{metadescription}
Жоғары білім алған жас мамандар борышын қалай өтеуі тиіс?

Жоғары білім алған жас мамандар борышын қалай өтеуі тиіс?

Елімізде бес жүзден астам грантпен білім алғандар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуден бас тартуда. Олар өз  мамандығына және жұмыс істеуі тиіс жерге көңілі толмайды екен. Педагог, дәрігер, мал дәрігері өз дипломына сәйкес жұмыс іздеуге тіпті сотпен үркіткенсең де, пысқырмайды.

Грантпен білім алған түлектердің еңбекпен өтеу ережесі қандай?

Редакциямызға хабарласқан еліміздегі жетекші жоғары оқу орнының түлектері осындай сұрақ қойды. Айтуынша, оқуға түскен кезде оларды ешкім оқу бітірген соң үш жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істеу қажеттігін ескертпеген. Тіпті қазір де оқытушылардан толық ақпарат ала алмай отырған көрінеді. Дегенмен диплом мен диссертация қорғаудың алдында болашақ жұмыс орнынан анықтама әкелуді талап етеді екен.

ҚР «Білім туралы» заңында «еңбекпен өтеу міндеттемесін орындамаған жас маман бюджеттің оның оқуына жұмсаған шығынын өтеуі тиіс» деп анық жазылған.

Бұл мәселе жөнінде ҚР БҒМ  және Жоғары оқу орнынан кейін білім беру департаментінде былай деп айтты:

«Еңбекпен өтеу міндетін орындамаған түлектердің  саны қазір  – 553. Оның ішінде 20-сы қарызын толық өтеді. Ал қалған түлектермен қарызын қайтару туралы  және  сотқа жеткізбей,  міндетті түрде жұмысқа орналасу туралы  жұмыс жүргізілуде».

Грантпен оқығандарға жұмсалған мемлекет қаражатының  орындалу барысын «Қаржы орталығы» АҚ қадағалайды. Ол жас мамандарды жұмысқа бағыттап, болмаса мәселені шешу үшін сотқа жібереді.

«Жоғары оқу орындарында  жыл сайын  жас мамандардың   әрқайсысына жұмыс бөліп беру туралы комиссия құрылады.  Жұмыс бөліп беру жергілікті атқару органдардың (әкімдіктер – Ред.) аймақтағы кадр тапшылығына берілген өтініштері  негізінде жүзеге асырылады», - деді министрлікте. 

Диплом алған маман  тиісті жұмыс орнына келген соң, ҚР ҒБМ мәліметіне сәйкес, әкімдік оның тағдырын қадағалап отырады. Министрлік жыл сайын әкімдіктен кадрлардың жұмыстан шыққаны, қайда орналасқаны туралы барлық мағлұматты алып отрады. 

Қазақстанның қай өңірінде және қандай мамандық тапшылығы байқалады?

Елімізде жас мамандар Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына өте қажет.

Педагогикалық мамандықтар: бастауыш сынып мұғалімі, математика, ағылшыл тілі, физика, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР «Білім беру» заңына бірқатар өзгертулер енгізілген:

«Квота бойынша педагогикалық, медициналық, мал дәрігері мамандығы бойынша ауыл жастары есебі бойынша оқуға түскен азаматтар, оқуын бітірген соң, сәйкесінше, ауылдық елді-мекендерде орналасқан мемлекеттік білім беру, медициналық  ұйымдары мен мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде , кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті».

Мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде педагогикалық  және медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтар оқуын бітірген соң мемлекеттік білім беру және мемлекеттік медициналық ұйымдарда, кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандық оқып шыққан азаматтар ҚР Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша, кем дегенде  үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде  философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітірген соң жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда, кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылық мамандығы бойынша квотамен оқуға түскен ауылдық жердің азаматтары оқуын бітірген соң, білім алған аймақта, кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде