Откройте лверь, я - счастье!
Бұл сериал көпшілігіне ақ жолтай болғаны анық. Қазақстандық актерлердің қатысуымен түсірілген комедиялық тұңғыш сериал отбасына арналған.
<!--line anons-->
Зәулім үйлерге толы шұрқыраған Алматы қаласына "жолына жөргем іліне ме?" деген үмітпен алыс ауылдан келген тепсе темір үзетін Бақыт есімді жігіттің басынан кешкен оқиғалары..."Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер" дегендей, басынан бақ ұшқан жігіт, тәуекел етіп, қайтсе де бақытын табуға бел буады.
Жалғанды жалпағынан баспақшы болған жігіттің оқиғасы оның туған ауылынан өріс алады. Ауылы көкейтесті проблемаларға толы: ауыз су тапшылығы, кеуіп-қатып қалған құдықтар аз болғандай, оның үстін тас басып қалған... Ал аудан басшыларынан еш қайыр жоқ. Тіршілік нышаны білінбейтін мүлгіген даланың қасіретіне кінәлі – дәу қатігез мыстан кемпір. Баяғы заманда ол уыздай жас жігіттен ұрпақ сұраған екен. Егер талабын орындамаса, «бүкіл ауыл шөлден қатады» деп қатер төндірген. Ал жігіт болса, мыстанға қарсы қулық ойлап тапты...Сонымен, олардың қандай келісімге келгені - «Откройте дверь, я- счастье!» сериалында аян болады.
Әрбір серия Бақыттың үлкен қаладағы жаңа жұмысқа орналасқан сайын кездестірген қызықты хикаясына толы.
Ал, махаббат ше? ...Әрине, махаббат сезіміне де ерекше орын берілген. Алматының ығай мен сығайларының бірі, адам айтқысыз бай адамның айдай таза, күндей нұрлы, әлпештеген қызы бар. Сол жалғыз қызын терезесі тең адамға тұрмысқа бермек болған әкесінің арманы орындала ма? Бақыттың жолына жөргем іліне ме? Еңсесі түскен жігіттің жұлдызы жана ма? Ендеше, әрбір отбасының ортасын толтырып, қуанышты үмітке жетелейтін «Откройте дверь, я- счастье!» сериалын міндетті түрде тамашалағандарыңыз дұрыс.
Жанры: комедия (12 серия)
Рөлдегілер: Нұртас Адамбаев, Даут Шахысламов, Сергей Погосян, Дәулет Әбдіғапаров, Гүлнара Досматова, Болат Әбділманов және т.б.
Өндіруші: КТК телеарнасы, 2008 жыл.