Алматыда тағы да бір тегін мұз айдыны ашылды
Алматыда тағы да бір тегін мұз айдыны ашылды

Алматыда тағы да бір тегін мұз айдыны ашылды

Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Март» сауда ойын-сауық орталығының маңында қонақтар мен қала тұрғындары үшін қол жетімді тегін сырғанау алаңы ашылды.

Бұл туралы ақпараттық-спорттық желісі хабарлайды.

Мұз айдыны екі техникалық үзіліспен тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді (мұз айдынының жағдайына байланысты).

Жалпы ауданы 722 шаршы метр.

 Демалыс күндері сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін және жұмыс күндері сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ашық фастфуды бар және коньки жалға беріледі.

Коньки жалға алудың құны - сағатына 600 теңге. Сондай-ақ, конькимен тегін келуге болады.

Бұрын осындай мұз айдындары 1 желтоқсанда Жібек жолы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында және  ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы алдында ашылған. Олардың ауданы 800 және 840 шаршы метр.   

Бірнеше күннен кейін тегін сырғанау мұз айдыны Әуезов ауданы Жандосов көшесіндегі Дубок шағын ауданында (жалпы ауданы 924 шаршы метр), Бостандық ауданында «Villa le Fiori» кешенінің аумағында (600 шаршы метр), Медеу ауданындағы «Спартак» стадионында,  Орталық мәдениет және демалыс саябағында (800 шаршы метр), Алатау ауданындағы «Саялы» шағын ауданында және Наурызбай ауданында № 174 мектеп-гимназиясының аумағында  ашылады.

Конькиді жалға алу бағасы мен мұз алаңдарының жұмыс тәртібі бірдей.  Бәрі жаппай коньки тебуге арналған. Коньки тебу ауа райы жағдайына байланысты қыс мезгілінің аяғына дейін, мүмкін наурыздың ортасына дейін жұмыс істейтін болады. Жоба Алматы қаласының әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр. 

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Новости партнеров

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.