Гүлнұр Нұржауқызы
Гүлнұр Нұржауқызы

Гүлнұр Нұржауқызы

Должность: Астана бюросының тілшісі

Опыт работы: Республикалық «Ұлан» балалар газеті, «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Эра-Тв» ЖШС «Жетінші арна» тілші, Жаңалықтар бөлімінде аймақтар қосынының жетекшісі, продюсері. КТК арнасында 2012 жылдан қызмет атқарады.

Журналистка  магнит секілді өзіне тартады да тұрады.  Сол «магнитті» бойына 13 жасында «жабыстырып» алды. Республикалық балалар басылымына ресми түрде «жас тілші» атанды. Тілшілік тіршілікпен  жүріп Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтан Қалиев, Ұзақбай Доспанбетов  сынды ақын-жазушылардың ақылын тыңдап өсті. Мектепті бітіре сала  сүйікті басылымын телевизия жанрына  айырбастады. Осылайша бала кездегі дәрігер боламын дейтін арман  ұмыт болды.  Ақ халатты абзал жанға айналмаса да,  «Қайырымдылық жасасаң,  қайырын өзің көресің» деп келеді.  «Кең болса, кем болмайтынын» ата-әжесінен естіп өскен.  Телевизия  саласында бірқатар  бағдарламалардың авторы.  Алматы мен Астана қалаларындағы түрлі  қоғамдық-саяси жастар  ұйымдарының жұмысына белсене ат салысты.   2008 жылы Астана қаласындағы алғашқы жастар мәслихатына депутат болып сайланды. Өзінен кейінгі жас журналистерге айтары: «Ой қайталама, сөз қайталама».  Отбасында сүйікті жар,  екі ұлдың анасы.  

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.