ФОТО: Ғарыштан түсірілген Балқаш көлі
ФОТО: Ғарыштан түсірілген Балқаш көлі

ФОТО: Ғарыштан түсірілген Балқаш көлі

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров ғарыштан Балқаш көлін суретке түсіріп алды.

Ол ерекше фотосуретті желідегі парақшасында жариялады.

“Ғарышқа ұшқан сайын осы суретті жасауға тырысамын. Менің ғарышқа үшінші рет ұшуым және Балқаш көлінің үшінші суреті. Бұл – Жер бетіндегі құрлық ішінде орналасқан ағынсыз ірі көлдердің бірі. Ол Қазақстанда орналасқан”, — деп бөлісті Шкаплеров.

Шкаплеров ғарышта болған уақытында неше түрлі суреттер жасағанды ұнатады. Оның фото-топтамасында Байқоңырдың суреті де бар.

Айта кетейік, Антон Шкаплеров — ресейлік сынаушы-ғарышкер әрі ресейлік ВВС-дің полковнигі.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары