Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Алматы облыстық Әділет департаментінің ұжымы басшысына қарсы шықты. Айтуларынша, Мейрамбек Қаныбеков қол астындағыларға дөрекі сөйлеп, былапыт сөз айтуы жиілеген. Төзімі таусылғандар оның үстінен Әділет министірлігіне шағым түсірген.
Алматыда Әділет департаментінің қызметкерлері басшыларының былығын әшкереледі
Алматыда Әділет департаментінің қызметкерлері басшыларының былығын әшкереледі

Алматыда Әділет департаментінің қызметкерлері басшыларының былығын әшкереледі

Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Алматы облыстық Әділет департаментінің ұжымы басшысына қарсы шықты. Айтуларынша, Мейрамбек Қаныбеков қол астындағыларға дөрекі сөйлеп, былапыт сөз айтуы жиілеген. Төзімі таусылғандар оның үстінен Әділет министірлігіне шағым түсірген. Алайда бұдан кейін мәселе шешілудің орнына басшы тарапынан жасалған қысым тіптен күшейген.

Алматы облыстық Әділет департаментінің ұжымы басшысының үстінен министірлікке хат жазған. Мұнда Мейрамбек Қаныбековтің озбырлығы суреттелген. Яғни, оның адамға зекіп сөйлеу, балағаттау сынды былықтары ашық айтылған. Дәл осы арыздан соң 40-қа жуық қызметкер қудалауға ұшырадық деген еді. Бірақ осы жолы тек Қаратал аудандық  әділет басқармасының басшысы Алмаз Айнақұлов қана келді. Оның айтуынша, өзгелері Мейрамбек мырзадан қорқады.     

Алмаз Айнақұлов, Қаратал аудандық әділет басқармасының басшысы:

-Қудалау бірінші рет болған жоқ. Мен қызметімнен кетуге де дайын болдым. Бірақ басшының бассыздығын әшкерелеп кеткім келді.

Әу баста топ болып, қазір департамент басшысымен бірге-бір ғана қалған Айнақұловтың айутынша, оның қолында Мейрамбек Қаныбековты әшкерлейтін аудио жазба бар.

- Сен ақымақ   неге аңдып жүрсің мені? 

-Екіжүзді оңбаған!   

Басшының осы мәнермен сөйлеуі мұндаға мамандарға да жұққан тәрізді. Өйткені мұнда жиі келетін тұрғындардың өзі ұжымнан шошып отыр. 

Дина Иманбекова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

 Мәдениет өте төмен.  Ешқандай бақылау жоқ. Кірген кезде менің аяқ қолым дірілдеп кетеді.  Кәнәлі адам сияқты жүреміз.

Басы дауға қалған басшының мәселесін енді мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары май-шаммен қарайды. Алайда әзірге оның кінәсі бар-жоғы белгісіз. 

Ұлан Қалжанов, Алматы облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасының басшысы:

-Департаментке Әділет министірлігінен материал келіп түсті. Алматы облысы әділет департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты. Қазіргі кезде тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралатын болады.

Ал Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы Мейрамбек Қаныбековпен тілдесу мүмкін болмады. Ол даулы істің жай-жапсарын түсіндіріп беруідің орнына кабинетіне тығылып шықпай қойды.   

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары