«Алтын Жүрек» – сыйлығын Қазақстандағы ең қайырымды марапат деп атауға болады.
Еліміздің қайырымдылық аясындағы жалғыз ұлттық сыйлығы өз «Алтын жүректерін» іздейді

Еліміздің қайырымдылық аясындағы жалғыз ұлттық сыйлығы өз «Алтын жүректерін» іздейді

«Алтын Жүрек» – сыйлығын Қазақстандағы ең қайырымды марапат деп атауға болады. Өзгеге мейірбандылықпен қарап, қол ұшын соза білетін атымтай жандырды марапаттайтын сыйлық өмірге 2007 жылы дүниеге келді. «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдаструымен жанданған бұл жоба жыл санап өз мәртебесі мен деңгейін жоғалтпай келеді.                              

2016 жылы Қазақстандағы қайырымдылық аясындағы жалғыз сыйлық «Алтын жүрек» өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек»- қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді. Жыл бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеп келеді. Биыл жылдағы үрдісті жалғастырып «Алтын жүрек» сыйлығы өзінің 11-ші жылғы жұмысын бастамақ.

2016 жылғы ұлттық сыйлық номинанттары қатарында Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Жақсылық Үшкемпіров, "Рука помощи" клубының негізін салушы Рада Хайрушева,"Мейірбандар клубының" негізін салушы  Гүлмира Абдрашева, «ДОМ» милосердия қорына 5,5 млн теңге бөлген қарағандылық Нияз Сүндеталиев, 25 балаға ана атанған  Павлодарлық Екатерина Яценко, «МедИндия» жобасының авторы Анна Вербина т.б. бар.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2017 жылы 27 қазан сағат 20:00де, Алматы қаласы, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты рәсімінде марапатталады

Ұйымдастырушылар комитетінің мәліметтері бойынша 2015-2016 жылдар ішінде Қазақстан бойынша  15,8 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. Мейірімін өзінен бөлек, өзгелермен де бөліскен жандардың арқасында бүгінде елімізде 75 мектеп, 58 балабақша, 49 аурухана мен 1300 ойын алаңдары бой көтеріп, 3000 астам науқас балалардың өмірлері арашаланды. Жылсайынғы «Алтын Жүрек» сыйлығы «Бауыржан» қайырымдылық қорымен  2007 жылы меценаттылықпен қайырымдылықты дамыту мақсатында дүниеге келді. Әр жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен altynzhurek.kz ресми сайтына 100-ден астам өтініштер келіп түседі.  Өтініштерді  еліміздің әлеуметтік және мәдени салаларының белді тұлғаларынан құралған арнайы экспертті және қоғамдық кеңес мүшелері дауыс беру арқылы саралайды. «Алтын Жүрек» сыйлығына келесі 11 номинация бойынша қатысуға болады: «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін», «Жыл меценаты», «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы», «Жыл ұйымы», «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін».

КОММЕНТАРИИ

MassImov
MassImov 12-10-2017 17:54

Алтын Жүректі азаматтар аман болыңдар!

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

Новости партнеров