Дәрігерлер әйелдің көзінен 14 құрт алып шықты
Дәрігерлер әйелдің көзінен 14 құрт алып шықты

Дәрігерлер әйелдің көзінен 14 құрт алып шықты

Әдетте ит, мысық пен ірі қара малда болатын гельминт адам ағзасында тіршілік еткен.

Ғалымдар жануарларда ғана болатын Thelazia gulosa (гельминттің бір түрі) құртының адамдардың ағзасында тіршілік ете алатынын анықтады.

26 жастағы америкалық қыз Эбби Беклидің басынан кешкен оқиғасымен бөлісті. Ол 2016 жылы балық аулап жатқан кезде көзінен ұзындығы 1,3 сантиметр болатын құрт алып шыққан.

Көзі қызарып, басы ауыра берген соң бір аптадан кейін әйел ауруханаға барады. 20 күн ішінде дәрігерлер көзінің ішінен 14 құрт алып шығады. 

Ғалымдардың айтуынша, мұндай құрттарды көздің ішінен тезірек алып шықпаса, көздің ішкі қабығы зақымдалып, адам соқыр болып қалуы мүмкін.

Бірақ Эбби Бекли дәрігерлер құрттарды алып шыққасын бірден өзін жақсы сезінген, оның көзіне ешқандай зақым келмеген. 

Мамандар бұл паразиттер әйелдің көзіне Musca autumnalis шыбындары арқылы түсуі мүмкін екенін айтады. 

Серіктестер жаңалықтары