпты.
Ақтауда ипотекалық үйіне кіре алмаған тұрғындар шу шығарды
Ақтауда ипотекалық үйіне кіре алмаған тұрғындар шу шығарды

Ақтауда ипотекалық үйіне кіре алмаған тұрғындар шу шығарды

Ақтауда 400-ден аса отбасы ипотекалық үйіне былтырдан бері кіре алмай жүр. Ал банк алдындағы қарызын осы айдан бастап төлеуі керек. Бар кінә жұмысын созбалаққа салған «Бәйтерек-Девелопмент» құрылыс компаниясында екен. Пысықай құрылысшылар пәтер кілтір қолдарына ұстатып та қойыпты. Бірақ, үйдің өзі дайын емес.

Құрылысты маңайлаған мына топ өздеріне тиесілі үйлеріне сырттай ғана көз тойдырып жүр. Жоспар бойынша 423 отбасы пәтерін өткен жылы алуы керек болған. Біразына пәтер кілтін қолдарына ұстатып та қойыпты.  Бірақ, құрылыс әлі күнге созылып келеді.

Тілектес Құндыбаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Заказчик кеше жиналыстың болатынын біліп, барлық адамдарға жалған кілт берді. Кілт ал, не керек, бізде кілт бар қолымызда. Біз бірақ кіре алмаймыз бұл үйге. Звондап, үйімді тапсырам, затымызбен көшіп келем десем айтады, тұра алмайсыз бұл жерде дейді. Ал біз кредит төлеп отырмыз. Үй біздікі. Біз оның ішіне кіре алмасақ, ондай үй бізге не керек?!

Тұрғындар пәтерлерін былтыр байқау бойынша ұтып алған. Енді осы айдан бастап банкке баспапаның қалған құнын төлей бастауы керек. Бірақ, бұл үйлер әлі адам тұратындай жағдайда емес. Айтуларынша, ауласын абаттандыруды былай қойғанда, қарапайым коммуналдық желілер толық жүргізіліп бітпеген.

Айгүл Аймұханова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Біз үйге әлі кірген жоқпыз, ертең 16-сында үйдің ақшасын төлеу керекпіз. Қалай төлейміз?! Үйге кірген жоқпыз. Үйдің іші қалай, білмейміз. Тек, кір, қара, мынау сенің пәтерің, мынау туалет-ваннаң дейді да бітті. Оның ішіне кіріп, өмір сүрген жоқпыз. Біз неғыл деп төлейміз?

Қала тұрғындарының бұл күйіне қала басшылығының да күйініп отырғаны көрінбейді. Әңгіменің көбісін «істеліп жатыр», «жасалып жатыр-мен» өрбітсе де бәрібір құрылыстың бүгін-ертең бітпейтінін мойындамасқа шарасы жоқ.

Нұрлыбай Аққұлов, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- Үйлердің араларын топырақпен толтырып, көтеріп, биіктетіп, оның беті нығыздалып және шебін тас төселіп, бардюрлер тартулы тұр. Бірақ, асфальт төсеу жұмыстары ауа-райына байланысты күн жылығанша кідіретін түрі бар.

Тұрғындар енді қалайда осы айдан бастап екінші деңгейлі банкке ипотекалық қарызын төлей бастауы тиіс. Бірақ, үйлеріне қашан кірері белгісіз. 

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары