{metadescription}
«Оңай» картасымен тегін жүретін азаматтар анықталды!

«Оңай» картасымен тегін жүретін азаматтар анықталды!

Бүгін, 18 ақпанда Алматы қаласының аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелерінде жеңілдік берілетін жаңа тізімдегі азаматтардың «ОҢАЙ» карталарын жасауға өтініш қабылдау басталды. Рәсімдеуге екі-ақ құжат қажет, - деп хабарлайды КТК арнасының тілшісі.

Тегін жүруге құқылы:

- ҰОС қатысушыларына теңестірілген азаматтар;

- 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

- 50%-дық жеңілдік:

 - көп балалы аналар (18 жасқа толмаған 4 және одан да көп балалы аналар).

Жеңілдігі бар жол жүру картасын алу үшін тіркелім орны бойынша Алматы қаласының аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелеріне келуі тиіс. Өзімен бірге  жеке басын куәландыратын және жеңілдікті растайтын құжат алып келуі тиіс.

Анықтама:

- Алатау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағдарламалар бөлімшесі - Шаңырақ-2, Жанқожа батыр көш., 26;

- Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі, Сейфуллин даңғылы,577, Шевченко көш. қиылысы;

- Әуезов ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі – 3-ші ықшамаудан.,Абай көш., 41, Сайын көш. қиылысы;

- Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі - Жандосов көш., 2, Байзаков көш. қиылысы;

- Жетісу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі - Мақатаев көш., 142, Сейфуллин көш. қиылысы;

- Медеу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі - Төле би көш., 12, Қалдаяқов көш. қиылысы;

- Түрксіб ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі; Зорге көшесі 18, Шолохов көшесінің қиылысы;

- Наурызбай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі  Қалқаман ықшамауданы, 24-ші үй.  

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС электронды билеттің арқасында жолаушылар легінің нақты санын, көлеңкелі айналыста жүрген жолақы төлемдері мен жеңілдікке мұқтаж адамдардың қанша екенін анықтау жоспарлаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде