Санкциясыз күдіктіні 48 сағатқа дейін ұстауға ұсыныс жасалды
Санкциясыз күдіктіні 48 сағатқа дейін ұстауға ұсыныс жасалды

Санкциясыз күдіктіні 48 сағатқа дейін ұстауға ұсыныс жасалды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов  құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғыртуға бағытталған  заң жобасы бойынша баяндама жасады.  

«Заң жобасы бізге ешқандай жаңа өкілеттік берілмейді.  Ол бізге жаңа міндет жүктеп, жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Бүгінде құқық қорғау органдары   санкциясыз күдіктіні 72 сағатқа дейін ұстауға қақысы бар.  Бұны  48 сағатқа қысқартуды ұсынамыз.  Күдікті 18 жасқа толмаса, онда тіпті 24 сағатқа дейін, шара көптеген қылмыстар үшін ескерілген», - деді Жақып Асанов. 

Бас прокурордың  бұл бағытта тергеу бойынша құқық қорғау органдарының жұмысы тезірек орындалады деп ойлайды. «Өйткені, 48 сағатта тергеуші бар дәлелді жинап, прокурорға түсіндіруі тиіс. Прокурорды сендірсе, сотқа жүгініп шешімі шығады. Бұл 48 сағатта болуы қажет. Егер  үлгермесе, күдіктіні уақытша ұстау оқшаулағыштың басшысы босатуы керек. Шығармаса,   жауапкершілікке тартылады. 48 сағаттық мерзім халықаралық стандартқа сай. Ал экономикалық қылмыс тергелсе, ол кезде ешкімді қамамауды ұсынамыз. Ол бизнестегі адам қоғамға, жеке адамға онша қауіпті емес, қайта бос жүрсе, өзінің кәсібін жалғастырып, жұмысшылардың орнын сақтап қалады. Алайда кей қылмысты кәсіп деу қиын - жалған ақша жасау, қаржы пирамидасы, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысса,  оларды шектеп, қамауға алған дұрыс» - деді ол. 

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Новости партнеров

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.