{metadescription}
Танымал турлардың бағасы қандай? Жазғы демалыс...

Танымал турлардың бағасы қандай? Жазғы демалыс...

Жыл он екі ай еңбек етіп қажыған әрбір адам еңбек демалысын жақсылап өткізгісі келеді. Бірақ,  қазақ еңбек демалысын тиімді өткізе ала ма? Жасыратыны жоқ, жыл сайынғы демалысын кез келген кісі ала алады деп айту қиын.

Демалысқа шыққандардың өзі еңбек демалысын лайықты өткізуі екіталай. Ал шетелде демалуды  тек ауқатты қазақстандықтардың  ғана қалтасы көтеретіні анық. Дегенмен Қазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) сарапшылары сұранысқа ие пакеттердің бағасын  жариялап, қазақстандықтар үшін 2016 жылы маусым айына қолжетімді бағыттарды атады, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен, биыл елімізде туристер сұранысына көбірек ие:

Алакөл. Мұнда соңғы 15 жыл бойы туризмді дамытумен айналысуда. Жыл сайын жаңа демалыс аймақтары, пансионаттар бой көтеруде. Алматыдан көлікпен шықсаңыз, жолға 16 сағат кетеді. Танымал пансионаттарда 7 000 – 18 000 теңге;

Балқаш. Көл үш - Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан. Отбасына арналған пансионаттар мен қонақ үйлер – 7000-12 000 тг;

Бурабай. «Екінші Швейцария» аймағындағы демалыс 6200 теңгеден басталады. Бұнда санаторий, пансионаттар, қонақ үйлердің бағасы 6200 – 30 000 теңге. 

Ал төмендегі топтамада екі адамға арналған баға көрсетілген. Толық пакет: ұшу, отельде тұру (7 күн/6 түн немесе чартер бағдарламасы бойынша), тамақтану, топтық трансфер (виза мен сақтандыру полисі кірмейді). 

Грузия. Бұл елге деген қызығушылық ерекше. Батумиға Алматыдан ұшсаңыз бастапқы баға - 392 942 тг, Астанадан – 496 064 тг. Туристердің айтуынша,  жазда Батуми  қарақұрым демалушыларға толы. Шағын топпен демалғысы келетіндер үшін қаланы аралап, алаңдар, ғибадатханалар, теңіз бекеттері мен саябақтарды тамашалауға мүмкіндік бар.

Беларусь елі. Астана-Минск-Астана және аталмыш республикада бір апта болу үшін қазақстандықтар 562 790 тг. 

Сочи. Төменгі баға - 457 007 тг. Сочи - Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы көрікті жағалауларының бірі. Ұтымды жері: климат, өсімдіктері, теңіз тұнықтығы, қайталанбас сәулеті.

Біріккен Араб Әмірлігіне баға 254 435 теңгеден басталады. Астанадан, Алматыдан Дубайға ұшуға болады.

Алматыдан Шарджыға рейс бар. Бұл қала БАӘ-не бюджеттік демалысты көздеген туристерге жақсы ұсыныс. Шарджының  Дубайдан айырмашылығы: алкогольді ішімдік ішуге, ашық-шашық киініп жүруге қатаң тыйым салынған. Duty-free және кальян мұнда жоқ.  

Түркия, Анталия. 346 436 теңгеден басталады.  

Грекия. 562 790 тг – Астанадан, 521 900 тг – Алматыдан.

Таиланд. Бангкокке дейін 441 807 теңгеден басталады. 

Мысыр. Шарм-эль-Шейхке ұшып барып-келу және демалыс 529 308 теңгеден басталады.

ҚТА директоры Рашида Шайкенованың айтуынша, елімізде былтырмен салыстырғанда шетелдік жолдамалар қымбаттап кеткен. Әрине, бұған себеп, теңге бағамына енгізілген түзету және инфляциялық шектеу.

«Жоғары девальвацияның әсерінен, әрине, Қазақстандағы шетелге жолдамалар қымбаттады. Өйткені, шетелде демалу, туризм – барлығы шетел валютасымен тікелей байланыста.  Шетел валютасының бағамының жоғарылағанына қатысты шетелде демалу да қымбаттады. Алайда біздің жаппай бағытымыз өз қызметіне бағаны өсірген жоқ. Тіпті  қазіргі экономикалық ахуалды ескерсек, біздің партнерларымыз  -  отель қызметкерлері, туроператорлар отель бағасына барынша жеңілдік жасауда», – деді Шайкенова.

Түйіндей келсек, әрбір демалушы сервисі төмен, бірақ бағасы қымбат отандық орындарда емес, қызмет көрсетуі де жоғары, бағасы да бірқалыпты шетелде демалуды жөн санайды. Сондықтан туризм саласына жүйелілікті енгізетін мезгіл туып отыр.

Дайындаған: Заира Сабитова

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде