{metadescription}
Дағдарыс қашан аяқталады және экономикамыз қалыпты жағдайға қашан орнығады – Келімбетов

Дағдарыс қашан аяқталады және экономикамыз қалыпты жағдайға қашан орнығады – Келімбетов

Еліміздегі дағдарыс қашан аяқталады және экономикамыз қалыпты жағдайға қашан орнығады? Қазақстан  дағдарысты еңсеруде қандай стратегия таңдады?  Теңге бағамы қандай болмақ? 

Бұл сауалға XIII Еуразиялық медиа форум залының сыртында болған әңгімесінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов КТК арнасының тілшісіне айтып берді.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша, еліміздегі қазіргі экономикалық қиындықтар рыногымызда ең мықты «ойыншыларды» қалдырады.

 «Бастапқы бес жылда белгілі бір дәліз орнайды. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ – ОПЕК) 2020 жылға дейін баррель 80 доллар болатынына сенімді. Ал   өндірушілердің  бірі «тірі қалса», екіншісі  құрдымға кетеді.  Кейбіреулер  мына қиын экономикалық жағдайда «аман қалу» үшін олардың жинаған қоры бар деп санаса, ал екіншісі қазір тренд өзгерген, бәрі құбылмалы және аталмыш  жағдайға  қатпарлы факторлар әсер етеді, көптеген ұсыныстар мен, жалпы бүкіл әлем белгілі бір өзгеріске – баламалы табыс көздеріне ауысады деп санайды», – дейді Келімбетов.

Оның айтуынша, әлем қауымдастығы «жасыл экономика» қағидасына бейімделгеніне қарамастан, алдыңғы он жылдықта мұнай өте маңызды рөл атқаратын болады. 

 «Естеріңізге сала кетсем: 2008 жылы әлемде көмір бағасы дүниежүзілік қоғамдастықтың жұмылдырылған күшінің арқасында 140 доллардан 40 долларға дейін төмендеген болатын. Бұл дегеніміз – қоғамдастықтың  жасыл экономика қағидасы – баламалы энергетикаға бейімделуде. Ол қатты әсер етті. Ал қазір сол қағида мұнайға әсер ете ме?

Ұзақ  мерзімді мағынада – жоқ, -  деп есептеймін.  Алдағы  15-20  жылда  мұнай өте маңызды рөл атқармақ. Бұл жердегі басы сұрақ: мұнай бағасының шарықтау  бағасы  қай  дәлізде болады? "АйЭйчЭс"  компаниясының айтуынша, алдағы екі жылда орташа баға кезеңмен көтеріле  бастайды:  40 доллар маңайында , келесі жылы –  50 шамасында болмақ. Бірақ тағы да айтамын, бұл  - шешім табудың талпынысы ғана. Дегенмен, біздің байқауымызша, ол орындалып келеді», -  деді ол.

Қазақстан  дағдарысты еңсеруде қандай стратегия таңдады? 

«Қандай да бір есеңгіретін жағдайға дайын отырмыз. Елімізде ұлттық қор құрылған, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім беруге арналған  қомақты инвестицияларымыз бар, үлкен институционалды  реформалар бар,  инфляционалдық нысаналауға ауыстық. Қазір экономикамызда басқа секторлар мен қаржы орталықтарын құрып жатырмыз.  Менің  пайымдауымша,  алақан жайып өзгеден жәрдем күтіп отырғаннан көрі, бұл -   - дұрыс  табылған шешім. Адамдарды сауатты институттарға инвестициялай беру қажет. Ол  - қандай қиын жағдайда ах ұрып қалдырмайтын ең дұрыс стратегия. Мен мұнай бағасының өскенін қалар едім. Әрине, ол – жайлы, қолайлы. Бірақ, қаншалықты ауыр болса да,  біз белгіленген реформаларды өткізуіміз қажет. Ол біз үшін екпе тәріздес», - деді Келімбетов.

Теңге бағамы қандай болмақ? Елдегі дағдарыс қанша созылады?

 «Бұл сұрақ маған қойылмауы тиіс еді, дегенмен  қазір әлемдегі  құбылмалылықты ескерсек, ол әлі де бола бермек. Сараптамашылардың ойынша, ең қорқынышты болжамдар – орындалып кеткен. Ал дағдарыс жайлы айтсам, ол әлемдегі орын алатын өзгерістермен байланысты. Біздің еліміз үшін мына үш фактор өте маңызды: Бірінші – жаһандық  экономика  қалпына келе бастайды, соның ішінде Ресей мен Қытай – дүниежүзілік екіұштылық жойылғанда. Ол өте үлкен – АҚШ-ғы сайлау, Еуроодақтан Ұлыбританияның шығуы туралы мәлімдемелер,  босқындар дағдарысы, Қытайдағы экономикалық өсімнің бәсеңдеуі  – осының бәрі  әлемдік инвестициялық қоғамдастықтың жүйкесіне әсер етуде.  Капиталдың дамыған рыноктардан жайлы «жұмақтарға» ығысып бара жатқанын байқап отырмыз.  Мұнай бағасы да бізге әсер етуде. Болашақта, 3-4 жыл көлемінде,  жоғары трендтерді  кеңейту  жағына қарай  теңгеріледі.  Ресей мен Қытайға қатысты жасалған болжамдарды  ескерсек,  2017, 2018, 2019 жылдарда   тұрақты өрлеу бар.  Үкіметіміз  жүргізіп отырған үлкен реформалармен қатар  біз тұрақты өрлей бастаймыз – бір пайыздан жоғары. Ал қазіргі уақытта тіпті осы бір пайыздың өзі  - үлкен жетістік», –  деп  Келімбетов сөзін қорытты.

Естеріңізге сала кетсек, 21 сәуірде Астанада XIII Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанаты өтті. Айтулы шараға әр елден  400 делегат қатысуда. Форумда  қазіргі заманның ең өзекті мәселелері, сондай-ақ  экономикалық дағдарыс туралы талқыланып, өзара пікірлерімен бөліседі. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.