{metadescription}
Астананың жаңа әкімі қандай мәселелерді шешуі тиіс?
Астананың жаңа әкімі қандай мәселелерді шешуі тиіс?

Астананың жаңа әкімі қандай мәселелерді шешуі тиіс?

Ақордаға ауысқан Әсет Исекешевтің орнын Бақыт Сұлтанов басты. Ал Қаржы министрі Астана әкімі боп тағайындалды. Бұған дейін тек аппаратта қызмет істеген Сұлтанов бұдан былай 1 миллионнан астам тұрғыны бар  қаланың әлеуметтік мәселелерімен айналысуы тиіс. Сондай-ақ, бүгін  Нұрсұлтан Назарбаев  Президент әкімшілігінің жетекшісін неге ауыстырғанын да түсіндірді.

Бақыт Сұлтанов бүгінгі жұмыс күнін әдеттегідей Қаржы министрі болып бастаған. Ол Үкімет отырысына келіп, бюджеттің кірісі мен шығысы жайлы баяндама жасап та үлгерді. Дәл осы жиын үстінде Ақорда жақтан шұғыл ақпарат тарады.  Президенттің  Сұлтановты  Астана әкімі  қылып тағайындағанын естіген әріптестері  құттықтап жатты.

-Енді көмектесеміз. Жұмыстары табысты болсын. Қалаға жақсы өзгеріс әкелсін. 

Осылайша, Үкіметке министр болып кіріп, әкім болып шыққан Сұлтановтың міндеті де бір сәтте түбегейлі өзгерді. Қазына қаржысын  санап үйреніп қалған Сұлтановтың енді бас қаладағы комуналдық  шаруашылық жұмыстармен айналысуына тура келеді. 47 жастағы жаңа әкімнің алдында  үйлеріне кіре алмай жүрген үлескерлер,  жауын  жауса көлге айналатын көшелер мен көлік тұрағы, мектеп, балабақша салу сынды өткір  мәселелер тұр. Ал тәулікке жуық  әкімсіз қалған Астананың су жаңа басшысын Президенттің өзі  таныстырды.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

-Аса қадірменді Елбасы, қадірменді қауым, бүгін мен үшін өте маңызды күн. Өйткені, Елордамыз еліміздің тәуелсіздігінің символы. Қойылған міндеттерді орындауға, Астанамыздың өркендеуіне, дамуына бар күш-жігерімізді салуға сендіргім келеді.

Сондай-ақ, Назарбаев Президент әкімшілігінің басшысын неге ауыстырғанын да айтты. Президент бұл орынға Астананың экс-әкімі Әсет Исекешевтен асқан лайық  адам жоқ дейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сіздерге Президент Әкімшілігінің жаңа басшысын таныстырғалы отырмын. Таныстыратын ештеңесі жоқ, барлығыңа белгілі. Әсет Өрентайұлы Исекешев. Араларыңда бірге істеді. Көмекшім болды. Премьер-министрдің орынбасары болды. Жаңалыққа жаны жақын, жас. Сондықтан, әкімшілікте көп пайдасын тигізеді деп сенемін.

Осы кезге дейін әкімшілікті басқарып келген Әділбек Жақсыбеков өз еркімен арыз беріп, президенттен жұмыстан босатуды сұрапты. Зейнеткерлік демалысқа шыққан ол жеке бизнеспен айналыспақ. 

Әділбек Жақсыбеков:

-Все те годы, которые я работал с вами, это были лучшие годы в моей жизни. Вы знаете мою преданность вам, знаете, что я всегда отдавал себя всей душой на всех должностях, на всех направлениях, куда вы меня направляли.

- Ал Елорданың сегізінші атанған атанған Бақыт Сұлтанов өзіне дейінгі әкімнің бастамаларын жалғастыра ма, ол жағы да беймәлім. Мәселен, Исекешев қарамағындағылармен бірге өзі де қымбат қызмет көлігінен түсіп, таксиге отыруды жоспарлап  жүрген. Сол арқылы бюджеттің миллиондарын үнемдемек болған еді. Енді жаңа әкім таксиге мініп әлеуметтік желіде халықпен тілдесе ме, жоқ па, оны алдағы уақыт көрсетеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...