ФОТО: Turkish Open турнирінің алғашқы күнінде таэквондошылар 2 алтын алды
ФОТО: Turkish Open турнирінің алғашқы күнінде таэквондошылар 2 алтын алды

ФОТО: Turkish Open турнирінің алғашқы күнінде таэквондошылар 2 алтын алды

Қазақстанның таэквондо құрамасы (WT) Ыстанбұлда өтіп жатқан «Turkish Open» рейтингтік турнирінің алғашқы күнінде-ақ 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айтуар Шайкенов үздіктер қатарынан көрінді. Төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен ол, финалда 17:5 есебімен грекиялық Дионисиус Ропсаманикисті айқын басымдылықпен жеңді.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қайырбеков бес жекпе-жекте де қарсыластарынан басым түсті. Жартылай финалда ол өз отандасы, 2014 жылғы Азия ойындарының финалисі Нұрсұлтан Мамаевтан басым түсті.

Шешуші кезеңде бельгиялық Си Мухаммед Кетбиді 18:16 есебімен жеңіп алтын медальға қол жеткізді. 63 келіде Әлімжан Серікбаев екінші орын, Қазыбек Бақтиярұлы үшінші орынға табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, «Turkish Open» турнирі басталмай жатып, клубтар арасындағы Ыстанбұлда қатар өтіп жатқан Еуропа чемпионатында таэквондодан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Дереккөз: Қазақстан таэквондо федерациясы

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары