ВИДЕО: Малайзияда ешкі бір көзді лақ төлдеді
ВИДЕО: Малайзияда ешкі бір көзді лақ төлдеді

ВИДЕО: Малайзияда ешкі бір көзді лақ төлдеді

Малайзияның Сабах штатында ешкі бір көзді лақ төлдеді.

Ешкі 11 ақпанда лақтады. Оның иесі Аванга Росли Мат Таибаның (Awang Rosli Mat Taib) айтуынша, бүкіл ауыл бір көзді лақты көруге келген.

Оған Туэ Джабан (Tuah Jabang) деген ат қойылды.

Иесі лақты ветеринарға көрсеткен. Олар жануардың бір көзі жоқ болса да, жағдайы жақсы деген қорытынды шығарды.

Дегенмен, Аванга Росли лақты түтікше арқылы қоректендіріп отыр. Себебі оның аузы кішкентай. Өз енесін еме алмайды.

Туэ Джабан мутациясы циклопия деп аталады. Мұндай жағдай 16 мың жануардың бірінде кездеседі. Бірақ мутацияға шалдыққан жануарлар ұзақ өмір сүрмейді.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары