Қыз қылығы
Жексенбі, 18.40;
Қылықты қыздар көрермендеріне жаңа нұсқада жаңа бағдарлама ұсынбақ. Қазақстандағы тек қыздардан құралған жалғыз юморлық тележобаның бұл көрсетілімдері қызыққа толы оқиғалардан тұрады.
«ТВ шоп» айдары. Қос қария теледидар алдында бүкіл бағдарламаларды жібермей көріп қана қоймай, телеәлемінің ішіне кіріп, диалог құрады. Олардың көңілінен шығу қиын. Әжелердің пікірлеріне құлақ түрейік!
Ал «Суперкелін» айдарынан бас тартуға дәтіміз бармады. Екі ортада қалған күйеу жігіттің қандай шешім қабылдағаны, бір-бірінен қулығы асқан ене мен келіннің ішек-сілеңді қатыратын қылықтары таусылмас.
![]() ![]() ![]() |
||
![]() ![]() ![]() |
«Қыз NEWS» - шымшытырық оқиғаға толы қыздар жаңалықтары. Еліміздегі ең пысық, өсек десе құлағын түре жүретін талантты журналист керемет жаңалықтармен хабардар ете бермек.
«Балгер». Болашақты болжағыш, ақша десе әруақтармен сөйлесіп кететін балшы апайға қыздар жиі келгіш. Түрлі жағдаймен келген «клиенттердің» басын айналдырып, ақшасын сыпырып алатын қу балгердің қулықтары сан-алуан.
«ТЖО» - техникалық жөндеу орталығында үш қыз жұмыс істейді; қолынан келмейтіні жоқ, көліктің «іш құрылысын» өздерінің беттерін бояғандай етіп жөндейді. Құралдары: бұрымдарымен шаң сүртеді, тырнақпен болттарды бұрайды, кез келген көлікті атша шаптыртады.
Перизат Жапарова

1987 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келді. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 2008 жылы тәмамдап, НТК телеарнасында «Жұлдыздардан пайдалы кеңес» атты таңғы бағдарламаны жүргізді. 2009 жылдан бері КТК телеарнасында. Арманы - Қазақстанның атақты журналисі болып, халқына адал қызмет ету.
Гүлназия Жалғасқызы
Шымкент қаласында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ мәнерлеп оқу, шешендік өнері, қазақ тілі пәнінен жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің түлегі. Медиа саласына 2-ші курстан бастап атсалысқан. 2007 жылы Еуразия кинофестивалі ұйымдастырған «Ең үздік сюжет» аталымы бойынша байқауда «Астана» телеарнасының атынан жеңімпаз атанды. 2008 жылдан бастап КТК телеарнасында еңбек етуде. Арманы - еліміздің бетке ұстар журналисі, актрисасы болу.
Сәбина Емельбаева

1983 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 2007 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен бітіріп, магистрант дәрежесіне ие болды. Ал 6 сыныпта "Дидар" телеарнасында "Ақ желкен" бағдарламасының жүргізушісі болды. КТК телеарнасында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұжымда ұйымдастырушылық қасиеті өте жоғары, небір жағдайларда бәрінің басын қосып, мәселені ілезде шешуге дайын. Ішкі арманы да жоқ емес - бір тәуір жігітке тұрмысқа шығып, үлкен отбасын құру.





