2018 жылға қанша «Болашақ» стипендиясы көзделді
2018 жылға қанша  «Болашақ» стипендиясы көзделді

2018 жылға қанша «Болашақ» стипендиясы көзделді

2018 жылға 555 «Болашақ» стипендиясы көзделді.

 ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекеттік хатшы білімнің жаһандық экономикасында бәсекеге түсе алатын үміткерлерді сапалы іріктеп алу үшін тиісті шара қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, меритократия қағидатын ұстану қажет.

 Сондай-ақ «Болашақ» стипендиясының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған жоспары мақұлданды, 2018 жылғы Басым мамандықтар тізбесі бекітілді.

Жаңартылған тізбе еліміздің Үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруға бағытталған 160 мамандықтан тұрады. 2018 жылға 555 стипендия бөлу көзделді.

Биыл стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 309 үміткерге тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма бер

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии или войдите как гость


Имя:

Адрес (оставьте пустым):

Сообщение:

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Новости партнеров

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.