Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев ерен еңбегімен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау барысында барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Баршаңызды егеменді еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздер арқылы барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлі мейрам. Абыройы асқақ, беделі биік мерейлі мемлекетіміз өзінің екінші ширек ғасырлық белесіне қадам басты. Осы  жылдар ішінде біз аз уақытта сыннан сүрінбей өтіп, береке-бірліктің арқасында түрлі қиындықтарды еңсере білдік. Қазір Қазақстан төрткүл дүниеге толық танылған, халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесі болып танылды. Алдымызда тұрған мәртебелі мақсат-міндеттерге де бірлесе  қол жеткіземіз деп сенемін. Тәуелсіздікке тәу ететін кез келген халық үшін бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы алдымызда тұрған мәртебелi мақсат-мiндеттерге де бiрлесе қол жеткiзуге сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлық мерекеміз қарсаңында, жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегімен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Айта кетсек, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел игіліне еңбек етіп жатқан азаматтардың үлкен бір тобы "Отан", III дәрежелі "Барыс", "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек даңқы", II дәрежелі "Даңқ" ордені, II, III дәрежелі "Айбын" ордендері, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталып, "Қазақстанның Еңбек Ері" және "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер" атақтарын алды.
 

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Серіктестер жаңалықтары

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.