Құлдыраған, әлсіреген, құнсызданған, қайта нығайған теңге – өз қазынамыз!
Тепсе темір үзетін теңге!

Тепсе темір үзетін теңге!

Құлдыраған, әлсіреген, құнсызданған, қайта нығайған теңге – өз қазынамыз! Біреуден ілгері, біреуден кейін болса да, ұлттық валютамыз – өз ақшамыз!

Теңгемен бірге  өсіп, біте қайнасып келе жатқанымызға 24 жыл толды! Ұлттық валюта күні құтты болсын, ағайын!

Бұл мәліметті білуге тиіспіз:

1. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді.

2. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

3. Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер.

4. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8:00-де басталып, 20 қарашада сағат 20:00-де аяқталды.

5. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

6. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде ағылшынның «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

7. Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

КТК арнасына теңгенің бір құлдырап, бір нығайғанына қатысты экономист, қаржыгерлердің пікірлері әр түрлі. Сарапшылардың теңгенің болашағына жасаған болжамы мына жерден оқыңыз

КТК жаңалықтары биыл, 2017 жылдың тамыз айында теңгенің құнсыздануына не себеп болғаны жайлы қазақстандық сарапшылардың болжамын жариялаған болатын.  

«Шетел валюталары шарықтап, теңге тәлтіректей түсті! Ұлттық валютамыз доллар, еуро, рубльге қатысты арзандап барады. Еуропа ақшасы бізді қойып, доллардың өзін шаң қаптырып барады. Бірақ өзге валюталарға қатысты кері құлдилап жатса да, доллар бізде қымбаттауда. Тіпті санкцияға ілінген Ресей ақшасы да төл валютамызды әлсіретуде. Экономистер қазақ ақшасының қиындыққа тірелуін ішкі жағдайлармен байланыстырып отыр».

Ал Ұлттық экономика министрі халықты теңге бағамының құбылуына қатты мән бермеуге кеңес берді.

Сонда, Теңгенің құлдырауына не себеп

Теңге нығая ма?

Ұлттық банк теңгенің тұрақтылығын толық бақылай ала ма?

Төл ақшамыздың долларға шаққандағы бағамын арадағы алып-сатарлар белгілей ме?

Ал бүгін, 15 қараша – Ұлттық валютамыздың төл мерекесі күнгі Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттықтың таңертеңгі сессиясында 1 АҚШ долларының орташа бағамы 332,67 теңгені құрап тұр. 

Шетелдік валюта бағамы таңертеңгі сауда-саттыққа қарағанда, 0,46 теңгеге төмендеді. Сессия барысында 1 доллардың ең төменгі бағамы 331,95 теңге, ең жоғарғы бағамы 333,3 теңге деңгейінде. Сауда көлемі 187,35 млн долларды құрады.

Тәуелсіздігімізді дәлелдеп отырған бірден-бір рәмізіміз – теңгенің болашағы жарқын болады деп тілейік, ағайын!

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қазақ теңгесі  әлемдік нарықта абыройлы валюта болады деп сенеміз!

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Мектептегі былық: «Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін 2 мың 200 доллар әкелесің»

Ауырғанда не істемеу керек?

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз? 

Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»

Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...

Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

"Көріпкел" көр нәрсеге көзімді ашты

Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

КТК арнасы алаяқтарға алданбаудың амалын тапты

 

 

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

Новости партнеров

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.