Саят Сабдалы

Саят Сабдалы

Должность: Қарағанды облысындағы меншікті тілші

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.  Студенттік жылдары Жетісудан  Арқа төсіне ауысып, Қарағандыда тұрақтады. Мамандығы - алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі.  Журналист болам деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген.  Алғашында жергілікті арнада жұмыс істейтін бір қызға ғашық болып, соған жақын болу үшін редактордың  «спорт тақырыбында жаза аласың ба?»  дегеніне құлдық деп,  аяқ астынан тілшілік қызметке кірісіп кетті. Содан кейін жергілікті арнаның бас редакторы қызметіне дейін жұмыс атқарды. «Азаттық»  радиосында, одан кейін «Стан тв» интернет бейнепорталдарының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болды. 2011 жылдың қараша айынан бастап КТК телеарнасында қызмет атқаруда. Қолы қалт еткенде кітап оқиды. Үйленген, екі баланың әкесі. 

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.