Туған ұлын зорлаған бұрынғы мектеп директоры сотталды
Туған ұлын зорлаған бұрынғы мектеп директоры сотталды

Туған ұлын зорлаған бұрынғы мектеп директоры сотталды

Алматы облысында өз  ұлын зорлады деп айыпталған бұрынғы мектеп директоры 16 жылға сотталды. Бүгін сот үкімі жария болды.  

Төрт баланың әкесі, 35 жастағы  еркек қылмыстық жазасын қатаң режимдегі колонияда16 жыл өтейтін болады, - деп хабарлады Алматы облыстық сотының  баспасөз қызметі.

 Талғар аудандық сотында жабық режимде өткізілген сотта айыпталушы ҚР ҚК  121 бабы 4-ші бөлігі және 107 баптың 1-ші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Сотталған азамат кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу және  мұғалімдік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетсек, айыпталушы, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 9 жастағы туған ұлын бірнеше жыл қатарынан зорлап келген.

«Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылында мектеп директоры болған. Ол өз еркімен 31 шілде күні жұмыстан шығып кеткен», - деп мәлімдеді Алматы облыстық білім басқармасы.   

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Новости партнеров