Мұзафар Әлімбаев: «Ең жақсы өлеңімді мен әлі жазған жоқпын»
Мұзафар Әлімбаев: «Ең жақсы өлеңімді мен әлі жазған жоқпын»

Мұзафар Әлімбаев: «Ең жақсы өлеңімді мен әлі жазған жоқпын»

Сырын айтам деп шынын айтатын ақындар ешқашан жалған сөйлемейді. Әр ақын бақилық болған сайын біз қазақи қалпымыздан айырылып бара жатқандаймыз. Бұл туралы Мұзафар атамыз да байқаған: «Біреумен кездессең, адамды жақсы көрудің орнына «ой, оны қойшы, ол жүрген бір ез, оңбаған» дейді. Ондай жағдайда қалай ана тілін ардақтай алады?»

Бүгін, 29-шы қарашада қазақ жұрты ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге үлес қосқан абыз ақсақал, әдебиет алдындағы адал қаламгер Мұзафар Әлімбаевпен қоштасты. Атамыздың бай мұрасы мен өсиеті, кейінгі ұрпаққа жол бастайтын темірқазыққа айналатыны сөзсіз. 

Қазақтың маңдайына біткен жалғыз балбөбек «Балдырған» журналын ешкім ұмытпайды. Ашылған күнінен бастап 30 жыл басқарған жалғыз дана және дара, салған жолы сара бас редакторы болды. Баламен баланың тілінде сөйлей алатын ақындар қатарының көшін бастаған – Мұзафар атамыз. Атақ пен абырой да атаның сол қасиетіне бас иген болар.

«"Балдырған" журналындағы ұжым да күшті болды, ана тіліне деген махаббат та күшті болды. Баланы жанындай жақсы көретін, әрқашан да ардақтап, аялағысы келіп тұратын адамдар маған өте жақын. Қазақ балаларына кроссворд жасауды үйреттім. Оны мақтанып айтып отырғам жоқ, шын мәнісінде солай», – деген еді Мұзафар атамыз.

«Қадыр Мырза Әліні де, Тұманбай Молдағалиді де балаларлың тілін жатық білгені үшін жақсы көрем. Олар да жаман ағасын жақсы көрді».

Мұзафар атамыз балаларға 30-дан астам кітап сыйлаған жалғыз ақын. Қазақ шаңырағында өсіп келе жатқан әр тентектің үлкен өмірдегі досы да, ақылшысы да, ұстазыда тек Мұз ағаң болып қала береді. Ақын бақыты деген де, бәлкім, осы болар.

Әкеден жетісінде, шешеден он үшінде айырылған Мұз ағаң туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі болды. Әкенің аялы алақанын сезінбегені секілді ана мейіріміне де қанып жарымағаны рас.

«Аштықты көзбен көрдік, бастан кештік. Ұмытуға ешқашан болмайды. Сондықтан кейінгі ұрпаққа қашан да аштықтың жайын жасырмай, бұқпай айтып отыру керек». 

Ақынның өнердегі жеңісінің бар құпия сыры да қарапайым қалпынан айнымаған адамдығында болар.

«Халқымның әр күні жемісті болсын, әр жылы жеңісті болсын», – деп батасын берген еді жұртына Мұзафар атамыз.

Қарияның КТК арнасы «Жүрекжарды» бағдарламасына 2013 жылы 17-ші тамызда берген сұқбатын сайттан асықпай, мұқият қарап, әр сөзіне құлақ түруге мүмкіндік бар.

КТК арнасының ұжымы саналы ғұмырын қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне арнаған көрнекті қаламгер Мұзафар Әлімбаевтың туған-туыстарына көңіл айтады. Тоқсаннан асса да сөзі мен ісінен жаңылмай өткен қазыналы қариямызды  қазақ жұрты енді сағынышпен еске алады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шапағаттың шырағы: бес ай бойы жаны қиналған бес жасар бала

Жаны қысылған адам ұсақ ұрлыққа бара ма? Бір шелек көмір

Үйіңізде ет болсын, ет болғанда көп болсын

Тепсе темір үзетін теңге

Мектептегі былық: "Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін 2 мың 200 доллар әкелесің"

Ауырғанда не істемеу керек? 

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз? 

Ерсайын Ерқожа: "Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар"

 

Новости партнеров