Той көйлегіне сыю үшін арықтап, бедеу болып қалды
Той көйлегіне сыю үшін арықтап, бедеу болып қалды

Той көйлегіне сыю үшін арықтап, бедеу болып қалды

Жаңа Зеландияда үйлену той блогері қалыңдық диетасын ұстанамын деп, бірнеше жылға бедеу болып қалды.

She Said Yes деген лақап атты блогер өзінің үйлену тойына дайындаламын деп, денсаулығына нұқсан келтірді.

Меган Хадчизон (Megan Hutchison) желіде той көйлегін дұрыс таңдамағанының салдарынан бірнеше жыл бала көтере алмағанын айтты. Салмақтың айтарлықтай жетіспеушілігі «аменорея» диагнозына, яғни етеккірдің келмеуіне әкелген.

Меган 2014 жылы анасынан айырылғаннан кейін, бірден салмақ тастаған. Қатты күйзеліске ұшыраған қыз мүлде тамақтана алмай, емделе бастады.

Бірақ, Меган емделіп жүрген кезінде өзіне сыймайтын тар той көйлегін сатып алып қойған. Сол көйлекке сыю үшін некелесу рәсіміне дейін өзін аштықта ұстап келген. Меган қажетті салмақ жетіспегендіктен үш жыл бойы бала көтере алмай жүрді.

Қыздың сөзіне қарағанда ол өзінің келбеті үшін қандай құрбандыққа барып отырғанын түсінген.

«Мен тек дене сымбатына ғана көңіл бөліп қарағанымның салдарынан, бала сүйу бақытынан айрылдым», – дейді блогерлер.

Меган өзінің қандай күйзелісті басынан кешкенін қайтадан бала көтеру туралы жаңалықты естігеннен кейін айтты. Ол үшін қыз 10 келідей салмақ жинаған.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары