Той BestStar

Сенбі, сағат 00:00

 

«ТойBestStar» - тойдың барлық ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп қолға алынған жоба. Нағыз халықтық думан «Еліміздің ең басты тойы» деп бекер аталған жоқ. Әр қазақ тойының төрінен көрінетін құрметті қонақтар, асабалар, кәделер, әңгімелер, ойындар толық қамтылған. Бағдарламаның шығармашылық тобы әр қонақтың кәсібі мен өміріне орайластырған ойындарын іске асырып, әр қонақты жаңа қырынан ашуға, басқа да қасиеттерін көрсетуге тырысады.

«Тойжарыс» - еліміздің әр түкпірінен келіп жатқан қызықты той түсірілімдері.  Тойдағы ерекше құттықтаулар, қызықты билер, ойындардың видеолары «Тойжарыс» арқылы көпшілік игілігіне жарады. Ал үздік бейнекөрініс иелері «ТойBestStar» атаған жүлдені жеңіп алады.

«Тойфактор»  - той-бизнесінде жүрген кез келген орындаушы түрлі қиындыққа тап болады. Тапсырыс берушінің қиялына орай ерекше орындау немесе аяқасты пайда болған кедергілерге қарамай әнін аяқтау – әншінің  міндеті. Шеберлігіне орай «5 жұлдызды той жұлдызы», «4 жұлдызды той жұлдызы» және «3 жұлдызды той жұлдызы» сертификаттары табыс етіледі. Тапсырманы орындай алмағандарға бос жұлдыз да дайын. 

Жаңа маусымда  жаңа айдар!

 «Той жаршы» - әр өңірде болып жатқан тойдан түсірілген репортаж.  Қазақ шаңырағында болып жатқан тойдың сәні мен салтанатын барша қазақстандық тамашалайды.

Өз тойын «ТойBestStar» бағдарламасында көргісі келген кез келген көрермен арнайы тілшіні тойға шақыру мүмкіндігіне ие.

Судай жаңа айдар -  «Асабалар аламаны»!

Бірінші маусымда «ТойBestStar» төрінде елімізге танымал асабалар өнер көрсетсе, бұл маусымда әр аймақтың үздік асабаларын бәйгеге қосып, соңында ең мықты асабаны ел болып таңдайды. Жарыса қатысушыларға ешқандай шектеу жоқ. Тек өзінің асабалық қасиетіне сенсе болды. Әр апта сайын өнер көрсеткен асабаға көрермен СМС арқылы дауыс береді. 

Бағдарламаға қонақ болып келу үшін көрермен көзайымы болу қажет. Әлеуметтік желілерде, халық арасында қызығушылық тудырған, болмаса ел аузында жүрген  танымал адам қонақ бола алады.

«ТойBestStar» қашан да халықпен бірге. Халықтың тыныс-тіршілігі, қажеттілігі мен сұранысы әр қойылымда, әр ойында, әр жарыста көрініс табады.

 

0 36712

Той BestStar

Той BestStar / 27 маусым 23:55

ЛУЧШИЕ ВЫПУСКИ

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.