Астарлы ақиқат
Жексенбі, 19:00; қайталау сейсенбі 17:00-де
Жаңалықтар: Астарлы ақиқат - апталық ақпарат алаңы. Бағдарламада бүгінгі болмыс бұқпасыз, боямасыз баяндалады.
Түйіткілді тіршілік, қайшыкес көзқарас, айшықты апта – астарын ақтарамыз.
Өзі де РАС, сөзі де РАС!
Жаңалықтар: Астарлы ақиқат - апталық ақпарат алаңы. Бағдарламада бүгінгі болмыс бұқпасыз, боямасыз баяндалады.
Түйіткілді тіршілік, қайшыкес көзқарас, айшықты апта – астарын ақтарамыз.
Бағдарламаның жүргізуші–редакторы Дина Төлепбергенова журналистикаға жасында зер қойып, қанаттанған. Бұл жобада ол дидактикалық қайталаулардан ойысып, тың идея аясына ұмтылды. Оның мақсаты - мысқылмен намысты қайрау, көңілді толғандыру, ойлылыққа шақыру. Бәлкім біреулерге Динаның қадамы ерсі, дөрекі, тіпті тұрпайы көрінуі мүмкін. Ал ендігілер керісінше, ой тұнығымен жан суарады.
Дина Төлепбергенова
1984 жылы 9 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шымкент қаласында туылған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін алдымен «режиссура», кейін «экономика және менеджмент» факультеті бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1997-2001 – «ОҚТ-ШТД» телеарнасы. «Ақ желкен» балалар бағдарламасының тілшісі.
2001-2002 - «Отырар» телеарнасы. «Час без родителей» бағдарламасының редакторы.
2002-2004 – «Отырар» телеарнасы. «Жас толқын» жастар жаңалықтарының редакторы, жүргізушісі
2004-2005 – «Отырар» телеарнасы. Жаңалықтар бөлімінің тілшісі.
2005-2006 – «Астана» телеарнасы. Жаңалықтар бөлімінің тілшісі.
2006-2009- «КТК» телеарнасының Астаналық бөлімінің редакторы, Президенттік пул тілшісі.
2009- 2010 - «КТК» телеарнасы «Жаңалықтар» хабарының жүргізуші-редакторы.
2010 жылдың қаңтарынан қазан айына дейін «КТК» телеарнасының мемлекеттік тілдегі бағдарламалар бөлімінің аға редакторы, «Кейіпкер» бағдарламасының жүргізушісі.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жаңалықтар: Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі.